Мотивациялық-қозғаушылық | Сәлемдесу. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Барша жанды құрметтеп, Бас иеміз біз. “Біз аңдарды жақсы көреміз” (жылулық шеңбері) Қоян қорқақ - сәбізді жақсы көреді, Түлкі қу - терісі оның әдемі Аю аңқау - балды жақсы көреді. Қасқыр батыр әрі залым келеді. Тиін жаңғақты шағып жейді. Бұлардың бәріде бізге тимейді.
| Балалар бір - бірімен сәлемдесіп, амандасу рәсімін жасайды. Балалар “Біз аңдарды жақсы көреміз” деп хормен және өз қалаулары бойынша жануарлардың ерекшеліктерін айтады. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | Жануарлар тірі табиғаттың негізгі бөлігі. Жануарлар екіге бөлінеді: Үй жануарлары және жабайы жануарлар. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі ерекше әрі қызықты. Олардың адам үшін пайдасы да өте зор. Жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі, ит, мысық, тауық адамның үйінің маңайында тіршілік етеді. Сол үшін үй жануарлары деп аталады.
Жабайы аңдар - табиғи жағдайда өз бетімен тамақ тауып, тіршілік ететін жануарлар. Жабайы жануарлардың түрлері өте көп. (көрнекілік арқылы түсіндіру) Жануарлардың үй жануарлары және жабайы жануарлар болып екіге бөлінетінін (оларға қандай жануарлар жатқызылатынын ) меңгереді. Жануарлар табиғаттың бір бөлігі екенін білді. - Балалар, енді ЭО - тан "Жануарлар әлемі" туралы тыңдап көрейік. - “Балаларын ата?” - Мақсаты: Үй және жабайы аңдарды бір - бірінен ажыратуға үйрету; - Шарты: - Допты лақтыру арқылы жануарлардың баласының атын атаймыз. - Қоян - - Қасқыр - - Аю - - Жылқы - - Сиыр, - Қой -
Сергіту сәті: Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді. Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды, Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді. Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді. Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді.
| Балалар үнтаспадан жануарлар түрлерімен танысады.
Балалар допты бір - біріне лақтыру арқылы жануарлардың балаларын атайды. Қоянның баласы - көжек, Қасқырдың баласы - бөлтірік, Аюдың баласы - қонжық Жылқының баласы - құлын Сиырдың баласы - бұзау Қойдың баласы - қозы Сергіту жаттығуын орындайды. Аю, қонжық қимылын салып, ұялардан бал іздейді. Мойындарын оңға, солға бұрады. Орман ішін аралап, ағаштарды шайқайды. Аяқтарын көтеріп, қуанғаннан билейді.
|