II кезең- Проблемалық –ізденушілік | Педагог балалады шеңберге тұрғызады, терең тыныс алғызып, бір-біріне бұрылып, күлімсіреп тілектерін білдіреді. Балалар суық тиіп ауырмас үшін не істеу қажеттігін және тыныс алу мүшелерін естеріне түсіріп, «Валеология» елінің картасындағы аялдаманы қарастырады. Педагог адамның тағы бір аса маңызды мүшесі бар екенін, онсыз өмір сүруге болмайтынын айтады. «Бұл қай мүше? Сағат емес, бірақ соғады» Бұл-біздің жүрегіміз. Жүрек сол жақ көкірек қуысында орналасқан. Жүрек соғуын кім де болса тындай алады. Педагог балаларға бір-бірінің жүрек соғысын тындауды ұсынады. Біздің шешеміздің, әкеміздің, бауырымыздың, әпкеміздің жүрекиері де осылай соғады. Жүрек-қан айналымын реттейтін басты мүше. Үлкен күшпен жиырылғанда өзінен жарты стақандай қан айдайды, сонан соң қайта жиырылады, яғни жүрек үнемі демалыссыз жұмыс істеп тұрады. Жүрек ауырмай және дұрыс жұмыс істеу үшін оны шынықтыру қажет. Дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану, шаңғымен, конькимен сырғанау, суға түсу, таза ауада қыдыру, күнделікті жаттығу дененің бұлшық еттерін нығайтады. Бұл-жүректің бұлшық еттерін дамытып, жақсы жиырылуына көмектеседі. Спортпен, гимнастикамен шұғылданбаса, жиі қимылдамаса, бұлшық еттер серпінділігін жоғалтады, жүрек әлсіреп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Шарап ішу, темекі тарту, жүрекке үлкен зиян келтіреді. Сонымен қатар әлсірегенше жұмыс істеуге, жүгіруге болмайды: бұлай етсең жүректі әлсіретіп аласың. Педагог балалармен әңгіме барысында тек адамда ғана емес аңдар мен, құстарда да жүрек бар екенін айтады. Баланың жүрегінің үлкендердің жүрегінен айырмашылығы-өлшемінде. Педагог жұдырықтарын түйіп, зер салып қарауды ұсынады. Сендердің жүректерің өздеріңнің жұдырықтарыңның көлеміндей. Адамда жүрек-біреу. Оны сақтау қажет. Психожаттығу ойыны өткізіледі: Әр бала қолынан бәрі келетін болашақ дәрігер-емші кейпіне енеді. Дәрігер синап, сезу арқылы емдейді. Ол мүшелеріне былай деп бұйырады: Сүйкімдді жүрегім, жақсы жұмыс істе, қайырымды бол. Қаным, сау бол, ағзаның барлық тамырларын жуып шық т.б. | Балалар терең тыныс алып, бір-біріне тілек білдіреді. Валеология қартасына қарап, тыныс алу мүшелерін айтады. Бір-бірің жүрек соғыуның тындайды. Жүрек-қан айналымын реттейтін басты мүше жөнінде түсінік алды. Жүрек шынықтыру жолдармен танысады. Балалар жұдырықтарын түйіп, қарайды. Ойнап, әр бала дәрігер-емші кейіпіне енеді. |