kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Адами қарым-қатынас жарастығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка урока самопознания о духовно - нравственных отношекниях.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Адами қарым-қатынас жарастығы»

Педагог-Эксперт Тусупова А.А.


Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары

Тарау- 3

Адам және өлем


Мұғалімнің аты-жөні, тегі

Тусупова А.А.

Мерізімі:

19.01.2022.

Класс: 7 А

Оқушылар саны:19

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №18


Адами қарым-қатынас жарастығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары


Рухани даму, адам жанының сұлулығы, қадір-қасиеті, бақыт, қарым-қатынас, келісімге келу, , өмір мәні - ұғымдарының мәні мен мазмұнын ұғындыру


Құндылық


Дұры Дұрыс әрекет


Қасиеттер

Әдепті болу, сенімділік, парыз.


Сабақтың мақсаты


Оқушыларға қарым-қатынас мәдениеті туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері

Білімділік:

Дамытушылық:

Тәрбиелік:

1. Білімділік: Оқушыларға ізгілікті қарым-қатынас жасаудағы парыздың мәнін түсіндіру

2. Дамытушылық: Оқушылардағы -Күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс - амалдарын бекіту арқылы сенімді қарым-қатынас жасай алу қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)










1. Жағымды көңіл күй (1-1,5 мин)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін еске түсіру:

Тәртіп.Талап.Тазалық

Татулық.Тыныштық

Балалар, ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік. 

Ойымызды, жүрегімізді барынша ашып, мейірімімізді бір-бірімізге төгіп отыруды ұсынамын.

Жағымды күйге келу

Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.







Жағымды күйге келіп, терең ойлауға бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Презентация,

слайд


Волшебная Композиция - Хрустальная Грусть

https://www.youtube.com/watch?v=W58q59CjMqc

2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


1. №17 сабақ. Төменде берілген Шәкәрімнің өлең жолдарын басшылыққа алып, адами қарым-қатынас жасаудың ережесін құрастырыңдар.
... «Мейірім», «Ынсап», «Әділет»,
«Шыдам», «Шыншыл», «Харекет»
Түп қазығы – «Ақ ниет».

2. Келесі сабақ. №18, Құрманалин Мұхтардың «әйнектің сынығы» мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Жол үстінде әйнектің сынықтары неліктен көп болды деп ойлайсыңдар?

2. Атасы «Кейде қауіп-қатерді өзімізге өзіміз осылайша қолдан жасайтынымыз жаман...» – дегенде не айтқысы келді? Өмірден мысал келтіріңдер.

3. Өзгеге қамқорлық, адамға жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер? Бұл не үшін қажет?

4. Баубек неліктен ойланып қалды? Оған кім, не әсер етті?

5. Өзің күнделікті өмірде біреуге қамқорлық жасап, жанашырлық танытасың ба? Қалай? Нақты мысалдармен дәйектеп айт.

Сұрақтарды оқып оқушылар жауап беріп жауаптарын айтып бікір білдіреді.





Оқулық



3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді,ой-санасы әдемі адам өмірдің рақатын көреді.
Халық даналығы

Сұрақтар:

1. Назары әдемі дегенді қалай түсінесіз?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

Оқушылар дәйексөздерді қайталап, дәптерлеріне жазып алады. Жаттап алуға болады.


Презентация, слайд.

Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Кішіпейілділік

Ж.Молдағалиев

Мәлік аға Мұхаңа телефон соқты. Халық батырлары жайлы жазғысыкелетінін айтып, өзімен ақылдаспақ ойын білдірді. Мұхаң қатты разы болып қалды.

– Мәлік інім, сен бір игі іске бел буған екенсің. Іздей білетін кісіге халық мұрасы – мол сырлы, алтын көмбе. Ақылдасқаның өте дұры сболды. «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ деген». Ертең ертерек үйге кел, – деді.

Ұлы жазушының қамқор сөзін естіп, Мәлік аға қатты қуанды. Ол – университет деп аталатын жоғары оқу орнында сабақ беретін профессор. Оған қоса Абай атамыз жөнінде үлкен шығарма жазып жүрген-ді. Мәлік аға Мұхаңа апаратын қағаздарын жинап, папкаға салды. Барған бетте Мұхаңның уақытын көп алмайын деп, өз ойын тез айтып, ақыл-кеңесін тыңдамақ болды. Сол себепті үйден ерте шығып, Абай көшесімен жүріп кетті.

Мұхаңның екі қабатты үйі бар еді. Ол – биік қарағаштар өскен саялы көшеде, Алатау етегіне таяу орналасқан. Мәлікке кел деп белгілеген уақыты – таңертеңгі тоғыз жарым. Мәлік аға сағат тоғызда Мұхаң үйінің ауласына жақындап, жарты сағат далада отыра тұрмақ болды. Мұхаңмен бұрын сырттай таныстығы болмаса, тұңғыш рет жүзбе-жүз үйінде жолығуы осы еді.

Мәлік аға аллея ішіне қойылған орындыққа келіп отырды. Қағаздарын реттеді. Мұхаң үйінің ауласына қарады.

Міне, ғажап!.. Үстінде қалың ақ жібек матадан тігілген костюмі, басында ақ шетен қалпағы бар, орта бойлы, толық, ат жақтылау, дөңес қыр мұрынды кісі есік алдынада, баспалдақ үстінде қолын көлегейлеп, көше жаққа қарап тұр екен. Мұхаң үйіне келген кісіні мейлі, жасы үлкен ақсақал болсын, яки оқушы болсын, далада тұрып қарсы алады деп еститін Мәлік аға. Бұл Мұхаңа жарты сағат ерте келдім деп ойласа, ол кісі мұны одан да бұрын далада күтіп тұр екен-ау!...

Мұхаңа батыр аталар, елін сүйген ерлер туралы өз ойын айтып, кітап жазбақ болып келген Мәлік аға енді сондай адамдар бойынан және бір қасиет тапқандай болды. Оның аты – Мұхтар Әуезов секілді ұлы жазушының бойынан көрген кішіпейілділік еді.

Сұрақтар:

  1. Мұхтар Әуезов қонақты қалай қарсы алды?

  2. Мұхтар Әуезовтің адамдармен қарым-қатынасынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар?

  3. Кішіпейілділік көрсету қандай құндылықтармен сәйкес келеді?

4.Бұл адамдардың өнегесінен өзіңе қандай сабақ алдым деп ойлайсың?

Оқушылар әңгімені тыңдады, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, шынайы ниеттерін білдіреді.

Мөлдір бұлақтан 1- том 163 бет


5. Шығарма-шылық жұмыс (жеке)

(12-15 мин)


Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Тапсырма: «Қарым-қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты» деген ойды басшылыққа ала отырып, төмендегі кейіпкерлерді қатыстырып, шағын қойылым дайындап, сахналаңдар.
1-топ: Жақсы, мейірімді оқушы;
2-топ: Үнемі бірінші болғысы келетін оқушы.

Оқушылар тапсырманы орындайды да дәйексөзбен байланысты-рады.


Оқулық түрлі қағаздар

6.Үй тапсырмасы

(1-2 мин)

1. №18 сабақ. «Қарым – қатынас жарастығы» туралы эссе жазу.

2. Келесі сабақ. №19, Жәмила Аязбекованың «Атасы мен әжесі» мәтінін оқып келу.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.

Оқулықтағы 32-бет.


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)


Достар құшағында
Сөзін жазған Сағи Жиенбаев
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Қасымда бүгін достарым менің,
Құшағым толы қырмызы гүлдер.
Толқиды жаным, аспаным кеңіп,
Арайлы таңдар, қызықты күндер.

Қайырмасы:
Кел, жан-достарым,
Мен бір ән бастадым.
Шырқайық желпіндіріп тау асқарын.
Келеді көктем, келеді жаздар
Қырларға балғын гүлдерін алып.
Тұрады сәуле көңілде маздап,
Жатса да зулап күндерім ағып.
Қайырмасы.
Аспаным нұрын төгеді көктен,
Күтеді қызық таңдарым алда.
Құшағы жалын, көңілі көктем –
Өздерің барда, арманым бар ма?!

Бәріміз бірге ән шырқаймыз

https://matinder.kz/song/kuandyk-rahym/

8.Сабақтың қортынды сәті

(1 мин)

Ал енді өздеріңді еркін сезініп, бүгінгі сабақты ой елегінен өткізіңіздер. Сабақтың ең сәтті кезеңдерін жүректеріңізде сақтаңыздар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі сабаққа белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Рақмет!

Оқушылар рефлексия жасайды.

Ф.Шопеннің "Мечта" аудиожазбасы

https://zvooq.eu/




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Естествознание

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Адами қарым-қатынас жарастығы

Автор: Тусупова А.А.

Дата: 17.05.2022

Номер свидетельства: 607123

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Тренинг по названием "?арым ?атынас -жарасты?ы" "
    ["seo_title"] => string(51) "trieningh-po-nazvaniiem-k-arym-k-atynas-zharastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "175338"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1424262770"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Тема урока: "?арым -?атынас жарасты?ы". "
    ["seo_title"] => string(39) "tiema-uroka-k-arym-k-atynas-zharastyg-y"
    ["file_id"] => string(6) "166404"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422957864"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Адами қарым-қатынас жарастығы"
    ["seo_title"] => string(33) "adami_k_arym_k_atynas_zharastyg_y"
    ["file_id"] => string(6) "452869"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517053608"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(37) "ozin_ozi_tanu_boiynsha_sabak_zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "608918"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1654452856"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Жан?я – сыйласты?, жарасты? орна?ан орта"
    ["seo_title"] => string(36) "zhanuiasyilastykzharastykornaganorta"
    ["file_id"] => string(6) "303251"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1457487451"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства