Просмотр содержимого документа
«Жігіт сұлтаны, 5-6-7-8 сыныптарға арналған»
“Ер сұлтаны ” атты 5 сынып оқушылары арасында өтетін сайыс жоспары.
I тур – «Тегім менің» таныстыру.
II тур – Сұрақтарға жауап Анкеталық сұрақтар.
IІІ тур- « Менің сүйікті жұлдызым» (породия)
ІV тур – « Сегіз қырлы, бір сырлы» (ән немесе би)»
23.02.2015 күні сағат 16:00.
Бекітемін:
Күні:23.02.2015 Пәні: Тәрбие сағаты.
Сыныбы: 5 Тақырыбы:«Жігіт сұлтаны» Мақсаты: -адамның сыртқы тұлғасы мен ішкі жан-дүниесінің үндестігі, сұлулықтың мәні туралы түсінік беру; Міндеттері: - оқушыларды қыздың нәзіктігін, ұлдың батылдығын ажырата алуға үйрету; - оқушыларды сыртқы сұлулықты дұрыс түсіне білуге үйрету; - нәзіктілік, батыл болуға тәрбиелеу ; бастаушы: Құрметті ұзтаздар және ата-аналар! Сіздерді бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: “Жігіт сұлтаны” сайысын тамашалауға шақырамыз. Ер балаларға – батылдық пен ұстамдылық тән.Осыны түсіне білсе, олар күнделікті өмірде бір-біріне көмектесуге дайын тұрады. Ер балалар мен қыз балалар арасындағы достық өзара түсіністік, келісім және сыйластықтан басталады.
Бүгінгі «Жігіт сұлтан» атты тәрбие сағатымыз 5 кезеңнен тұрады.
I тур – «Тегім менің» таныстыру.
II тур – Сұрақтарға жауап Анкеталық сұрақтар.
IІІ тур- « Менің сүйікті жұлдызым» (породия)
ІV тур – « Сегіз қырлы, бір сырлы» (ән немесе би)»
V тур- Қорытындылау.
Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол шапалақтап, қошаметтеп ортаға шақырайық.
Сайысқа қатысушы жігіттер көпшілікпен сәлемдесіп, өздерін таныстырады. Жігіт сұлтанының бойында қандай қасиеттер болуы керек деп ойлайсың деген сұраққа жауап береді.
Ендеше « Тегім менің» атты І турымызға кезек берейік.
Жігіттер, жаман істі кәсіп етпе,
Досыңды бірге жүрген басып өтпе,
Басыңа әлдеқандай іс түскенде.
Келесі кезектіIІ. Анкеталық сұрақтар.
1.Оқушының бойындағы жақсы қасиеттерге нелер жатады?
2.Оқушының бойындағы жаман қасиеттерге нелер жатады?