(Ұ) Шаттық шеңбері: Сабағымыз басталып Көңіл күйді сыйласын. Өлең оқып, ән салып, Мейірімділік жайласын. Айтқанның бәрін түсініп, Күнде бестік алайық! Үйімізге кешкісін Қуанышпен барайық! Қимылды ойын: Психологиялық сәт: «Болады, болмайды» Мұғалім сөздерді айтады, ал балалар солай болуы мүмкін болса онда қолдарын шапалақтайды. Егер мүмкін болмаса аяқтарын тоқылдатады. Түлкі орманда жүр – қолдарын шапалақтайды. Қасқыр ағаш басында отыр – аяқтарын тоқылдатады. Піл өте кішкентай – аяқтарын тоқылдатады Сиыр аспанда жүр - аяқтарын тоқылдатады. Маймыл банан жеп отыр - қолдарын шапалақтайды. Аю бал жеп отыр- қолдарын шапалақтайды. Жылқы мөңіреп тұр – аяқтарын тоқылдатады. Топқа бөлу (балалар қиылған суретті жинау арқылы топтарының атын анықтайды) БАЛАЛАРДЫ ТАПСЫРМА ОРЫНДАҒАНДА БАҒАЛАУ (асық арқылы) Бейне таспа ЖАНУАРЛАР туралы 1-тапсырма. Жануарлар қайда тұрады ( мына жануарлар қайда өмір сүреді?. Жануарлардын дыстауы арқылы үй жануарлары мен жабай жануарлардын қайда тұратының анықтаймыз . Тіршілігін салыстырамыз) 2-тапсырма Жануарлардың төлдері қалай аталады (топпен жұмыс) Жабайы жануарлардың төлдері қалай аталады? (Дәптермен жұмыс) Түлкінің төлі – жаутаң Қоянның төлі – көжек. Аюдың төлі – қонжық. Тиіннің төлі –тиіннің баласы Қасқырдың төлі – бөлтірік. СЕРГІТУ СӘТ: Орманда не бар? Жан-жануар бар Қорбаңдаған аю бар Секеңдеген тиін бар Ұшып қонған қарға бар Бұлтаңдаған түлкі бар Балалар, орманға барыңдар! Таң-тамаша болыңдар. 3-тапсырма . Дидактикалық ойын: Жануарлар немен қоректенеді . (ақылды сағат арқылы) 4-тапсырма Жануарлардың екінші бөліктерін сызық арқылы сызып көрсет Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту. Ақылды үкі арқылы бағалау |