Іздену – ұйымдастырушы | Қызығушылық сәт: -Балалар,қазір жылдың қай мезгілі? -Ия,дұрыс -Күзде неше ай бар? -Жақсы, күздің қазір соңғы айы екен,яғни қыс басталып жатыр. Енді балалар айтыңдаршы жануарлар нешеге бөлінеді? -Қандай,кім айтады? -Дұрыс. -Үй жануарларына нелер жатады? -Олар қайда өмір сүреді? -Ал, дала жануарлары нелер? -Олар қайда өмір сүреді? -Немен қоректенеді? Ал,енді сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Ендеше, қазір біз мынау тұрған «Достық» пойызына отырып орманға барамыз. Орман у-шу аңдардың шулаған дауыстары. Енді балалар, сол аңдарға жетуіміз үшін,біз мынау өзеннен өтуіміз керек. Ол үшін біз мынау тақтайшалардан көпір құруымыз керек. -Балалар қай түсті тақтайша ұзын? Қайсысы кішкентай? -Жақсы балалар -Балалар,біз қайда келдік? -Қараңдаршы, орманда сендер не көріп тұрсыңдар? -Бұл қай мезгілдің орманы? -Жақсы балалар енді мен сендергежұмбақ жасырайын. Яғни: Қыс бойында жатады Тәтті ұйқыға батады. Ол не екен,балалар? Дұрыс балалар,бұл аю екен.Ал сендер білесіңдер ме,аю нені жақсы көреді,не жейді? -Ол қалай жүреді? -Аю туралы кім тақпақ біледі? Балалар, аю ағаштың қай жерінде отыр? -жүні қандай? Жарайды аю туралы біледі екенсіңдер. Енді мен сендерге тағы да бір жұмбақ жасырайын. Сыбдыр шықса қашады Қырдан бір-ақ асады Ол не? -Дұрыс. Енді қоян қайда отыр екен? -Қоян қандай аң? -Ол не жейді? -Түсі қандай? -Құлағы қандай? Қоянның ерекше бір қасиеті бар екен балалар. Олар жыл мезгілінің өзгеріп отыруына байланысты терісінің түсін де өзгертіп отырады. -Қыста қандай түсте болады? -Жақсы,жарайсыңдар. Енді қоян туралы кім тақпақ біледі? Енді балалар,біз жол жүріп шаршадық,қазір денемізді шынықтырып алайық. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалып сыбдырды Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Енді балалар, мынау ағаштың алдында не өсіп тұр? -ия,жақсы. -олар қандай? -Үлкені нешеу? -Кішісі нешеу? -Дұрыс,жақсы. Енді балалар анау ағаштың басында тұрған қандай аң екен? -Тиын немен қоректенеді? Енді мында тиынның тамағы жаңғақтар жатыр екен,олар нешеу? Балалар,енді біз түлкіні көрген жоқпыз ия,қане іздейікші түлкі қайда екен? Түлкі ағаштың артына тығылып қалыпты,неліктен? -дұрыс. Оның жүні қандай? -Қалай жүреді? -Түлкі қандай? Енді түлкі туралы кім тақпақ айтады? Жақсы балалар енді шаршаған шығармыз,ойын ойнап жіберейік. Ойын: «Жабайы жануарларды тап» Ойынның шарты: Балалар мен сендерге жануарлардың аттарын айтамын,ал сендер тек жабайы жануарлардың аттарын айтқанда ғана қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Ойын: «Жоғалған аңды тап» Шарты: Мен тақтаға бірнеше аңдардың суретін ілемін, қарап алыңдар.Сендер көздеріңді жұмасыңдар,мен біреуін алып тастаймын қандай аң жоқ екенін айтасыңдар. Ойын: «Қайсысы қайда тіршілік етеді?» Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Олай болса біз саяхатты аяқтап,топқа баруымыз керек. | -Күз мезгілі -Үш ай -екіге бөлінеді. -үй жануарлары және дала жануарлары. -жылқы,сиыр,қой,ешкі т.б. -Адамдар бағады,қолға үйретілген. -аю,түлкі,қоян,тиын,қасқыр. -орманда,далада,адамдардан алыс жерлерде. -олар өздерінің тамақтарын тауып жейді. -Ия -балалар өте қуанышты. Балалар дауыстарды естіп қуанады. -Балалар тақтайшалардан көпір құрады. -көк -қызыл -Орманға -Ағаштарды,аңдарды -Күзгі орман. Шешуі: Аю -Бал жейді. -қорбаңдап деп балалар жүріп көрсетеді. Балалар тақпақтарын айтады. -ағаштың алдында отыр. -қоңыр -Қоян Шыршаның алдында отыр. -Қорқақ -сәбіз,шөп,қырыққабат жейді. -Ақ -Ұзын -Ақ түсте болады. Балалар өз тақпақтарын айтады. Балалар қимылмен сергіту сәтін жасайды. -саңырауқұлақтар. -үлкен және кіші -Төртеу -бесеу -тиын -жаңғақпен -бесеу. Балалар түлкіні іздейді. -өйткені ол қорқақ -қызғылт -балалар жүріп көрсетеді. -қу Балалар тақпақтарын айтады. Балалар ойынды қызыға ойнайды. Балалар ойынды кезек-кезек ойнайды. Балалар қызыға ойнайды. Балалар саяхаттың ұнағанын айтады. Балалар пойызға отырып топқа оралады. |
Рефлексивті – Коррекциялаушы | Ал, енді балалар сендер жаңбырдың қалай жауатынын білесіңдер ме? Балалар екі топқа бөлініп,біріншісі-жапырақтардың түсуін. Екіншісі-жаңбырдың жауып жатқанын бейнелейді. Балалар біз қайда саяхат жасадық? Орманда қандай мезгіл екен? Күз мезгілі екенін қайдан білдіңдер? Орманда қандай аңдарды көрдіңдер? -Тағы не көрдіңдер? Жақсы,жарайсыңдар! | -ия,білеміз деп жерді тырс-тырс етіп ұрады. Балалар суретті салады. Біз орманда саяхаттадық. Орманда күз мезгілі екен. Жапырақтар жерге сарғайып түсіп жатыр,күн суытты. -аю,түлкі,қоян,тиын. шыршаларды,саңырауқұлақтарды,жаңғақтарды көрдік. |