| Күні:08.05.18 Сынып: 1 «А» | Мұғалімі: Айтыгулова А.Ш Қатысқандар саны: | ||
| Сабақтың тақырыбы | Жер – ортақ үйіміз | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ұлттар көп – адамзат біреу, жұлдыздар көп – аспан біреу. | ||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | ||
| Жетістік критерийлері | Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. | ||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Жер анаға, мектепке, басқа ұлт өкілдеріне деген сүйіспеншілікті арттыру. | ||
| Пәнаралық байланыс | Өнер, жаратылыстану, дүниетану | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба, таныстырылым. | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы Жағымды көңіл күй Сәлемдесу үш тілде Үй тапсырмасын тексеру | Тыныштық сәті Топқа бөліну Сәсемдесу 139-беттегі Музафар Алимбаевтың «Бір ананың баласымыз» өлеңін оқу, жатқа айту. Жақсы сөз жылы тілектер жазылған жапырақтар мен гүлдерден (тілек ағашын) құрау | Аудиожазба Әуен Конфеттер Бұтақ Сахналау Бұтақ Жапырақтар Гүл шоқтары | |
| Сабақтың дәйексөзі | Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп. Абай Құнанбаев
| Портрет | |
| Мұғалім сыйы | «қызыл гүлімай » | Әнші, биші қыздар. | |
| Сергіту сәті Үш тілде | «Әрқашан күнсөнбесін» | Сергіту сәті қимылдарымен | |
| Жаңа сабақ | Жер ортақ үйіміз | Сахналап жұмбақтау | |
| Оқиға айту | Жер – біздің ортақ үйіміз Жер – адамдар тіршлік ететін ғажап мекен. Жер – адам үшін жайлы қоныс, алтын бесік. Асқар тау, ну орман, байтақ дала, айдын көл – осының бәрі жер сыйы. Көкте жұлдыздар көп, бірақ төбемізде бір аспан. Жерде өмір сүріп жатқан ұлттар көп, бірақ бәрі – бір азаматтық баласы. Күн мен ай бәрімізге ортақ. Барлық өзендер бір теңізге келіп құйылады. Барша адамдардың арманы мен тілегі бір. жер – біздің ортақ үйіміз. Ол бізге өажетінің бөрін береді. Өзі бізден ештеңе де сұрамайды. Жер – адамға тек риясыз қызмет етеді. Адамдар Жер-анаға сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарайды. Оны ұқыпты, таза ұстайды. Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштықты сақтау-адам баласына аманат. | ||
| Шығармашылық жұмыс, Топпен жұмыс. | Оқушыларды тәттілермен 3 топқа бөлу 1-топ: Сурет салады. 2-топ: Жапсырмалайды. 3-топ: Құндылықтардан блум түймедағын құрайды. | Қызыл, жасыл, сары тәттілер. Түсті қарындаштар, Қима қағаздар, Түсті қағаздар | |
| Сурет бойынша жұмыс | Тақпақтар | ||
| Топпен ән айту. | Дос болайық бәріміз! Өлеңін жазған: Хасенхан Талғаров Әнін жазған: Ибрагим Нүсіпбаев Әрқашан дос біргеміз, Ажырамас іргеміз. Ілгері жүріңдер, Достық жырын біліңдер. Ту ғып ұстап бірлікті, Еңбекті сүйіңдер! Қайырмасы: Дос болайық, бәріміз, Жарасып тұр өніміз Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз. Атсын күліп таңымыз. Қайраттанып қарышта, Озып шыққан жарыста. Батыл бас, жас ұлан! Самға биік алысқа, Жұлдыздарға, ғарышқа, Бойда күш тасыған. Қайырмасы: Отан біздің панамыз, Аман жүрсін анамыз. Нұрлы күн сөнбесін, Бақыт боп жанамыз. Жарық біздің санамыз, Кара бұлт төнбесін! Қайырмасы: | ||
| Қызықты тапсырма 8 минут | Ұшаққа тілек жазып, ұшыру. | Түрлі ұшақ қағаздар | |
| Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау. | Бас бармақтар | |
| Сабақтың қорытынды сәті: | Ал енді балалар бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта Отанға, елге, жерге, басқа ұлт өкілдерінедеген сүйіспеншіліктерді еске түсіріп, жүрегімізге сақтаймыз. | ||








