Просмотр содержимого документа
«Бәсеке және монополия»
Бәсекелестік
және
монополия
Бәсеке- нарықтық шаруашылық субьектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты бақталастықтық немесе күрес
Бәсеке- әр түрлі формада болатын және әр түрлі жолдармен іске асырылатын нарықтық қатынастардың негізгі категориясы.
Бәсеке түрлері
Сала ішілік – бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес
Салааралық- түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес
Бәсеке нысандары
Жетілген бәсеке (еркін бәсеке нарығы). Нарықтың классикалық үлгісі
Жетілдірілмеген бәсеке (жетілдірілмеген бәсеке нарығы). Нарықтың қазіргі үлгілері
Монополия – тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі
Олигополия- бірнеше (3- тен 5- ке дейін) ірі фирмалар билейтін нарық
Монополистік бәсеке- біртекті емес, бірақ ұсақ тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық
Жасанды
Табиғи
Кездейсоқ
Бәсекелестікпен күресу тәсілдері
1. Легальді тәсіл:
Бағалық бәсекелестік – бәсекелестікпен күресу қаруы –бағалардың өзгеруі. жоғары және төмен бағаларды қолдану, бағалық дискриминация ( әртүрлі жерлердегі әртүрлі бағалар, әртүрлі тұтынушылар үшін)
Бағалық емес бәсекелестік –тауар сапаларын жоғарлату арқылы, қосымша қызмет көрсету арқылы, шикізат нарығын бәсекелестіктен айыру, тауардың жаңа маркаларын шығару арқылы күресу және т.б.
2. Нелегальді тәсіл – бәсекелес жайлы жалған мәліметтер тарату, бәсекелестің тауар маркасын заңсыз қолдануы және т.б.
Бәсекелік күрестің әдістемелері
Баға бәсекесі
Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану
Өндіріс шығындарын азайтып, ассортименті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес
Бағадан тыс бәсеке
Қаржылық қулық сұмдықтар, құнды қағаздармен алып сатарлық жасау, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою
Тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшеліктердің берілуі, субститут - тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама
Монополия (грек –moons-жалғыз, polio- сатамын) жеке өндіруші тауар нарығын бақылап және сол нарықта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты- нарықта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу.
Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.
Монополияның түрлері:
Табиғи монополия - табиғи шикізаттарды пайдаланумен байланысты. (газ, мұнай, жылу, электро энергия)
Жасанды монополия - сөз байласу немесе бәсекелесті басып тастау арқылы құрылған монополия.(пошта, темір жол)
Кездейсоқ монополия - аз тұтынушылары үшін уақытша сұранысты ұсыныстан асырып түсіру нәтижесінде пайда болады, бұл капиталдың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді.
Монополияның әлеуметтік экономикалық зардаптары
Таза бәсеке нарығына қарағанда өте жоғары баға белгілейді
Таза бәсеке нарығына қарағанда өндіріс өнімдері аз көлемде шығарылады
Монополияны сақтауға көп шығындары кетеді
Техникалық үрдіске ынталдындыру азаяды
Монополияға қарсы заңдар- бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.
Қорытынды
Сонымен, бәсеке дегеніміз – бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.