Мотивациялық қозғаушылық | Ою-өрнектер суретін көрсетеді, бірнешеуінің «қошқармүйіз», «құсқанаты», «гүл», «ирексу»аттарын атап өтеді және оларды қимыл қозғалыспен көрсетеді. | «Қошқармүйіз»- қолдарын жоғары көтеріп,сыртына қарай қолдың басын ию, «құсқанаты»-екі қолды жоғары көтеру т.б. |
Іздену – ұйымдастыр ушы | Ұлттық бұйымдарды(сырмақ,кесе) көрсетеді,сандықтың атауларын сұрайды, олардың ою-өрнектеріне назар аудартады.Ою-өрнек(«ирек»және «тышқанізі»деп аталатын)бейнеленген суретті көрсетеді,сұрақ-жауап арқылы олар туралы түсінік береді. «Қандай пішін жоқ?»дидақтикалық ойыны.Мақсаты:жаңа ою-өрнек элементтеріне балалардың көзде Рін үйрету және оны басқа пішіндерден ажырата білу.Шарты:Төрт пішінді (шеңбер,тік төртбұрыш, «ирек»және «тышқанізі»)тақтаға іліп қояды да, ішінен бір пішінді жасырады.Балалар қай пішін жасыралғанын айтады. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық Қолды белге қояйық. Алға қарай бір адым, Артқа қарай бір адым, Жоғары,төмен қарайық, Орнымызды табайық. Ою-өрнекті салып аяқтау. «Ирек» өрнегін сынық сызықтарды үшбұрыштап қосу арқылы үзбей сызуға жаттықтыру(қарындашпен қосу). Ұшбұрыштарды аяқтау. Жолақшада тұрған ұшбұрыштарды бояту,яғни оны балалардың қалаулары бойынша бояуға қылқаламды батырып, жоғарыдан төмен қарай,дәптердің сол жағынан бастап бояу,дайын ою-өрнектерді бояу.Жұмыс барысы туралы пысықтау сұрақтарын қоюға болады. | Балаларды толық және жеке-жеке жауап беруге үйрету. Сандықта бейнеленген ою «қошқармұйіз»деп аталады,ал кеседегі ою «құсқанаты»деп аталады. Үшбұрышқа ұқсайды, түстерін қайталау. Салыстыру,түстерін атайды. -Үшбұрышқа ұқсайды, себебі үш бұрышы бар. Балалар атауларын атап қайталайды.(Екі рет ойнатуға болады). Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды. -Мен ою салып жатырмын.Балалар тәрбиешінің бағыт беруімен жұмысты бастайды. |
Рефлексивті коррекциялаушы | Жұмыстарын аяқтаған балалардың дәптерлерін топтағы төсеніш үстіне реттеп қояды,педагог балаларды тыңдайды,олар өз-өздеріне баға береді. Балалардың суретін мадақтайды. | Қандай ою салып отырғандарын,оның үшбұрышқа ұқсайтынын айтады. |