kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Несие және оның түрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: Несие және оның түрлері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларды несиенің мәнімен, түрлерімен таныстыру, дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету.
Тәрбиелілік: Несиенің ерекшеліктерімен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға  тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың  логикалық   ойлау   мәдениетін   дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына  деген қызығушылықтарын арттыру. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәденииетін дамыту. Оқушылардың білімін жетілдіріп, ой - өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.
Базалық құзыреттілік: әр түрлі жағдайлардағы мәселелерді анықтау, жауапты шешім қабылдау;

Кәсіби құзыреттілік: нарыққа  сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау;

Арнаулы құзыреттілік: топта жұмыс істеу, топтағы адамдармен жан-жақты жұмыс жасайды, жалпы нәтижені алуда әртүрлі бағыттарда тұру;

Сабақтың түрі: Ойын элементтерін

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Несие және оның түрлері»

Сабақтың тақырыбы: Несие және оның түрлері (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білім алушыларды несиенің мәнімен, түрлерімен таныстыру , дағдыларын дамыту, өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға және әрекет етуге үйрету.
Тәрбиелілік: Несиенің ерекшеліктерімен таныстыру, іскерлікке тәрбиелеу, еңбек ете білуге, өзін және өзгелерді рухани материалдық құндылықтармен қамтамасыз ететін өз елінің патриот азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Білім алушылардың логикалық ойлау мәдениетін дамыта отырып, кәсіптік бағдар беру және болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыру. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін өз ойларын дұрыс жеткізе білу сонымен қатар тіл мәденииетін дамыту. Оқушылардың білімін жетілдіріп, ой - өрісін, қиялын дамыту, көзқарасын қалыптастыру, пікір айтуға баулу.
Базалық құзыреттілік: әр түрлі жағдайлардағы мәселелерді анықтау, жауапты шешім қабылдау;

Кәсіби құзыреттілік: нарыққа сәйкес дұрыс шешімдер қабылдау;

Арнаулы құзыреттілік: топта жұмыс істеу, топтағы адамдармен жан-жақты жұмыс жасайды, жалпы нәтижені алуда әртүрлі бағыттарда тұру;

Сабақтың түрі: Ойын элементтерін қолдана отырып жаңа білімді меңгерту

Сабақтың әдістемелік тұрғыдан жабдықталуы: ойын сабақ, сұрақ-жауап, слайдтар, кесте, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: экономика негіздері, маркетинг негіздері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту
IV. Бекіту
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Үйге тапсырма беру
Үй тапсырмасын сұрау.

Сыныпты 2 топқа бөліп тапсырмалар беру.

I - Тапсырма

1 - топ Банк түрлері, қызметтері
2 - топ Банктің ерекшеліктері




ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:
Несие – тауарлар мен қызмет көрсетулерді қарызға беру. Несие ұғымы латын сөзінен пайда болған, “credere”- сену және”creditum”- қарыз деген мағынаны білдіреді.
Қарыз беруші – кредитор. Қарыз алушы – дебитор немесе заемщик.
Несиелік келісім - белгілі бір заңға сәйкес несиенің берілуін, пайдаланылуын және қайтарылу жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.
Несие негізгі үш міндетті ескеріп отырылып беріледі:
1. Төлей алу мүмкіндігі 2. Мерзімділігі 3. Қайтарылымдығы
Мерзімділігі: Қысқы мерзімді - 1 жылға дейін
Орта мерзімді – 1 - 5 жылға дейін
Ұзақ мерзімді - 5 жылдан жоғары

Логикалық сұрақ: Кредиттің қандай кемшілігі мен артықшылығы бар деп ойлайсыз?
Несиенің артықшылығы:
• Тауарды не қызметті дереу иелену мүмкіндігі. Несие сатып алуы тым ұзаққа созылып кететін немесе сатып алу мүмкін емес затқа ие болуға мүмкіндік береді.
• Икемділік. Несие затты сауда жүйесінде арзанға беріліп жатқан арзандатып сатып жатқан сәтінде аз ақшамен алып қалуға жағдай жасайды.
• Қауіпсіздік. Несие карточкалары мен чек кітапшалары зат алғанда немесе сапарға шыққанда нақты ақшаға қарағанда неғұрлым ыңғайлы және сенімді төлем құралы болып саналады.
• Төтенше жағдайда көмекке келу. Несие күтпеген шұғыл шығындарды (аварияға түскен автомобильді жөндеу ақысын) төлеуге ыңғайлы.
• Клиенттің адалдығын және ұқыптылығын көрсетіп отырады. Есепшот бойынша төлемдерді уақытылы төлеп тұру кісінің өзіндік бір сипаттамасы, оның міндеткерлігі мен мәттәқам ұқыптылығының белгісі болып саналады.
• Несиенің кемшіліктері:
• Шашпалық. Кейде несие карточкалары мен шығатын шығыс есепшоттарының ақшаны орынсыз шашуға әкеп соғатыны болады. Соңыра, қарыз көлемі ұлғайғанда ай сайын төленетін төлемдерді өтеу қиындай түседі.
• Құнының жоғарылығы. Әдетте несиемен зат алу нақты ақшамен алғанға қарағанда қымбатқа түседі. Тауарды несиеге сататын дүкендер кредит карточкаларымен айналысатын фирмаларға пайыз төлеп отырады. Оның үстіне тауардың бағасына кредитті пайдаланғаны үшін пайыз қосылады.
• Тұтыну кредитінің түрлері. Егер батыста жұрттың көбі несие алып өмір сүру дағдысына ие болса, біздің қазақстандық нарықта несие жүйесі соңғы жылдары ғана дами бастады. Осыдан бірнеше жыл бұрын несие алу үлкен проблема еді, ал қазір коммерциялық банктердің, дүкендердің, фирмалардың көбі тұтыну несиесін ұсына бастады.

Несие неше түрлі себептерге беріледі, олар: пәтерді жөндеуге, автомашинаны, ұялы телефондарды, автомашина, тұрмыс техникасын сатып алуға және т. б. мақсаттарда беріледі. Банк өз заем алушыларына дұрыс ақпарат беру үшін, несиелердің арнайы классификациясын жасап шығарды, мысалы:
Несиенің түрлері: Тұтынушы несиесі: Автомобиль сатып алу несиелері, тауар несиелері, жас отбасылар несиелері, жылдам несиелер, жалақы арқылы алынатын несиелер, білім алу несиелері. Ипотекалық несиелер. Лизингтік несиелер. Мемлекеттік несиелер.
Яғни, ипотекалық несиелеу – бұл жылжымайтын мүлікті – пәтерлер, үйлер – сатып алу үшін берілетін ұзақ мерзімді несиелер жүйесі. Банк сіздің ата - анаңызға ақшалай қаражат береді, олар несиені пайдаланғаны үшін белгіленген мерзімге дейін пайыздарымен қоса өтеуді міндеттеріне алады.
Қазақстанда несие 1 жылдан 30 жылға дейін мерзімге беріледі, ал сомасы шамамен, сатып алынатын үй құнының 70 – 100% аспайды. Банктердің тәртіптері бойынша заем алушы өз қаражаты есебінен алғашқы ақшалай төлемнің 30% дейінгі мөлшерін төлеуі тиіс.
Ипотека – бұл да сол қарыз. Назарыңызға сала кетейік, ипотекалық несиеден басқа, жай несие де бар. Бұл термин - дерді түсіну үшін, бірінші, олардың айырмашылықтары неде екенін білуіміз керек.
Егер банк несиені сіздің ата - анаңызға беретін болса, және ол үшін кепіл алмайтын болса, ол ипотека емес. Себебі, кепіл болмай, ипотека да болмайды. Сондықтан, «несие ыңғайлы ма немесе ипотека ыңғайлы ма?» деген сұраққа жауап табуымыз керек. Заем алушыларға несие алған ыңғайлы, ал банкке – ипотека, дәлірек айтқанда, несиені өтемеген жағдайда банк кепілдік затын сатып өз қаражатын қайтарып алады.
Кепілдік заты ретінде заем алушының жеке меншігін қарастырады: үй немесе пәтер. Несиені өтеу ай сайынғы төлемдермен қамсыздандырылады, онда несие бойынша жасасқан келісім негізінде пайыздары және негізгі қарыздың бір бөлігі кіреді Қазақстанның 18 ден асқан, тұрақты жалақысы немесе табысы бар әр азаматы заем алушы бола алады. Несиенің мөлшері табыстың сомасынан және несиелеуден тәуелді болады. Несиенің банкке ай сайынғы төлемі заем алушының табысынан 40 - 60 % аспайды.
Автонесие
Авто несиенің бір ерекшелігі – ол сатып алынатын автокөліктің кепіліне беріледі. Бұл жағдайда, кейбір банктер автосалондармен ынтымақтастықта болады, сол арқылы сіз ұнаған автокөлігіңізді таңдап аласыз. Автокөлік алған жағдайда, сіз сатып алған автокөлігіңізді несие өтеу мерзімінің аяқталғанына дейін міндетті түрде сақтандыруыңыз керек. Есіңізге сала кету керек, сатып алған автокөлігіңіз несиені өтеу мерзімі аяқталғанша банктің меншігінде болады.
Тұтынушылық несие
Тұтынушылық несие әр түрлі мақсаттарда беріледі: тұрмыс заттарын немесе жиһаз сатып алуға, пәтер жөндеуге, саяхатқа баруға және т. б. мақсаттар бойынша. Тұтынушылық несиенің сомасы бірнеше мыңнан жүздеген мыңға дейін болады. Бұл жағдайда банктер несиені қайда жұмсағаныңызды сұрамайды. Әрбір банкте тұтынушылық несиелерді алу үшін қажетті құжаттарға байланысты несие бойынша пайыздары өзгеріп тұрады. Төменде Қазақстан банктерінде несие рәсімдеу үшін қажетті негізгі құжаттар тізімі көрсетілген, ескеріп өту керек, құжаттар тізімі банктің сұранысы және несиенің түрі бойынша өзгеріп отырады.

Терминдермен жұмыс

қазақша

орысша

ағылшынша

1

несие

кредит

credit

2

ипотека

ипотека

motgage

3

автонесие

автокредитование

Car loans

4

тұтынушылық несие

потребительский кредит

concumer

5

 пайда 

прибыль

Profit


6

еңбекақы 

заработная плата 

Wages

7

шот 

счет

 Account

8

ақша 

деньги 

Money

9

салық 

 налог 

Tax

10

банк

банк

bank

11

қарыз беруші

кредитор

creditor

12

несиелік карта

кредитное карточки

credit card











V. Бекіту :

Несие алайық? (Халық банк және Форте банк әр банктар өздерін жарнмалайды)

Есептер шығару.
Есеп 1. Банк 4, 5 жылға несиеге жылдық 28%- бен 670 мың теңге береді. Банкке қайтарылатын соманы есептеңіз.
Шешуі:
Қайтарылатын ақша қаражаттарының толық сомасы (несие + пайыздық төлемдер) = (670 мың теңге Х 28 Х 54) / (12 Х 100) + 670 мың теңге = 1514. 2 мың теңге
Мұнда 4, 5жыл*12 ай =54 ай – ол 4. 5 жыл
Жауабы: 1514. 2 мың теңге
Есеп 2. Кәсіпкер өз бизнесін ұйымдастыру үшін банктік несиені жылдық 26 % - бен 150 мың теңгені 1 жылға алды. Егер, пайыз соммасы несиені бергенге дейін аванс ретінде несие сомасынан шегерілетін болса, кәсіпкер қандай сомма алады? Кәсіпкер банкке бір жылдан кейін қандай соманы қайтарады?
Шешуі: Несиені қолданғаны үшін төленетін пайыздық төлемдердің сомасын анықтаймыз:
150 Х 0. 26 = 39 мың теңге Кәсіпкердің алатын соммасы: 150 – 39 = 111 мың теңге
Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару керек
Жауабы: 111 мың теңге - кәсіпкер алатын сомма. Бір жылдан кейін кәсіпкер банкке 150 мың теңге қайтару тиіс.



V. Карточкамен жұмыс:
1. Тұтыну кредиті деген не?
2. Кредит беру шарттары қандай?
3. Кредит құны деген не?
4. Тұтыну кредитінің қандай түрлері бар?
5. Кредиттің артықшылығы қандай?
6. Кредиттің кемшілігі қандай?





Блиц-турнир (әр сұраққа жылдам ,шапшан жауап беру )

I-ші «Халық банк»


1) Сауда жасалатын орын(Нарық).

2)Біздің елімізге сырттан келетін тауарлар (Импорт)

3)Қандай бағалы қағаздың иесі девиденд алады?(Акция)

4)Бір тауарды екінші тауарға айырбастау?(Бартер)

5) Мемлекет иелігіндегі барлық ақша қаражаттары (Қаржы)

6) Шаруашылықты ұқыпты жүргізу (Үнемдеу)

7)«Табиғатты зерттеу мен халықтың баю себептері»еңбегінің авторы(Адам Смитт).

8) Салымдарды қабылдайтын және қарыз беретін қаржылық мекеме (банк)

9) Пайда алуға бағытталған экономикалық қызмет (бизнес)

10) Елдің айналымдағы ақша бірлігі (валюта)

 11)225 нешенің квадраты?(15)

12) Сауда пәні болып табылатын нәрсе? (тауар)

13) Сатып алушы мен сатушылар кездесетін жер? (рынок, нарық)

14) Елден шығарылатын және елге әкелінетін тауарлар санын шектеу (квота)

15) Тауарлар үшін қабылданатын нәрсе (ақша)

 

2-ші  «Форте банк»

 

1)Қағаз ақша(Банкнот).

2)Сауд Арабиясынан қандай табиғи ресурстар шығады?(Мұнай)

3) ҚР-ның ұлттық валютасы (теңге)

4) Бағаның өсіп ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуі (инфляция)

5) Нақты адам иелігіндегі меншік (жеке меншік)

6) Мерзімінде қайтып беру шартымен ақшаны қарызға алу (несие)

7) Екі немесе бірнеше меншік иесі иелік ететін кәсіпорын (серіктестік)

8) Ауыл шаруашылық өнімдерін шығарушы кәсіпорын (ферма)

9)  Өнім шығарып, қызмет көрсететін адам (өндіруші)

10) Адамның, фирманың әрекет етуі нәтижесінде пайда болатын нәрсе (тауар)

 11) Тауар бірлігінің ақшамен көрінетін құны (баға)

12) Бір нәрсеге деген мұқтаждық (қажеттілік)

13) Елдегі билікті іске асыратын ұйым (мемлекет)

14) Белгілі бір шартпен ақшаны борышқа алу (қарыз)

15) Белгілі бір басылымның шығарылған экземпляр саны(Тираж)

Біздің армандаған БАНК (оқушылар топпен бірлесе отырып жаңа банк ашып, олардың қызметтерін таныстырады)


VI. Сабақты қорытындылау
VІI. Үйге тапсырма беру

«Несие және оның түрлер»і тақырыбын оқу.
Тұтыну кредитінің пайыздық мөлшерін белгілеп, график құру.







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экология

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Несие және оның түрлері

Автор: Тукенова Венера Даулетбековна

Дата: 18.04.2019

Номер свидетельства: 507570

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(44) "Ба?алау ж?не оны? т?рлері "
    ["seo_title"] => string(29) "bag-alau-zh-nie-onyn-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "240244"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1444980288"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(197) "Казақ тілі пәнінен 3 сыныпқа арналған "Сөйлем және оның түрлері" тақырыбындағы қысқа мерзімді сабақ жоспары"
    ["seo_title"] => string(80) "kazak_tili_p_ninien_3_synypk_a_arnalg_an_soiliem_zh_nie_onyn_turlieri_tak_yrybyn"
    ["file_id"] => string(6) "457948"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518843286"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметі"
    ["seo_title"] => string(48) "k_r_u_lttyk_banki_zh_nie_onyn_bak_ylau_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "444556"
    ["category_seo"] => string(9) "ekonomika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1513344023"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) "Зат есім және оның түрлері"
    ["seo_title"] => string(27) "zat_esim_zh_ne_onyn_turleri"
    ["file_id"] => string(6) "513733"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1559882953"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(210) "Баяндама "Балалар кітапханаларында о?ырмандар?а ?ызмет к?рсетудегі ?арым-?атынас аспектілері ж?не оны шешу жолдары" "
    ["seo_title"] => string(132) "baiandama-balalar-kitapkhanalarynda-ok-yrmandarg-a-k-yzmiet-korsietudieghi-k-arym-k-atynas-aspiektilieri-zh-nie-ony-shieshu-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "205208"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1429816372"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства