kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Экологиялық  білім  мен тәрбиені  дамыту.

Мақсаты:

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
Өзара тәжірибе алмасу.

Бүгінгі таңда экологиялық білім беру  білім жүйелері дамуының өзекті мәселенің бірі. Экологиялық білімсіз қоғамдық экологиялық сана құру мүмкін емес. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, күннен-күнге туындап отырған экологиялық мәселелер мен олардың шешімін іздестіру өзінің көкейкестілігін дәлелдеуде. Ал бұл болса үздіксіз білім беру процесінде (отбасы→ балабақша →  мектеп) балалардың экологиялық тәрбиелілігін дамыту қажеттілігін күн   санап арттыра  түседі, өйткені қоршаған орта мен адамның денсаулығын сақтау  маңызды құндылықтың бірі болып табылады.

 Қазақстан   Республикасының  Президенті Н.Назарбаевтың ұсынған «2030 стратегиясы» бағдарламасында осы мәселеге айрықша көңіл бөлінгенін атап өткен жөн. Дамудың осы стратегиялық бағытына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау  министрлігі  1999 жылы   4 қаңтарда  «Экологиялық   білім  бағдарламасын» бекіткен  болатын.

Қазіргі заманғы экологиялық білім берудің негізгі мақсаты — қоғамдық сананы экологизациялау болып табылады. Міндеті — адамның тіршілік барысында қалыптасатын рухани ортасын сақтау. Ол өз кезегінде өмірдегі қоғамдық мәселелермен қатар, өзі тіршілік ететін ортаны басқаруды да белсенді, көрегендікпен шеше алатын жеке тұлғаның дамуына ықпал ету.

Экологиялық тәрбие– ол бала санасында табиғатты қорғау, аялау сезімін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.Экологиялық тәрбиенің мақсаты оқушылыр бойында экологиялық білім, көзқарас, сенім жүйесін қалыптастырып, сол арқылы олардың табиғатқа, қоршаған ортаға  парасаттылық, жауапкершілік, қарам-қатынасын жан-жақты қалыптастырып дамыту.
Мектепте  экологиялық  білім беруді  әрбір сыныптар бойынша жүргізілетін пән кіргізілуі керек.  Бұрынғы уақытта жалпы  экологиялық білім  көтеріле  қоймағаны өздеріңізге  мәлім. Ал қазіргі   уақытта,яғни бүгінгі таңда  нақты және  маңызды бөлек пән ретінде немесе пәнаралық  байланыстар ретінде пайдалану мектептер үшін өте қажетті  және керек. Біздің экологиялық   орталықта  қосымша  білім  беру педагогтары  бала  бақшалар мен  мектептерде экология  пәнін оқыу мақсатында үйірме  сабақтарын жүргізіп келеді.Үйрмелердің мақсаты-экологиялық  және әлеуметтік  мәселелердің  мәнін түсіндіру,қоршаған орта мен адам арасындағы  өзара   байланыстың   дамуына  талдау  жасауға үйретеді.Нәтижесінде  олар адам мен табиғат арасында тығыз байланыс бар екенін  түсініп,адамның  табиғатты орынды пайдалану  мәселесімен  біртіндеп  танысады. Оқушылардың экологиялық санасын тәрбиелеуде гуманитарлық және эстетикалық цикілдегі пәндердің де маңызы ерекше.
Тарих,  қоғамтану, мемелекет және құқықтық негіздері пәндерін оқу барысында табиғатқа рақымсыз қарым-қатынас жасауға болмайтындығын,ол үшін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың әрекетін реттейтін заң актілері жайында білім алады.Эстетикалық пәндер негізінде: әдебиет, көркем өнер, музыка сабақтары табиғаттың эстетикалық мәнін, оның өзінетән қайталанбас сұлулығын, адамға және жалпы қоғамға маңыздылығын ашып көрсетеді. Өнер табиғатты жандандырады, адамның сүйіспеншілігін оятады және оның бөлінбес бөлшегі екендігін ұғынуға мүмкіндік береді.Негізінен бірыңғай экологиялық білім беру, принципін жасау қажет.Яғни, экологиялық білім беру бағдарламасын неден бастап және қалай жүзеге асыруға болады? Оқушыларды негізінен өзінің айналасында неболып жатыр, міне осыны түсінуге баулау керек.

  1. Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары:

      табиғатқа бақылау жүргізу;

      табиғат көріністеріне суреттер салу;

      табиғат сырын түсіндіруге байланысты әртүрлі  баяндамалар, рефераттар жазу, альбомдар шығару.

Бала бақша тәрбиеленушілері мен мектеп оқушылары  және экологиялық орталықтың білім алушылары   арасында  «Табиғат әлемі  балалар көзімен», «Өмір тамшысы», «Бұлттарға айтыңдаршы құстар»  шығармалар мен суреттер сайыстары  жүргізіліп  отырады.

  1. Оқушылардың табиғат аясында істейтін  жұмыстары:

      табиғат  аясында  істелінетін  іс-тәжірибелік, сарамандық жұмыстар;

      әртүрлі бағыттағы серуендер, жорыққа шығу.

Экологиялық орталықтың   білім  алушыларымен  Түлкібас  ауданындағы  «Машат»  лагеріне, Бәйдібек ауданына қарасты  «Боралдай» шатқалына, Сайрам-Өгем мемлекеттік  ұлттық табиға паркінің  мұражайына танымдық саяхаттар жүргізілді.

  1. Оқушылардың  экологиялық  білімін жетілдіру жұмыстары:

      табиғат  қорғауға  арналған  ғылыми оқулар мен конференциялар;

      табиғат зерттеушілерімен, ғалымдармен кездесу;

      табиғат қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру.

Экологиялық  орталықта  Тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына  орай  облыстық оқушылар арасында «Экология  және балалар»  атты  жас экологтар форумы өткізілді.

  1. Қоғамдық пайдалы еңбек:

      жасыл жасақшылар тобын құру;

      табиғат қорғауға арналған сенбілік, жексенбілік, айлықтар өткізу.

«Айналамызды,анамызды аялайық»  сенбілігінде 300-ден астам  студент пен оқушылардың қатысуымен, Қазығұрт мөлтек ауданындағы «Комсомол» көлі маңында 3000 түп қарағаш көшеттерін  отырғыздық.

  1. Оқушылардың экологиялық білімдерін тексеру:

      экологиялық олимпиадалар, байқаулар ұйымдастыру;

      табиғат қорғауды жақсарту мақсатында тексеру жұмыстарын ұйымдастыру.

  1. Оқушылардың табиғатты аялауға сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс-шаралар:
  •       ат қорғау күнін (5 маусым) атап өту;

«Бүкіләлемдік  жануарларды қорғау» күніне орай  зообаққа білім алушылармен саяхат өткізіп, шығарма, сурет сайысы ұйымдастырылды.

  1. Оқушылардың өлкетану жұмыстары:

      этнографиялық-экологиялық мұражай ашу;

      мектепте  «Табиғат мүйісі» табиғат бұрышын ашу;

       ауылдағы табиғи ескерткіштерді қамқорлыққа алу.

      Табиғатты қорғау жөнінде ертегілер  шығару.

Мектепте жоғарыда көрсетілгендей мектептен тыс жұмыстарды өткізгенде оқушылардың ата-анасын  қамтыған  абзал.

Қазіргі заманға сай экологиялық идеология қажет. Егер біз, жас ұрпақты кішкентай кезінен бастап табиғатты сүюге тәрбиелемесе көп нәрседен ұтылатынымыз хақ. Әрбір тәрбиеші, мүғалім, маман, басшы, экология негіздерін жақсы білуі қажет. Сонда ғана, әрбір адамның  миында, қанында, көз қарасында қоршаған ортаны бүлдірмеу керектігі туралы негіз қалыптасады. Адамдар сонда ғана туған өңір табиғатын қорғауда белсенділік көрсете алады. Газет-журналдарға мақала жазу, баяндама жасау,теледидардан мәліметтер беру, жазушылармен, ғалымдармен кездесулер өткізудің нәтижелері мол болады. Адамдардың көздерін, адамды табиғаттың бір бөлшегі екендігіне жеткізу өте маңызды.
Жастарға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелерін зерттеу барысында экологиялық білім берудің негізі бастауыш сынып оқушыларының түсінігін парасатты іс-әрекетке бағдарлаудың табиғи жолы жеткілікті зерделенбегені байқалды. Біз парасатты дамытарлық экологиялық білімді жетігуге және оның даму барысына жете көңіл бөліне бермегені бүгінгі күннің проблемасын туғызды демекпіз. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен бастап табиғитты қорғау жолындағы жасандылықтан қорғаудан табиғилық, ұлттық мәртебеден туған экологиялық парасатты іс-әрекетке көшуге мемлекет тарапынан қолайлы жағдайлар жасалып келеді, Бірақ бұл мәселе экологиялық білім беру үдерісінде уақыт талабына сай жетілдірілуге тиіс.
     

Табиғатты қорғау – бүкілхалықтық іс.Оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, табиғатты қорғауға тәрбиелеу біздің үлкен міндетіміз болса керек.  

   Экология - жаңа, жас ғылым саласы. Бұған соңғы он-жиырма жылға дейін тіптен көңіл бөлінбей келген. Әбден табиғатымыз азып-тозғанда ғана, бұл ғылым саласына бет бұрдық. Енді болашақта, экология саласында білім берудің аясын кеңейте түсу қажет. Ең негізгісі, "экология" пәнін бала бақшаларынан бастап барлық мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында ашылуын қамтамасыз ету қажет. Алайда, жоғарыда айтылғандай, экологиялық ағарту жұмысы тек оқытумен ғана шектелмеу керек. Тәрбиенің басты құралы – ежелден келе жатқан ертегі жанры. Табиғатты қорғау жөнінде ертегілер жазылуы тиіс. Арнайы қызметкерлер алтын уақыттарын шетел мультфильмдерін қазақшаға аударуға жұмсағанша,  осындай  ғибрат  берерлік ертегілерге мультфильм жасап, отандық дүние ойлап табуы тиіс. Осы жолмен әрі бала жүрегіне отансүйгіштік  сезімін  ұялатсақ, әрі экология жақсаруына үлес қосуымыздың бастамасы болмақ. Сонда ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат корғаушыларын дайындауға  мүмкіндік  аламыз.

Елбасының «Мәңгілік Ел»  идеясы  тағы бір данамыз,қазақ экологы Асан қайғының осы тектес идеясымен  астасып  жатыр. Бұл «Жерұйық» идеясы.Бұл да –өте терең,ғажап идея. Халқының болашағын  ойлап,ел аласы,ру таласы  болмайтын жер іздеуі баяндалады.Елбасы Жолдауында  ұсынған «Мәңгілік Ел» идеясын Асан қайғы армандаған «Жерұйық»  идеясының жалғасы деп қарастыруымызға  болады. Бұл  дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-тәуелсіз  Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп,тәуелсіз елімізді  «Мәңгілік Ел»  етуді мұрат қылдық.Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында  сабақтастық болса ғана,біз «Мәңгілік  Ел» боламыз  деп  айтқандай.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туған жердің сұлу көркі шабыттандырған кестелі ой, көркем толғаныстары  баршылық. 

«Жалпақ  жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.»

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту баяндама»

Оңтүстік Қазақстан облысы  білім басқармасының  “Экологиялық орталық” МКҚК

Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының “Экологиялық орталық” МКҚК

“ Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту”

Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту”

Мақсаты: Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.  Өзара тәжірибе алмасу.

Мақсаты:

Білім беру ұйымдарында экологиялық білім мен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Өзара тәжірибе алмасу.

Қазақстан Республикасы Білім,мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда «Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен

Қазақстан Республикасы

Білім,мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі 1999 жылы 4 қаңтарда

«Экологиялық білім бағдарламасын» бекіткен

Отбасы 1 2 Бала-бақша Үйірме  3 4 Мектеп

Отбасы

1

2

Бала-бақша

Үйірме

3

4

Мектеп

Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары Оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары Табиғатқа бақылау жүргізу  Іс-тәжірибелік, сарамандық жұмыстар. Табиғат көріністеріне суреттер салу  Әр түрлі бағыттағы серуендер,жорыққа шығу. Content Layouts Баяндамалар ,рефераттар жазу,альбомдар шығару

Оқушылардың өз бетімен жүргізілетін жұмыстары

Оқушылардың табиғат аясында істейтін жұмыстары

Табиғатқа бақылау жүргізу

Іс-тәжірибелік, сарамандық жұмыстар.

Табиғат көріністеріне

суреттер салу

Әр түрлі бағыттағы

серуендер,жорыққа шығу.

Content Layouts

Баяндамалар ,рефераттар жазу,альбомдар шығару

Тәжірибелік жұмыстар

Тәжірибелік жұмыстар

Жер телімдері

Жер телімдері

Жер телімдері

Жер телімдері

Танымдық саяхат

Танымдық саяхат

Танымдық саяхат

Танымдық саяхат

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мұражайына танымдық саяхат

Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мұражайына танымдық саяхат

Жасыл жасақшылар тобын құру Табиғат қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар Табиғат зерттеушілерімен, ғалымдармен кездесу Табиғатты қорғауға арналған сенбілік, жексенбілік,айлықтар өткізу. Табиғатты қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру Экологиялық олимпиадалар,байқаулар ұйымдастыру.

Жасыл жасақшылар тобын құру

Табиғат қорғауға арналған ғылыми оқулар мен конференциялар

Табиғат зерттеушілерімен,

ғалымдармен кездесу

Табиғатты қорғауға арналған сенбілік, жексенбілік,айлықтар өткізу.

Табиғатты қорғауға бағытталған кештер ұйымдастыру

Экологиялық олимпиадалар,байқаулар ұйымдастыру.

"Экология және балалар" атты облыстық оқушылардың зерттеу жұмыстары мен жобалар конкурсы

«Бүкіләлемдік жануарларды қорғау» күні «Бүкіләлемдік жануарларды қорғау»  күніне орай зообаққа білім алушылармен саяхат өткізіп, шығарма, сурет сайысы ұйымдастырылды.

«Бүкіләлемдік жануарларды қорғау» күні

«Бүкіләлемдік жануарларды қорғау»

күніне орай зообаққа білім алушылармен саяхат өткізіп,

шығарма, сурет сайысы ұйымдастырылды.

Сенбілік, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары

Сенбілік, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары

“ Айналамызды,анамызды аялайық” сенбілігі

Айналамызды,анамызды аялайық” сенбілігі

Ауылдағы табиғи ескерткіштерді қамқорлыққа алу .  Этнографиялық-экологиялық мұражай ашу Оқушылардың табиғатты аялауға сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс-шаралар  Т абиғат қорғау күнін атап өту  Табиғатты қорғау жөнінде ертегілер шығару.

Ауылдағы табиғи ескерткіштерді қамқорлыққа алу .

Этнографиялық-экологиялық мұражай ашу

Оқушылардың табиғатты аялауға сүйіспеншілігін арттыратын мерекелік іс-шаралар

Т абиғат қорғау күнін атап өту

Табиғатты қорғау жөнінде

ертегілер шығару.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туған жердің сұлу көркі шабыттандырған кестелі ой, көркем толғаныстары баршылық.     Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады .

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы туған жердің сұлу көркі шабыттандырған кестелі ой, көркем толғаныстары баршылық. 

Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады .

Назарларыңызға рахмет!

Назарларыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Биология

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Экологиялық білім мен тәрбиені дамыту баяндама

Автор: Егизбаева Гулдана Сексенбаевна

Дата: 17.01.2017

Номер свидетельства: 380306

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Баяндама "БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА ЭКОЛОГИЯЛЫ? БІЛІМ МЕН Т?РБИЕ БЕРУ ЖОЛДАРЫ "
    ["seo_title"] => string(77) "baiandama-bastauysh-synyptarda-ekologiialyk-bilim-mien-t-rbiie-bieru-zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "149100"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1419950407"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(125) "Баяндама: "Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру"."
    ["seo_title"] => string(75) "baiandama_miektiep_zhasyna_dieiinghi_balalarg_a_ekologhiialyk_t_rbiie_bieru"
    ["file_id"] => string(6) "358063"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1478946452"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Баяндама "Кітапхана рухани т?рбие к?зі" "
    ["seo_title"] => string(41) "baiandama-kitapkhana-rukhani-t-rbiie-kozi"
    ["file_id"] => string(6) "152471"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1420861295"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства