Ересектер тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Білім беру саласы: «Денсаулық»
Пән: Қауіпсіздік мінез-құлық негіздері
Өтпелі тақырып: «Жер – Ана»
Тақырыбы: Жер біздің ортақ үйіміз
Мақсаттары:
Тәрбиешілік:Балалалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу
Дамытушылық: Балаларға флора және фауна туралы мәлімет беру
Оқыту: Өсімдік пен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілік және ұқыптылық қарым-қатынасты қалыптастыруды үйрету
Педагогикалық технологиялар: Түсіндіру, сұрақ-жауап,тақпақ
Ресурстармен қамтамасыз ету: Тақырыпқа байланысты көрнекіліктер
Көптілділік: жер-земля, үй-дом
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Әр адамның өз үйі бар, әр жануардың өз мекені бар. Әр өсімдіктің өзіне қолайлы өсетін жері бар.
-Бәрінің ортақ үйі қалай аталады?
Тәрбиеші глобусты үстел үстіне қойып, не екенін сұрайды.
-Глобустың пішіні қандай?
2.Негізгі бөлімі:
-Глобустан қандай түстерді көріп тұрсыңдар? Ол түстер нені белгілейді?
-Біздің жерімізде құрғақ жер көп пе, су көп пе?
-Сендер басқа қандай ғаламшарды білесіңдер?
-Осылардың ішінде ең әдемісі – біз өмір сүретін Жер ғаламшары. Жердің басқа ғаламшардан қандай айырмашылығы бар?
-Табиғаттың адам өміріндегі маңызы зор. Тіршілік иелері өмір сүру үшін не қажет?
-Тіршілік үшін қажеттің бәрі Жер бетінде бар.
Жұмбақ шешу.
Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
-Ауа не үшін керек?
-Ауа қандай?
Жұмбақ.
Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен.
-Су не үшін қажет?
Сергіту сәті.
-Ойланып көрейікші, адам жануарлар, өсімдіктер болмаса, өмір сүре ала ма? Олар адамға ен үшін қажет?
-Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды? Ал табиғатты, Жер бетін қорғау кімнің қолында?
-Ал кейбір адамдар табиғатқа қандай зтян келтіреді?
-Бірақ одай зиянды қылықтар жасауға рұқсат беріле ме? Адам табиғатты қалай қорғайды?
-Жер бетіндегі ақылды, мықты, білімді – ол Адам. Адам осы білімін, ақылын қайда қолдану керек?
-Жер бетін қорғау үшін ақылды, қайырымды бол керек. Олай болса, табиғатта өзін дұрыс ұстау ережесін еске түсірейік.
-Біз табиғат, Жер туралы көптеген мақалдар білеміз. Соларды есімізге түсірейік. «Пазлдар жинау» тапсырмасын орындау.
4-5 баладан бөлінген топтарға табиғатқа байланысты пазлдар беріледі.
Жеке жұмыс жүргізу.
3.Қорытынды:
-Егер сендер көршілерің, достарың, көшедегі адамдар гүлдерді жұлып, ағашты сындырып, қоқыс лақтарып жатқанын көрсеңдер, не істейсіңдер?
-Жарайсыңдар, балалар! Әрқашанда мына ұранды ұмытпайық: «Өз ғаламшарыңды сақта, өйткені ондай ғаламшар әлемде жоқ».