Просмотр содержимого документа
«Жаңбыр кімге керек»
Екінші кіші «» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің
конспектісі.
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Әлумет»
Пән: Қоршаған орта
Өтпелі тақырып: «Жер-Ана»
Тақырыбы: «Жаңбыр кімге керек ?» Тамшы үлкен бұлтта қоңақта
Мақсаттары:
Тәрбиелік: : Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге .
Дамытушылық: бұлттың түзілу себептерін, жауын-шашынның қалай пайда болатынын түсінеді.
Оқыту: Балалардың ауа мен су жайлы білімін ұштау; балаларға ауаның жер бетіне қалай таралатынын түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар: Дамыту технологиясы,ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: Бұлт,жаңбыр
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Жер дегенде -2 қолды көтеру,
Су дегенде -2 қолмен төмен қарай желпу
Ауа дегенде -2 қолды сыртқа қарай желпу
Күн дегенде алысқа қарау
Хормен: Күн, ауа, су, жер –біздің достарымыз.
-өте жақсы балалар. Орындарыңа отыра қойыңдар.
. –Ал, қане балалар біз өткен сабақта қандай тақырып өттік?
-Ауа,жел.
-Ауа бізге не үшін керек?
-Ауа бізге тыныс алу үшін керек.
-Ауа қалай қозғалады?
-Ауа түрлі жылдамдықпен қозғалады.
-Жел дегеніміз не?
- Ауаның жер бетімен қозғалысын жел деп айтамыз.
- Желдің қандай түрлері болады?
-Самал жел, күшті жел,дауыл.
2.Негізгі кезең:
Балалар кім айтады, бұлт дегеніміз не?
(мұнда оқушылардың ойлары мен жауаптары тыңдалады)
1.Бұлт туралы түсінік жүргізіледі:
Жер бетінде су көп. Су өзен,көл,теңіз,мұхит түрінде таралған. Су ұдайы буланады. Ауада көзге көрінбейтін су буы әрқашанда бар. Ауа салқындағанда будан судың өте майда тамшылары пайда болады. Тұман және бұлт осындай тамшылардан тұрады.Тұман төмен жер бетінде, ал бұлт биік аспанда болады.Бұлттағы майда су тамшылары бір-бірімен бірігіп, іріленеді. Бұлт түнеріп, бірте-бірте қара бұлтқа айналады.
Бұлттар көшіп жүреді. Оларды жердің бетімен жел айдайды.
Шарбы бұлт Будақ бұлт Қабатты бұлт
Слайдтармен жұмыс жүргізу.
Шарбы бұлт: ең биіктікте жүреді және ең жеңілі 6км.-18км.биіктікте түзіледі.
Будақ бұлт- 2-ден-6км дейінгі биіктікте. Будақ бұлттың түсі сұрдан қараға дейінгі аралықта.
Қабатты бұлт-ең ауыр және төменде орналасқан. Олар жер бетінен 2км. Биіктікте пайда болады.
2. Жауын-шашын туралы түсінік.
Жаңағы айтып кеттік қой майда тамшылар бір-бірімен бірігіп,іріленеді бұлтқа айналады.Су тамшылары ауырлайды да, ауа оларды ұстап тұра алмайды. Олар жерге жаңбыр болып жауады
Жаңбыр-жылдың жылы мезгілінде жауады.
Қыста будан қар ұлпалары түзіледі.
Жазда ауаға су буы жинақталады. Түнде жер беті ауаға қарағанда тезірек салқындайды. Жылы ауа салқын жер бетімен жанасқанда, одан су тамшылары бөлініп шығады. Су тамшылары шөпке, топырақтың бетіне түседі. Ол-шық. Күздің соңы мен қыста қырау пайда болады.