kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Жаратылыстану "Жол тәртібі"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тәрбиеші: Нуридилла Б.А.

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: Жол тәртібі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Жаратылыстану "Жол тәртібі"»

Жол тәртібін  білейік, аман есен  жүрейік
 Тәрбиеші: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
              Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
             Ескеріп ешбір адам емдемейді.
            Жүк емес жануарға жүз адам да,
            Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді.  

Тәрбиеші:: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
        (кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
                      Бар әдемі үш көзім,
                      Алдамаймын, аңғарсаң,
                      Ақылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
                             Үшбұрыш боп тұрамын
                             Қателеспес үшін де,
                             Көз сал маған, шырағым!
                             Құрар үйде сауықты,
                             Жолдан аман келсе адам-
                             Жолда күткен қауіпті
                             Ескертемін мен оған.    
Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,
белгісі:           Қажеті бар тыйымның.
                       Қызыл шеңбер ішінен
                      «Болмайды!» деп бұйырдым.
                       Тұрады әркез сапта аман-
                       Сол тыйымды сақтаған.
                       Тыйым көрсең, тұра қал-
                      Әрі қарай аттама!
Анықтама        Түнде, күндіз, кеште де
белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-
                          Аңғармайсың ештеңе
                          Анықтама болмаса.
                          Ой-шұңқырды алдағы,
                          Қалай өту керегін,
                          Жылдамдықты, ал, кәне,
                         Анық айтып берейін!
Көрсеткіш          Жол созылмақ қаншаға,
белгісі:                Қайда асхана, монша бар,
                            Қонақүй бар қай жерде,
                            Қайда музей, қай көрме...-
                            Көрсетемін саған дәл,
                            Не көрсетсем, соған бар!
  Арслан:       Шофер біткен бүгінде
                     Жол тәртібін біледі.
                     Бағдаршамның түбінде
                     Ережемен жүреді.
Тәрбиеші:: Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек?
               Ашса кезек үш көзін,
               Айтты деп ұқ, үш сөзін:
               -Тоқта!
                   -Сақтан!
                      -Жол ашық!
               Жүрме жолға таласып.
 Тәрбиеші:: Балалар, жүргізүші неге жүрісін баяулатты?
Камаля: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.

 Тәрбиеші: Ол белгінің ішінде неге жануардың  суреті тұр?
Ерасыл: Бұл «Абайла! Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып мүмкін.
 Тәрбиеші:: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады.
Аружан: Мектептердің  жанындағы көшеде балалардың суреті  салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.
Бастаушы: Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса, біз орманға да келіп қалған болдық қой. Әне, қараңдар, Аю мен Қонжық кетіп бара жатыр.
              Көрініс «Аю мен Қонжық»
Аю:     Көшеден өтереде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.
Қонжық:  Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.
Аю:        Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.
Тәрбиеші:: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра» - яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.
Дінмұхаммед: Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.
Қонжық: Рахмет, енді түсіндім.
Аю:  Балалар, қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын!

 Тәрбиеші: Ал біз әрі қарай кеттік, жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, қөбелектер гүлден гүлге қонады.  (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)
Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде,  рульді бура алмай, құлатып тастады.
Қоян: Ой! Суайт! Қалай өтірік 
айтасын. Өзің емес пе, «мен күшті-і тебем, мен күшті тебем» деп мақтанып, рульге отырған. Неге маған бале жабасың?

 Тәрбиеші:: Жарайды, дауласпаңдар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр?                                                                  
Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі.
Тәрбиеші: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме?
Қасқыр: Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі      тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.

 Тәрбиеші:: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың.
-    Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?
Адина: Айболит атамыз, бәрін де емдейді. 
              Ауырса адамды, аңды да емдейді. 
              Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз. 
              Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді.

 Тәрбиеші:: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?
Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр?
Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай, 
               Жармасып малы бар машина артына 
               Домалап түстім де, 
               Шыңғырдым құлындай.
Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін 
                 Тәртіпті бұзыпсың. 
                 Қарынның қамы үшін міне, енді 
                 Еңіреп тұрғаның ұят-ай, 
                 Аяқты сындырып, басынды жарыпсың.
Аңдар:- Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.
           - Машинаға жабыспайтын боламын.
           - Рахмет, Айболит ата.
Дастан: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр.

 Тәрбиеші:: Балалар, онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақты тамақтар туралы жасырайын:
             Үсті тас,асты тас,
             Ортасында піскен ас. (нан)
                    Алыстан қарасам аппақ
                    Татып қарасам тәтті-ақ      (қант)
       Айдалада ақ отау,
       Аузы,мұрны жоқ отау, 
       Отыз күнде сол отау,
       Айдалада жоқ отау.  (жұмыртқа)
                   Сылдыр сүйық,су емес,
                   Ішсең сусын қанады,
                   Ақ болса да қар емес,
                   Шешуін кім табады? (сүт)
Тәрбиеші:: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық.
         Ән:       «Бағдаршам» 
       («Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді). Мынау қандай белгі, балалар?
Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.

 Тәрбиеші: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.
            Шуақты өміріміз күндей куліп, 
            Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
            Арманға сапар тарту мүмкін емес,
            Жол жүру ережесін білмей тұрып.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Жаратылыстану "Жол тәртібі"

Автор: Нуридилла Балауса Арданқызы

Дата: 18.05.2019

Номер свидетельства: 510926

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(193) "МОДУЛЬДІК О?ЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ Т?РТІБІНДЕ ?АЗА? ТІЛІ МЕН ?ДЕБИЕТ САБА?ТАРЫН ?ТКІЗУДІ? Д?СТ?РЛІ ЕМЕС ФОРМАЛАРЫ "
    ["seo_title"] => string(118) "modul-dik-ok-ytu-tiekhnologiiasy-t-rtibindie-k-azak-tili-mien-diebiiet-sabak-taryn-otkizudin-d-sturli-iemies-formalary"
    ["file_id"] => string(6) "210733"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1431495834"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(105) "Сабақтың тақырыбы: "Жердің ауа қабаты" жаратылыстану пәні"
    ["seo_title"] => string(60) "sabak_tyn_tak_yryby_zhierdin_aua_k_abaty_zharatylystanu_p_ni"
    ["file_id"] => string(6) "452588"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516910489"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(55) "Т?рт т?лік жайында?ы ?ле?-жырлар"
    ["seo_title"] => string(31) "torttulikzhaiyndagyolienzhyrlar"
    ["file_id"] => string(6) "285884"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1454254999"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(86) "Логикалы? есептер (факультативтік курс) 4 сынып "
    ["seo_title"] => string(49) "loghikalyk-iesieptier-fakul-tativtik-kurs-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "186054"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1426267909"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары»"
    ["seo_title"] => string(59) "ok_ushylardyn_funktsionaldyk_sauattylyg_yn_arttyru_zholdary"
    ["file_id"] => string(6) "398144"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1488802221"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства