kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметі.
Пәні: Банк ісі
Тобы: 521(9)а тобы 
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Студенттерге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жөнінде түсінік беру. 
Дамытушылық: Студенттердің Ұлттық банк жөнінде түсініктерін дамыту. Оқушылардың танымын арттыра отырып белсенділікке, табандылыққа  баулу.
Тәрбиелік: Студенттерді адамкершілікке, эстетикаға, топпен жұмыс жасауға, логикалық ойлауға  тәрбиелеу.
Сабақ түрі:  аралас
Көрнекілігі:  Слайд, оқулық, карточка
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ - жауап 
Пәнаралық байланыс:  Экономикалық теория; Ақша, несие,банк.
         
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1) Амандасу
2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу
3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Банктік бақылау. (карточка арқылы). 

ІІІ. Жаңа білімді меңгеру

Жоспар:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
2. Ұлттық банктің басқару құрылымы
3. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс-жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оган қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық багалыцтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:
мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк
формасында (мысалға:    Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);
орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
ақша айналысы, несие, банктік есеп-айрысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;
ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелікресурсы төмендегідей көздерден құралады:
меншікті қаражат есебінен;
басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.
Ұлттық банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:
мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын,    филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың
жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;
Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;
Ұлттық банктің Басқармасы тогыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:
ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары,
ҚР Президентінен бір өкіл;
ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы - директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:
Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрғасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;
Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;
ҚҰБ-нің ҚР Прзеидентіннің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден түратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:
зерттеу және статистика департаменті; 
шетел операциялары департаменті; 
ішкі операциялар басқармасы; 
монетарлық операциялар департаменті сыртқы байланыстар бөлімі; 
заң қызметі департаменті; әкімшілік департаменті;
қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма; 
инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі; 
бухгалтерлік есеп департаменті; 
есептеу жұмыс орталықтарының департаменті; 
операциондық басқарма; 
төлем жүйесі басқарамсы; 
бақылау және аудит департаменті; 
персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі; 
мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:
Мемлекеттік сақтау қоймасы;
Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;
Банкноттық фабрика;
Монета сарайы
Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталғы (ҚБЕО);
Қазақстан ипотекалық компаниясы;
Процессингтік орталық
Актуарлық орталық
Банктік сервистік бюро;
Ұлттық ақпараттар технологиясы
Автобаза.
Ұлттық банк мынадай негізгі қызметерді атқарады:
айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолы мен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлардың монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
ҚР үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады ;
Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді.
белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;
ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады.
Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:
бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
чектерді жазып вексельдерді береді;
жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.

ІV. Жаңа сабақты бекіту
Бекіту сұрақтары:
1. ҚР Ұлттық банкі қай жылы құрылды?
2. ҚР Ұлттық банкін кім басқарады, басқарма құрамы?
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті ?
4. ҚР Ұлттық банкінің қызметтері қандай?
5. Ұлттық банк қандай операцияларды жүргізеді?

Сабақты қорытындылау.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметін баяндау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметі»

Орал гуманитарлық колледжі







Сабақ жоспары:





ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметі








Өткізген: Байкенова А.С.











Орал қаласы 2017 жыл


Сабақтың тақырыбы: ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметі.

Пәні: Банк ісі

Тобы: 521(9)а тобы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Студенттерге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі жөнінде түсінік беру.

Дамытушылық: Студенттердің Ұлттық банк жөнінде түсініктерін дамыту. Оқушылардың танымын арттыра отырып белсенділікке, табандылыққа баулу.

Тәрбиелік: Студенттерді адамкершілікке, эстетикаға, топпен жұмыс жасауға, логикалық ойлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Көрнекілігі: Слайд, оқулық, карточка

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративті, сұрақ - жауап

Пәнаралық байланыс: Экономикалық теория; Ақша, несие,банк.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1) Амандасу

2) Оқушыларды сабаққа әзірлеу, сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысу

3) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Банктік бақылау. (карточка арқылы).


ІІІ. Жаңа білімді меңгеру


Жоспар:

  1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі

  2. Ұлттық банктің басқару құрылымы

  3. Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары


Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.

Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.

Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс-жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.

Ұлттық банк - бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оган қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық багалыцтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:

  • мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк

  • формасында (мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);

  • акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз акционерлік қоғам формасында (Жапония, Белгияда);

  • орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі (АҚШ-та).

АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.

Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.

Ұлттық банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік соммада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;

  • ақша айналысы, несие, банктік есеп-айрысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау және жүргізу;

  • ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;

  • банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық банктің несиелікресурсы төмендегідей көздерден құралады:

  • меншікті қаражат есебінен;

  • басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;

  • ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;

  • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Ұлттық банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық банкі - тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына: Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;

  • банк қызметтіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;

  • Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;

  • банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;

  • жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;

  • банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;

  • алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;

  • ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;

  • ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;

  • ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;

  • ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың

қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың

жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

  • банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;

  • еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;

  • ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;

  • Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;

  • бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

Ұлттық банктің Басқармасы тогыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:

  • ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары,

  • ҚР Президентінен бір өкіл;

  • ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Ұлттық банктің оперативтік басқару органы - директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

  • Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрғасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;

  • ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.

  • ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Прзеиденті бекітеді;

  • Ұлттық валютаның - теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;

  • ҚҰБ-нің ҚР Прзеидентіннің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.

Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден түратын орталық аппараты, филиалдары, өкілетіліктері мен ұйымдары кіреді.

Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

  • зерттеу және статистика департаменті;

  • шетел операциялары департаменті;

  • ішкі операциялар басқармасы;

  • монетарлық операциялар департаменті сыртқы байланыстар бөлімі;

  • заң қызметі департаменті; әкімшілік департаменті;

  • қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;

  • инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;

  • бухгалтерлік есеп департаменті;

  • есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;

  • операциондық басқарма;

  • төлем жүйесі басқарамсы;

  • бақылау және аудит департаменті;

  • персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;

  • халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;

  • мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі.

Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:

  • Мемлекеттік сақтау қоймасы;

  • Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттігі;

  • Банкноттық фабрика;

  • Монета сарайы

  • Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталғы (ҚБЕО);

  • Қазақстан ипотекалық компаниясы;

  • Процессингтік орталық

  • Актуарлық орталық

  • Банктік сервистік бюро;

  • Ұлттық ақпараттар технологиясы

  • Автобаза.

Ұлттық банк мынадай негізгі қызметерді атқарады:

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолы мен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монетарлардың монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;

  • ҚР үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады ;

  • Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат қағазын береді.

  • белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;

  • ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады.

Ұлттық банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі міндеттемелерді қайта есепке алады;

  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

  • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.

  • депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;

  • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

  • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;

  • чектерді жазып вексельдерді береді;

  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.


ІV. Жаңа сабақты бекіту

Бекіту сұрақтары:

    1. ҚР Ұлттық банкі қай жылы құрылды?

    2. ҚР Ұлттық банкін кім басқарады, басқарма құрамы?

    3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті ?

    4. ҚР Ұлттық банкінің қызметтері қандай?

    5. Ұлттық банк қандай операцияларды жүргізеді?


Сабақты қорытындылау.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма: ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметін баяндау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Экономика

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
ҚР Ұлттық банкі және оның бақылау қызметі

Автор: Байкенова Айна Серікқызы

Дата: 15.12.2017

Номер свидетельства: 444556

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(97) "«А?ша. Несие. Банктер.» п?ніні?   О?У-?ДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ "
    ["seo_title"] => string(59) "ak-sha-niesiie-banktier-p-ninin-ok-u-distiemielik-kieshieni"
    ["file_id"] => string(6) "212632"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1431880900"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства