kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?ылыми ж?мысты? та?ырыбы: "Сырлы ою-?рнектер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ою-?рнек, орнамент (лат. ornamentum – ?семдеу, с?ндеу) – ?р т?рлі заттарды (?й-іші м?ліктері, то?ыма б?йымдар, е?бек ??ралдары, ?ару-жара?), архитектуралы? ?имараттарды ?шекейлеуге арнал?ан, ж?йелі ыр?а?пен ?айталанып отыратын ?рі ?йлесімділікке ??рыл?ан ?рнек-на?ыштар.

?аза?стан аума?ында ою-?рнекті? е? ?арапайым элементтері Андронов д?уірінен жеткен к?не ?шекейлерінен бай?алады. М?ндай ?шекейлер жал, н?кте, ирек т?різдес болып келеді. Ою-?рнек т?рлі геометриялы? пішіндерден ??ралып, зерлеу, д?некерлеу, оймалау, кестелеу, ??йма-жапсыру ?дістері ар?ылы жасалады. ?лтты? ою-?рнек к?біне ?зіне т?н белгілеріні? ж?йелерін ?аза? хал?ыны? ?алыптасуымен ?рі республиканы? ?азіргі аума?ын мекендеген Азияны? бас?а да халы?тары м?дениетімен ты?ыз байланыста дамыды. Б?л орта ?асырлы? архитектуралы? ?имараттарда?ы к?к?ніс ж?не геометриялы? ою-?рнектерден (Бабажы ?атын к?мбезі. 10-11 ?асырлар Айша-Бибі кесенесі, 11-12 ?асырлар, Ахмет Иасауи кесенесі, 13 -14 ?асырлар т.б.) ай?ын к?рінеді.
Ою-?рнек д?ст?рлі то?ыма ?нері ?лгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырма?), кестеде (киім-кешек, т?рмысты? заттар), а?аш, м?йіз, с?йек, ?аныш, металл мен теріге ?рнек салу мейлінше жетілдіріле т?сті.

?аза? ою-?рнегіні? негізгі композияциялы? ??рылымы:

·         жиектік ?рнектер - ою-?рнекті жола? (фриздер, жиектер т.б.);

·         г?лді ?рнектер (ше?бер т?ріндегі ою-?рнектер, розетка, к?н белгісі, т.б.);

·         торлы ою-?рнектер (затты? бетін т?тас жауып т?рады);

·         геометриялы? (?р т?рлі геометриялы? денелерден ??ралады);

·         зооморфты? (жануарлар, я?ни а?-??с, балы? , ?р т?рлі ж?ндіктер т.б.);

·         к?к?ніс (?сімдіктерді? г?лі, жапыра?ы, саба?ы, ж?ні т.б. элементтері).

·         ?иял-?ажайып ?рнектер (бойт?марлар, аспан ?леміні? белгісі).

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?ылыми ж?мысты? та?ырыбы: "Сырлы ою-?рнектер" »

Ою-өрнек, орнамент (лат. ornamentum – әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды (үй-іші мүліктері, тоқыма бұйымдар, еңбек құралдары, қару-жарақ), архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған, жүйелі ырғақпен қайталанып отыратын әрі үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар.

Қазақстан аумағында ою-өрнектің ең қарапайым элементтері Андронов дәуірінен жеткен көне әшекейлерінен байқалады. Мұндай әшекейлер жал, нүкте, ирек тәріздес болып келеді. Ою-өрнек түрлі геометриялық пішіндерден құралып, зерлеу, дәнекерлеу, оймалау, кестелеу, құйма-жапсыру әдістері арқылы жасалады. Ұлттық ою-өрнек көбіне өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл орта ғасырлық архитектуралық ғимараттардағы көкөніс және геометриялық ою-өрнектерден (Бабажы қатын күмбезі. 10-11 ғасырлар Айша-Бибі кесенесі, 11-12 ғасырлар, Ахмет Иасауи кесенесі, 13 -14 ғасырлар т.б.) айқын көрінеді.
Ою-өрнек дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде (гобелен, текемет, алаша, сырмақ), кестеде (киім-кешек, тұрмыстық заттар), ағаш, мүйіз, сүйек, ғаныш, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіріле түсті.

Қазақ ою-өрнегінің негізгі композияциялық құрылымы:

  • жиектік өрнектер - ою-өрнекті жолақ (фриздер, жиектер т.б.);

  • гүлді өрнектер (шеңбер түріндегі ою-өрнектер, розетка, күн белгісі, т.б.);

  • торлы ою-өрнектер (заттың бетін тұтас жауып тұрады);

    • геометриялық (әр түрлі геометриялық денелерден құралады);

    • зооморфтық (жануарлар, яғни аң-құс, балық , әр түрлі жәндіктер т.б.);

    • көкөніс (өсімдіктердің гүлі, жапырағы, сабағы, жәні т.б. элементтері).

  • қиял-ғажайып өрнектер (бойтұмарлар, аспан әлемінің белгісі).

Олардың аса маңызды элементтері: қошқар мүйіз, құс таңдай, түйе табан, үш жапырақты, бес жапырақты, т.б. Ою-өрнектің геометриялық элементтері шаршы, ромбы, жұлдызша түрінде), сондай-ақ, көкөніс өрнектері (гүл, жапырақ, бұтақ түрінде) ағаш ұқсатуда, әсіресе үй жиһазы мен ыдыс-аяқтарда, музыка аспаптары мен аңшылық қару-құралдарындасақталып қалды.
Халық ою-өрнегінің сан алуан түрлері әйел әшекейлерінде (сақина, сырға, бойтұмар, білезік) кездеседі. Ал сәулет өнерінде зооморфтық пен көкөніс өрнектері (сыңар мүйіз, кұсмойын, түлкі бас, арқар мүйіз, т.б.) басым болады.

Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортаң атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. 
Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өз бетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдейі тоқталсақ:


Ою-өрнектер жайындағы аңыздарға тоқталатын болсақ, «Ою хан мен Жою хан» деген аңыз бар. Бұл аңызда ертеде ел билеушінің сарайы түгел оюлы болыпты. Барлық көрпе, сырмақ, ыдыс- аяқ, киім-кешек өрнектелген. Сондықтан оны ОЮ хан деп атапты. Ою ханды тақтан тайдырып басқа ел билеуші келеді. Ол барлық мәдениетті, өнерді жойып, тіпті елін де қаңғыртып жібереді. Оны Жою хан деп атапты. Жою ханның жалғыз баласы аңға шығып өлгенде, оның өлімін Ою хан былай естіртеді. Сырмаққа ою салып, Жою ханға жолдайды.

Жою хан сырмақтың оюына қарап,

  • Балам биік-биік таулардан асып, терең -терең сулардан өтіп, қалың жыныс орманды аралап, күндіз де түнде де талмай жүрген екен. Жүрген жолдарда ол ұшқан құстармен беттесті, Бұғымен кездесті, тау тағысы арқарға да жолығыпты, жорғалаған тышқандарда қарсы келгенге ұқсайды, сорлы балам жолбарыспен арпалысыпты, балыққа да ұшырасыпты, айдын көлге де түсіпті. Қайран ұлым, алып күштің иесі екеніңді аңдарға көрсеткенше, дұшпандарға неге көрсетпедің?! Тірімісің, өлімісің!?

  • Тоқта мына ою не деп тұр? Балаң екіге бөлінеді, жаны рухқа, тәні аруаққа айналды ма? –деп баласының өлгенін түсінеді.


«ҚОСМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.


 «АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

 

 «ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі  аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

 
«ҚЫРЫҚМҮЙІЗ» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).

 

«СЫНЫҚМҮЙІЗ»  морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды.


Қорытынды



Ежелгі ою-өрнектердің мазмұнына көпетеген ғасырлар бойы сақталып келген, қолданбалы өнер шеберлердің толық көлемдегі дәстүрлері енгізілген. Қолда бар деректерге сүйенсек, шеберлер өздерінің біртумасын құра отырып, оған табиғаттың өзінен алынған үлгілерді нақты беруге тырысты. Суреттерде жануарлар денесінің бір бөлігі: мүйізі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, қасқырдың құлағы, иттің құйрығы, сонымен қатар көптеген өсімдік түрлері бейнеленді. Ою-өрнектер ауызша халық шығармашылығына іспеттес, қазақ халқының мәдени шежіресі болып табылады. Біздер уақыт өте келе жоғалып бара жатқан өнер түрлерімен таныс болуымыз қажет. Ол өзге өнер түрлерінің: қолданбалы, бейнелеу, сәулет және т.б. өнерлердің арасында өзіне лайық орынға ие болуы тиіс.  

Ою-өрнек ісі- қазақ халқында ерте заманнан бастап-ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі.
Міне, біздің қазақ өрнектері малшылық, көші-қон, аңшылықты айналасындағы табиғатты түсініктердің сырт тұрпатын байқаудан туған ұғым негізінде дамығанын көреміз. Ою-өрнек өнері қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіресі. Ертеде жазу, сызу әлі қалыптаспаған заманда ата-бабаларымыз ою-өрнек арқылы өз өмірін бейнелеген, түсінік пайымын жеткізген. Шеберлер ою-өрнекті дамытып, халқымыздың тұрмысына терең еңгізген. Әр оюға мән беріп, өзіндік қасиетін, ерекшелігін ескеріп өз орнымен қолданған. Біздің міндет – осы дәстүрді жоғалтпай кейінгі ұрпаққа жеткізу!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Литература

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?ылыми ж?мысты? та?ырыбы: "Сырлы ою-?рнектер"

Автор: Баядилова Гульжанат Айтбаевна

Дата: 30.03.2015

Номер свидетельства: 193784


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства