Жұмбақ:
Шомыласың жүзесің,
Шөлдегенде ішесің (су)
- Өте жақсы балалар!
Ғажайып сәт
Балалар бір дыбыс естіледі, ненің дыбысы екенің тыңдайықшы.
- Бізге қонаққа Тамшы келіпті.
- Қане, балалар, қонақпен сәлемдесейік.
-Бірақ өзі неге сондай көңілсіз екен?
Тамшы: Сәлем, достар! Балалар, мен сендермен достасқым келеді. Сендер сияқты білім алып, оқығым келеді. Мен өзім туралы ештеме білмейді екенмін. Сондықтан менің көңіл күйім жоқ.
- Тамшы, кел төрлет, біз бүгін су әлеміне тәжірибе жасаймыз.
- Өзіңнің кім екеніңді білгің келе ме?
- Тамшы: Әрине білгім келеді.
- Ендеше сен де мұқият тыңдап отыр.
-Балалар! - Көп тамшыдан су пайда болады. Суды бекерге төкпей үнемдей білуіміз керек. Дана халқымыз "Судың да сұрауы бар"деп айтатыны сондықтан.
Ия балалар бізге су әрқашанда керек екен. Сендер дұрыс айтасыңдар: өсімдіктерге де су кажет екен. Ал адамдарға су тамақ істеуге, жуынуға, ішуге керек.
Олай болса судың қасиеттерімен танысайық, суға тәжірибе жасайық
Тәжірибе жасау.
1 тәжірибе: «Су мөлдір
Тәрбиешінің алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдыста да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды
2 тәжірибе: «Судың түсін өзгерту.»
Тәрбиеші бояу жағылған қылқаламды суға арластырады.
-Судың түсі қандай болды балалар?
-Судың түсін өзгертуге бола ма?
Билингвальды компонент:
Су-вода.
Сергіту жаттығуы
- Олай болса балалар, шаршаған боларсыңдар, орнымыздан тұрып бой сергітіп алайық.
Сылдырлайды мөлдір су,
Мөлдір суға қолың жу.
Жуынсаң сен әрдайым,
Аппақ бетің, маңдайың.
Тазалықтың досы,
Су дегенің осы.
- Балалар біз бүгін ермесазды жұмсарту арқылы тамшыны мүсіндейміз.
Көк түсті ермексазды алақан арасында домалақтап, алақанның жоғарғы жағын ашып ілгері – кейін ысамыз.
-Балалар жұмыс жасар алдында саусақпен ауада жаттығып алайық.
Тамшы: Менің өзіме жетерліктей қасиетім бар екен. Балалар, енді менің сендермен ойын ойнағым келіп тұр.
Қимылды - қозғалыс ойыны:
"Күн мен жаңбыр"деген ойынды ойнайық.
Ойын шарты: Балалар «Күн шықты!»- деген сөзге серуендеп, «Жаңбыр жауды! – деген сөзге қол шатыр астына жиналуы керек.
Мақсаты: Балалардың көріп, естіп қабылдауын жетілдіре отырып, жылдамдыққа, жүгіруге және ереже бойынша ойнауға үйрету. Балалардың іс - әрекетке ынтасын арттыру.
Тамшы: - Балалар, сендерге көп - көп рахмет!Мен туралы көп біледі екенсіңдер. Менің мүсінімді ермексазбен де мүсіндеп бердіңдер.Сендерге үлкен рахмет.Мен сендерге арнап сыйлықтар әкелдім..Сау болыңдар!
- Тамшы, саған да көп рахмет!
Біздің балалармен ойын ойнап көңілдерін көтеріп тастадың. Келесі кездескенше қош сау бол!