Ма?саты: Балаларды? ?аза?стан Республикасы туралы білімдерін ке?ейтіп, болаша?та ел азаматы атына лайы?ты болу?а т?рбиелеу, еліне, жеріне, Отанына деген с?йіспеншілігін арттыру.
?олдарына жалаушылар ?стап ?н ?уенімен балалар топ?а кіреді.
(Елта?ба, Гимн, Туды ?олдарына ?ста?ан балалар та?па? о?иды)
Бибіг?л: ?н – ?раным – жан ?раным,
Айтар ?нім - с?йлер с?зім
Ту?ан жерім – са?ынарым,
М??гі ба?и шыр?алады.
?н?раным-мені? ?аза?станым!
Даурен: Туымыз?а к?гілдір,
Бір ?арамай ?тпейміз
Сол к?к туды? астында,
К?гереміз, к?ктейміз.
Н?расыл:
К?к аспандай к?кпенбек
?аза?стан жалауы.
К?к емес ол тектен-тке-
Елді? ашы? ?аба?ы.
Аружан: ?аза?станны? мемлекеттік Елта?басында к?гілдір т?с аясында ша?ыра? бейнеленген. Ша?ыра?ты айнала к?н с?улесіндей тарап уы?тар шашыл?ан. Елта?баны? т?менгі жа?ында – «?аза?стан» деген жазу бар. ?аза?станны? Елта?басыны? ре?дік бейнесі алтын ж?не к?гілдір т?сті.
?н: «?р?ашан к?н с?нбесін»
Есік тарсылдатып, бізге Білгішбек келеді.
Білгішбек: Балалар мен сендерге с?ра?тар ала келдім, жауап бересі?дер ме?
Балалар: Ия
Білгішбек: Біз ?андай елде т?рамыз?
Балалар: ?аза?стан
Білгішбек: Д?рыс
Балалар бізді? елбасшымыз кім?
Балалар: Н.?. Назарбаев
Білгішбек: К?не кім елбасшымыз туралы та?па? біледі?
Просмотр содержимого документа
«Т?уелсіздік - тірегім »
«Тәуелсіздік тірегім»
Мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы туралы білімдерін кеңейтіп, болашақта ел азаматы атына лайықты болуға тәрбиелеу, еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Қолдарына жалаушылар ұстап ән әуенімен балалар топқа кіреді.
Сабақ еліміздің Әнұранымен басталады.
Тәрбиеші: Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалайды шапағыү
Байтақ елім Қазақстан,
Ең бақытты балалардың Отаны.
Тәрбиеші: Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: Елтаңба, Ту, Гимн!
(Елтаңба, Гимн, Туды қолдарына ұстаған балалар тақпақ оқиды)
Бибігүл: Ән – ұраным – жан ұраным,
Айтар әнім - сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым,
Мәңгі бақи шырқалады.
Әнұраным-менің Қазақстаным!
Даурен: Туымызға көгілдір,
Бір қарамай өтпейміз
Сол көк тудың астында,
Кқгереміз, көктейміз.
Нұрасыл:
Көк аспандай көкпенбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тке-
Елдің ашық қабағы.
Аружан: Қазақстанның мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шашылған. Елтаңбаның төменгі жағында – «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстанның Елтаңбасының реңдік бейнесі алтын және көгілдір түсті.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Есік тарсылдатып, бізге Білгішбек келеді.
Білгішбек: Балалар мен сендерге сұрақтар ала келдім, жауап бересіңдер ме?
Балалар: Ия
Білгішбек: Біз қандай елде тұрамыз?
Балалар: Қазақстан
Білгішбек: Дұрыс
Балалар біздің елбасшымыз кім?
Балалар: Н.Ә. Назарбаев
Білгішбек: Кәне кім елбасшымыз туралы тақпақ біледі?
Даурен: Болашағымыз Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Адил: Халқымыздың Елбасын қорғауы
Елбасына қайрат пен рух берер
Қазақстанда кедейшілік болмауы
Елбасымыздың халқымызға жолдауы.
Аружан: Еліміздің жетістігін бүгінгі,
Елбасының саясаты деп білем.
Бұл өмірде кім данышпан десе біреу,
Нұрсұлтан Назарбаев дер ем мен.
Айбек: Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Нұрасыл: Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасына қолдайық.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған
Жасай берсін, Нұрсұлтан Назарбаев
Білгішбек: Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?
Балалар: Алматы, Астана, Қызылорда, Қараганды.
Білгішбек: Балалар өте жақсы жауап бердіңдер мен енді кетейін мына менім сыйлығымды сабақ біткен соң апайларын береді. Сау болыңдар.
(ортаға денелерін тік ұстап, жас ұландар келеді)
6-бала: Туған тілді білу парыз, туған жерді сүю парыз. Отаңды қорғау парыз!
Тәрбиеші: Біздің балалар өз отандарын жақсы көреді екен.
Кәне кім отан туралы тақпақ біледі?
Райымбек:
Ортақ бізге Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жер ортақ,
Ортақ бізге барлығы
Әділ:
Отан – сенің ата-анаң,
Отан досың, бауырың.
Отан өлкең, астанаң.
Отан аудан, ауылың.
Ақерке:
Атам, Әжем, Әкем, Апам,
Төртеуі де «Отан» маған,
Төртеуі де «Ботам» дейді,
Мақтанамын Отаныммен.
Диана: Мен оның күнін сүйем,
Түнін сүйем
Мен оның құдіретті,
Тілін сүйем.
Балалр сендер ойнағыларын келе ме?
Ойын: «Кім жылдам»
Ойынның шарты: екі бала шығады, сол шыққан екі бала Қазақстан картасын құрайды, ал екінші столға екі бала шығады, екеуі туды жабыстырады.
Ерназ, Адил-туды жабыстырады.
Айбек, Көркем-картаны құрайды.
Би: «Домбыра»
Тәрбиеші: Балалар, Ақтотымен, Айару Отан туралы салған суреттерін алып келіпті.
Ақтоты: Менің атым Ақтоты мен төрт жастамын. Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстан туралы сурет салдым. Отан- менің мақтанышым
Бақыт ел-бұл Отан,
Бұл Отанды сүйемін.
Біздің Отан – Ұлы Отан,
Мен Отанды сүйемін.
Айару:
Менің атым Айару мен төрт жастамын. Менің Отаным- Қазақстан. Біз бәріміз тату-тәтті өмір сүреміз.
Отан - әжем
Отан – анам
Туған ел-деп
Туған жер-деп
Ол бекерге аталмаған
Жансая:
Отан-туған үйіміз,
Отан-туған жеріміз.
Отан-ортақ үйіміз,
Отан-ән мен күйіміз
Шахназ:
Гүл жайнаған Астана
Қазақстан Отаны.
Бірін-бірі сыйлаған
Туысқандар Отаны
Көркем:
Көлі інжу, жері гүл!
Қарты сыйлы, ері дүр!
Дәстүрі олртақ, салты озық.
Қазақстан елі бұл
Азат:
Алтын таңның аясында,
Бақытты өскен баламыз.
Еркін өмір шат заманда
Шырқан әнге саламыз.
Асадали:
Бақытты болып жүргенім,
Сенің арқан Қазақстан.
Елім менің-тірегім,
Құшағында гүл атам.
О.Тоғжан:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталысын.
Тату-тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Би: «Қазақстан»
Сара:
Көк Тудың асқақ көтерген,
Елді мақтан етем мен!
Терезесі тең, сыйлас,
Алыс, жақын шетелмен.
Ерназ:
Он алтыншы желтоқсан-
Тәуелсіздік алған күн.
Мерекесі ел тосқан,
Атам менен барған күн
Айғаным:Байақ қазақ даласын,
Ақ көгершін шарлады.
Қуаныш, шаттық, жақсылық,
Халыққа ол сыйлайды.
Жанерке:
Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой.
Отандастар ұғады
Тәуелсіздік-ұлы той.
Би: «Қуыршақ»
Хор: «Қазақстан» әні
Осымен біздің «Тәуелсіздік тірегім» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Қош сау болыңыздар!