kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Білімділер сайысы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: Білімділер сайысы

Саба?ты? ма?саты: о?ушыларды? белсенділігін, логикалы? ойлау ?абілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой ашпша?дылы?ына, тап?ырлы??а, т?зімділікке баулу.

саба?ты? барысы

?йымдастыру

1-кезе?: ?ызы?ты с?ра?тар

2-кезе?: "Білімдіге д?ние жары?, білімсізді? к?ні ?аріп"

3-кезе?: О?ы, тез, тап

4-кезе?: ?ызы?ты т?жірибе

5-кезе?: Капитандар сайысы

?орытынды

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Білімділер сайысы »

Восход жалпы орта білім беретін мектебі








Тақырыбы:

«Б і л і м д і л е р с а й ы с ы»

(8-9сынып)









Мұғалімі: Н.М.Максутова










2010-2011 оқу жылы

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Ақсоғым ауылы

Восход жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәнінің мұғалімі Нургул Мирмановна



Білімділер сайысы

Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым – қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Оқушылардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру, өздігінен ізденуге, зерттеуге, тұжырымдар жасауға баулу. Сабақ процесінде ақыл-ойын дамыту арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ


Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу,ойын, практикалық


Сабақтың көрнекілігі: Ғалымдар суреті, 4 плакат,сиқырлы кубик, формулалар жазылған қағаздар, құрастырмалы формулалар жиынтығы, сыйлықтар.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру

1 – сайыс. Қызықты сұрақтар

2 – сайыс. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!»

3 – сайыс. Оқы, тез, тап.

4 – сайыс. Қызықты тәжірибе

5 – сайыс. Капитандар сайысы.

  1. Қорытынды.


1 – сайыс. Қызықты сұрақтар. Бұл кезеңде екі топқа қызықты сұрақтар қойылады.

  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)

  3. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  4. Көзіңмен көресің, бірақ қолыңмен ұстай алмайсың? (көлеңке)

  5. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

  6. Стакандағы суды ішіп қойса, ішінде не қалады? (ауа, бу)

  7. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  8. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  9. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (Уақыт)

  10. Көптеген құстар бір ғана биіктікте қанатын қақпай-ақ қалықтап тұра алады. Неліктен? (ауа ағысы құстың қалықтап тұруын қамтамасыз етеді.)

  11. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)

  12. Мұз қандай күйге жатады? (Қатты күйге)

  13. Адамның шашын, қасын, мұртын, аязды күні қырау шалатыны неліктен? (тыныс алғанда шыққан бу суықта конденсациялады.)

  14. Неліктен вертикаль жоғары лақтырылған доп жерге түседі? (себебі әлемдегі барлық денелер бір-біріне тартылады. Бұл жағдайда допқа Жер тарапынан тартылыс күші әсер етеді)

  15. Қандай күштің әсерінен бұлттан пайда болған бұршақ жерге жауады?

( бұршақ ауырлық күшінің әсерінен жауады)

  1. Аузы тығындалған бөтелкеге жартысына дейін су құйылған. Бөтелкенің жоғарғы жағында су жоқ деп айтуға болады? (бөтелкенің жоғарғы жағында су болады, бірақ ол басқа күйде, газ тәрізді, су буы түрінде болады)

  2. Неліктен стол үстіндегі сия дақтарын ол төгілісімен тазарту оңайырақ та, ал ол кепкеннен кейін тазарты қиынырақ? (егер дақ пайда болған мезеттен бастап көп уақыт өтпеген болса, онда бояушы заттың молекулалары материалға терең еніп үлгермейді. Уақыт өткен сайын бояудың ену терңдігі болып жтқан диффузияның салдарынан арта түседі де дақты кетіру қиынға түседі)

  3. Неліктен жүк көтеретін кранға жүкті дереу қатты көтеруге болмайды? (ілініп тұрған жүк өзінің тыныштық күйін сақтауға тырысады. Ал кран жүкті дереу көтергенде жіп үзіліп кетеді инерция құбылысы)

  4. Басқа денелер әрекетін тигізбегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысы, ол....? (инерция)

  5. Неліктен тайғақ, мұзды жолдарда құм төсейді? (үйкеліс күшін арттыру үшін)


2 – сайыс. «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп!»

Бұл сайыста жұмбақтар шешіледі. Жауабы физика тілінде 1-2 сөзбен түсіндірілуі керек?

  1. Алтын теңге кетеді, Күміс теңге келеді? (Күн мен ай – табиғи жарық)

  2. Отқа жанбас суға батпас (мұз – заттың қатты күйі)

  3. Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді ( су – сұйық күй)

  4. Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым (шаңғы – сырғанау үйкелісі, қысым)

  5. Жылдың 4 мезгілінде де, мазасызданады ол неге? (жел - конвекция)

  6. Бұлтты аспанның жүзінде, Ойнайтын бұл немене? (найзағай – оң теріс заряд, табиғи жарық)

  7. Өзі затты құрайды, теңесуге таразы сұрайды(масса – физикалық шама)

  8. Қрмен бір жүргенде, сықырлайды ол неге (сынады – қатты дене)

  9. Тұмсығыен қозғалар, соңында аппақ із қалар (бор – жұғу құбылысы)

  10. Көк лағым көген сүйрейді (ұршық – шеңбер бойымен қозғалыс)


3 – сайыс. Оқы. Тез. Тап.

9 – сынып.

  • Тербеліс периоды 1 с болтын математикалық маятниктің ұзындығы неге тең? Тербеліс периодының формуласынан ; = 25 см

  • Минутына 3000 айналым жасайтын бу турбинасының бұрыштық жылдамдығын анықтау керек. =50 c-1 =2 =2∙3.14∙50=314 рад/с

  • Лифт 1,5 м/с2 үдеумен вертикаль жоғары қарай көтеріледі. Лифтідегі жүктің массасы 50 кг. Жүктің лифт еденіне түсіретін қысым күшін анықтаңдар. Р=m(g+а) Р=50∙(9,8+1,5)=575 Н

8 – сынып.

  • Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, ал оның кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?

  • Электр су қайнатқышы 4 А ток күші мен 120 В кернеуге есептелген. Су қайнатқыштың қыздыру элементін дайындау үшін қажет нихром сымының ұзындығын табыңдар. Көлденең қимасының ауданы 0,39 мм2 =11.14 м

  • Массасы 1,5 кг алюминий бакқа массасы 10 кг су құйылған. Бактағы суды 200С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? Q1=c1m1(t2-t1) Q1= 920∙1,5∙80= 110400Дж Q2=c2m2(t2-t1) Q2=4200∙10∙80=3360000Дж Q= Q1+Q2 Q=110400+3360000= 3470 кДж

4 – сайыс. Қызықты тәжірибе

  1. Сұрақ: суды қағаз қорапшада қайнатуға бола ма?

Бұл сұраққа жауап беру үшін төмендегідей тәжірибені жасаймыз. Бұл үшін қатты қағаздан қорап жасап, оның ішіне су құйып, оны плитаның үстіне спиртшам жалынына ұстаңыз. Су жылиды, одан соң қайнайды. Бірақ қорап сол күйінде қалады. Неліктен?

Жауабы: жылу бірден спиртшам жалынан суға беріледі, қағаз қораптың температурасы жану температурасына жетіп үлгермейді.

  1. Қағазды жағып бөтелкенің ішіне саламыз алақанмен аузын басқанда, бөтелке алақанмен бірге көтеріледі. Неге?

Жауабы: қағаз жанғанда ауа қызады, қысым ұлғаяды да, ауаның жарты бөлігі сыртқа шығады. Шөлмекті алақанмен жапқанда ауа суиды да, шөлмек алақанға атмосфералық қысым әсерінен ұсталып тұрды

5 – сайыс. Капитандар сайысы.

1 минут уақыт ішінде осы «Динамометр» деген сөздің ішіндегі әріптерді пайдалана отырып, өмірде нақты бар заттарды жазып шығу керек.



Д



И


Н


А


М


О


М


Е


Т


Р


Қорытынды.

Сабақ қорытындыланып, оқушылардың білімдері бағаланады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Физика

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
Білімділер сайысы

Автор: Максутова Нургул Мирмановна

Дата: 12.03.2015

Номер свидетельства: 185095

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Білімділер" сайысы (сыныптан тыс шара) "
    ["seo_title"] => string(37) "bilimdilier-saiysy-synyptan-tys-shara"
    ["file_id"] => string(6) "194990"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1427827621"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(101) "«Кеме?гер елбасы- ырысы елімні?» атты білімділер сайысы"
    ["seo_title"] => string(53) "kiemienghierielbasyyrysyielimninattybilimdiliersaiysy"
    ["file_id"] => string(6) "285036"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454079557"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Математика  Білімділер сайысы"
    ["seo_title"] => string(30) "matiematika-bilimdilier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "302437"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457181632"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(90) "Конспект урока "Математикалық білімділер сайысы""
    ["seo_title"] => string(49) "konspiekt_uroka_matiematikalyk_bilimdilier_saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "397591"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1488562596"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "урок по английскому языку на тему"Білімділер сайысы" "
    ["seo_title"] => string(55) "urok-po-anghliiskomu-iazyku-na-tiemu-bilimdilier-saiysy"
    ["file_id"] => string(6) "134398"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1416743439"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства