Ма?саты: О?ушыларды? білім де?гейін аны?тау, логикалы? ойлау ?абілеттері мен жа?даяттан шы?у да?дыларын дамыту, танымды? белсенділіктері мен п?нге ?ызы?ушылы?тарын арттыру. О?ушыларды? а?паратты? м?дениетін ?алыптастыру. О?ушыларды к?пшілік ортада с?йлеуге ж?не ?з ойын еркін айта алу?а да?дыландыру, жылдамды??а, ?йымшылды??а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекіліктер: Плакаттар, тапсырмалар, слайдтар, электронды оқулық.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Өту реті:
Таныстыру. (әр топ өзін таныстырады, топтың аты, ұраны)
Бәйге
Полигот
Ойлан тап
Ғажайып жетілік
Жорға
Физика әлемі
Қорытынды
1-жүргізуші: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған физика пәнін сүйер қауым!
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз-деп, ұлы Абай айтқандай, қатысушыларға тапқырлық тілей отырып, «Физика-өмірде» атты сайысымызды бастаймыз.
2-жүргізуші: Достық пен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып, әділ қазым,
Еңбегін тапқырыңның әділ сына.
1-жүргізуші: Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстардан неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл.
2-жүргізуші: Ең алдымен сіздерді осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1-жүргізуші:Бүгін біз әрдайым білімділігімен, тапқырлығымен, алғарлығымен танылған 9 сынып оқушыларын ортаға шақырамыз.
Табиғатты зерттеудің қандай тәсілдері бар? (Ғылыми бақылау, тәжірибе)
Астрономияда пайдаланылатын ең басты құрал не? (Телескоп)
Денелердің еркін түсу үдеуімен қозғалуын зерттеген ғалым? (Галилей)
Материялық нүктенің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кететін уақыт? (Период)
Өзіне кез-келген жиіліктегі сәулелердің энергиясын толық жұтып алатын дене? (Қара дене)
Атом құрамын зерттеген ғалым? (Резерфорд)
Дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама (Энергия)
12 шоқжұлдыз (зодиак)
1-жүргізуші:-Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін білсеңіз, 30 ұпай, шәкірт саған несібе,- дей отырып, ойынымыздың екінші кезеңін бастаймыз.
2-жүргізуші: Ойынның екінші кезеңі «Полигот» деп аталады. Бұл кезеңде сұрақтар жасырылып, жауабы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне аударылады. Жауаптарын дұрыс айтқан топтарға 30 ұпай беріледі.
1-жүргізуші:
Аса қажет өмірге халық үшін
Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, enerqi)
Бетін адам ашады, білім нұрын шашады. (кітап, книга, book )
Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)
Экрандағы төрт бұрышты аймақ. (терезе, окно, window )
Батырмасын бассаң, қажетті файылды ашасың. (тышқан, мышка, mouse)
Бойы екі қарыс, сыйып тұр жиырма бес арыс. (сызғыш, линейка, ruler)
2-жүргізуші: Білім деген-биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген-ақылшың,
Қиындықтан өткізер.
Ойынымыздың келесі кезеңі «Ойлан тап». Бұл кезеңде әр топқа формулалар беріледі. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып формулаларды дұрыс жазу керек.
1-жүргізуші: - Келесі кезеңіміз- «Қасиетті жетілік». Табиғаттың тылсым сыры көп. Көшпенділер ұғымында тәуліктің өзі жеті бөлікке бөлінген. Таңсәрі, сәске, түс, бесін, қызыл іңір, ақшам түн.
2-жүргізуші:-Аптада жеті күн бар. Бір ғажабы, бұл атаулар-өзгермейтін өлшем бірліктер. Қазақ халқында жеті саны киелі болып саналады.
1-жүргізуші:-Сонымен, «Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» деп білім тұлпарларын «Қасиетті жетілік» ойынына шақырамыз.
2-жүргізуші: Ойынның шарты: әрбір топ кезектесіп ұяны ашып, сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар жеті пән бойынша берілген.
Физика пәні (30ұпай)
1895 жылы ауасы сорылған түтіктердегіэлектр тогын зерттеу үстінде ерекше сәулелердің пайда болатынын байқаған ғалым кім? (В. Рентген)
Информатика пәні (20 ұпай)
Компьютерден енеді, қағазға басып береді. (Принтер)
Тарих пәні (30 ұпай)
Түрік қағанаты Батыс, Шығыс болып қай жылы бөлінді? (603 жылы)
География пәні (30ұпай)
Ф. Беллинстаузен мен М. Лазарев басқарған экспедиция 1820 жылы 28 қаңтарда қандай материкті ашты?
5. Қазақ тілі (20ұпай).
Қазақ тілінде септіктің қанша түрі бар? (7, атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс,
көмектес).
6. Биология (10ұпай)
Вирус дегеніміз не? (жасушасы жоқ өте ұсақ ағзалық зат.)
Математика (10ұпай)
«Алгебра» қай елдің сөзінен шыққан, мағынасы? (араб сөзі, «Ал-джебра» қалпына келтіру).
1-жүргізуші: Ендігі сөзді әділқазыларға береміз.
2-жүргізуші: -Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы –ой. Ақылды ой, алғыр сөз-адамның ең жоғары қасиеті. Осындай ойлардан ой туып, «Шапқан озар, жатқан қалар», деп кезекті келесі кезең «Жорға» жарысына берейік.
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі және сұрақтарға нақты жауапты 1 минутта айтып үлгеру керек. Әр дұрыс сұраққа -10 ұпай.
А конверті.
Грекше «фюзис» қандай ұғымды білдіреді? (Табиғат)
Физиканың «Бірінші ұстазы» кім? (Аристотель)
Күн құрылысында неше планета бар? (9 планета)
Ньютонның екінші заңының формуласы? (F= ma)
Әртүрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы? (Шу)
Күшті өлшейтін құрал? (Динамометр)
Уақыттың өлшем бірлігі? (Секунд)
Сынапты термометрмен жұмыс жасағанда абайлау керек неге? (Сынап улы болғандықтан)
Қуаттың өлшем бірлігі? (Ватт)
Ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан ғалым? (Ом)
Б конверті.
Грекше «астрон» қандай ұғымды білдіреді? (Жұлдыз)
Физиканың екінші ұстазы кім? (Әбу Насыр Әл-Фараби)
Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал? (Ареометр)
Жылу берілудің неше түрі бар? (3, жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекция)
Кинетикалық энергияның формуласы? (Eк = mϑ2/2)
Амперметрді қалай қосады? (Тізбектей)
Иінді таразыларды не үшін қолданады? (Дененің массасын өлшеу үшін)
Аспан денелерін тексеретін құрал? (Телескоп)
Ұзындықтың өлшем бірлігі? (Метр)
Ток күшінің бірлігіне нені қабылдайды? (Ампер)
В конверті.
Ең бірінші ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ ғарышкері кім? (Т. Әубәкіров)
1 сағатта қанша минут бар? (60 минут)
Пішіні мен көлемін сақтай алмау қандай күйге тән қасиет? (Сұйық)
Заттың ең кіші бөлшегі? (Молекула)
Массаның өлшем бірлігі? (Килограмм)
Тығыздықтың анықтамасына сай формула? (ρ=m/v )
Токтың қуатын өлшеуге арналған аспапты ата? (Ваттметр)
Электр сыйымдылығының өлшем бірлігі? (Фарад)
Тізбектегі кедергіні өзгерту үшін қандай құрал қолданады? (Реостат)
Күшті өлшейтін құрал? (Динамометр)
1-жүргізуші: Физика патшалығы өмір сүрген,
Заңдары салыныпты дара тілмен,
Патшалыққа саяхат жасай жүріп,
Әр адам патшалықтың сырын білген –дей келе келесі кезең «Физика әлемі». Әр топ бейне көрініс бойынша физикалық құбылысты кім және қай жылы зерттегені туралы айтып беру керек.
1-жүргізуші: Қиындық пәннің, сірә, биіктігі,
Оқушыны танытар біліктігі.
Физика саласын қалағандар,
Шыңына жетер ылғи жеңіп түбі.
2-жүргізуші: Төрағасы, төре билер, жюрилер,
Әділдікпен кеңес құра білдіңдер,-дей отырып, әділқазы алқасына кезегімізді берейік: Жеңімпаз топтарды марапаттау рәсімі.