kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ақ қоян" ашық сабақ

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Сандарды санау, салыстыру, геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін, қиялын, есте сақтап түсіну, сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру.Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру, бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Буратино, математика, жұмбақтар, мақал- мәтел, жаңылтпаштар аялдамасы, геометриялық пішіндер, үйшіктер.

Балалар қараңдаршы, бізге қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.

Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?

Балалар : Жүрек

Тәрбиеші: Қане, балаларжүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.

Балалар: Аспанымыз ашық болсын

Күніміз жарқын болсын

Еліміз тыныш болсын

Ауырмайық, денсаулық болсын

Нанымыз көп болсын

Ата- анамыз аман болсын

Бейбітшілік болсын

Балабақша гүлдене берсін!

Апайлар аман болсын

Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы

Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?

Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.

Тәрбиеші: Жақсы  балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.

Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?

Балалар: Күз  мезгілі

Тәрбиеші: Күздің  қандай айы

Балалар: Қараша  айы

Тәрбиеші: Балалар күз  мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар: Күз мезгілінде күн суытып салқындайды, кейде жаңбыр жауады, жел соғады, жер балшық болады, құстар жылы жаққа  ұшып кетеді, адамдар жылы киіне бастайды.

Тәрбиеші: Балалар біздер күзді неге алтын күз, жомарт күз деп атаймыз?

Балалар: Күзде өсімдіктер, астықтар піседі, көкөніс пен жеміс жидектер көп болады

Жарайсыңдар балалар, ал қараша айын неге қоңыр күз дейміз?

Жаңбыр жиі жауады, ауа- райы салқындайды, жапырақтар жерге түсіп, қурайды.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса күз  туралы  кім тақпақ  айтып береді, кім күз туралы тақпақ біледі?

Көктем қандай көңілді

Көктен жаңбыр төгілді,

Мөлдір аспан ашылып,

Күннің көзі көрінді.        Мерей

Көктем, көктем көктемде

Құстар келіп жеткенде

Қуанып бір қаламыз

Әнмен қарсы аламыз! Дильназ

Тәрбиеші: Балалар енді «Қай ойыншық жоқ» ойынынойнап жіберейік

Ойынның тәртібі: Ойыншықтар стол үстінде тұрады, балалар көздерін жұмады. 1,2,3, дегенде көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін тауып айтады.

Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?

Буратино: Саламатсыздар ма балалар

Балалар: Саламатсыз ба Буратино

Буратино:Балалар осы жер «Ғажайып білім әлемі ме»

Тәрбиеші: Жоқ Буратино, бұл жер балабақша

Буратино: Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Кілтімді іздеп келе жатып, жолда ақ тиінді көріп едім, кілтіңді «Ғажайып білім әлеміне» барсаң табасың деді. Мен «Ғажайып білім әлеміне »қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып, осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?

Тәрбиеші: Еш уайымдама,  Буратино

Қане балалар Буратиноға көмектесеміз бе

Балалар: Иә, көмектесеміз

Тәрбиеші: Олай болса балалар Буратиноны ертіп, жол көрсетіп, «Ғажайып білім әлеміне»бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?

Тәрбиеші: Балалар саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, сол қиындықтарды бірге жеңе білейік. Ол үшін бір- бірімізді сыйлап, тыңдауымыз керек. Балалар қане енді паровозға мініп, жолға шығайық.

Тәрбиеші: балалар міне біз 1-шіаялдамаға да келіп қалыппыз

Бұл бірінші аялдама: «Математика» аялдамасы екен

Бірінші аялдама бізге мынадай тапсырмалар тапсырыпты:

1-10 ға, дейін тура және кері санау

Геометриялық фигуралардың пішіндерін ажыратып, түстерін ата

Үйшіктің терезелерін  тауып жабыңдар

2-шіаялдама  бізге жұмбақтар жасырыпты

Екінші аялдама «Жұмбақтар» аялдамасы екен

Бой жаза алмай, ойнай алмай

Денең мұздап тоңады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?     (Күз)

Таңмен көзін ашады

Әлемге нұрын шашады.  (Күн)

Тырс- тырс тамады

Сайға қарай ағады.         (Жаңбыр)

Дидактикалық ойын: «Топтап жина»

Мақсаты:Балаларды топтай білуге және оларды санай білуге үйрету

Балаларды екі топқа бөліп суреттерді топтап жинауға үйрету

Сергіту сәті: Орнымызда тұрамыз,

Дөңгелекті құрамыз

Қолымызбен шапалақтап,

Аяқпенен ұрамыз

3-шіаялдама  «Бау- бақша» аялдамасы. Бау- бақша аялдамасы көкөністер мен жемістерді араластырып қойыпты. Бақшаға барып жемістер мен көкөністерді ажыратыңдар депті.

Қане балалар бақшаға барайық. Ой, балалар алдымызда көлшік жатыр ғой, одан қалай өтеміз? Аяғымызды ластамай, батпаққа батпай,көлшіктен ақырындап, абайлап  өту үшін не керек?

Балалар: Көпір керек

Тәрбиеші: Балалар мына жерде таяқшалар жатыр екен, енді осы таяқшалардан көпір жасайық. Қане балалар мына таяқшалардың түсі қандай? Міне балалар бау- бақшаға да келіп қалдық.

Балалар жемістерді талға іледі, көкөністерді жерге отырғызады.

4-ші аялдама «Мақал- мәтел» аялдамасы

Біздерге мақалдарды толықтыр депті. Қане кім айтады?

Аққуды атпа, досыңды сатпа

Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын

Ағаш тамырымен, адам бауырымен мықты

Білімі жоқ адам, тұзы жоқ тағам

Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Ақыл азбайды, білім тозбайды

5-ші аялдама  Дидактикалық ойын: «Кім жылдам, дұрыс құрастырады?»

Буратиноның кілтін құрастыру

Буратино : Алақай, алақай менің кілтім табылды. (Қақпаның аузында, Буратиноның алтын кілті тұрады.) Қақпаның үстіңгі жағында «Ғажайып білім әлемі» деген жазуы бар.

Тәрбиеші : Балалар қараңдаршы біз алтын қақпаға да келіп қалыппыз. «Ғажайып білім әлемі» деген осы жер балалар. «Ғажайып білім әлемі» бізге ең бастысы

білім сыйлады. Біз бәріміз бірігіп, қызықты тапсырмалар орындадық, Буратиноға кілтін табуға көмектестік.

Буратино: Балалар сендерге көп-көп рахмет. Сендер маған «Ғажайып білім әлеміне» баратын жолды көрсетіп, алтын кілтімді табуға көмектестіңдер,  көптеген тапсырмалар орындадыңдар.Өмірде тек білімді емес, қайырымды балалар екендеріңді көрсеттіңдер. Мен осындай «Балбөбек» балабақшасының тапқыр, ақылды, білімді балаларының барына қуанып тұрмын.Мен сендерге және қонақ апайларға арнап гүл ала келдім. Ол жәй гүл емес, әрқайсының ішінде сіздерге арналған өлең шумақтарым  бар.

(Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалады)

Тәрбиеші: Міне балалар Буратиноға көп көмек көрсеттіңдер. Кілтін табуға көмектестіңдер. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды, тапқырлықтарыңды, қиындықтан қорықпайтындарыңды көрсеттіңдер.Осымен «Ғажайып білім әлеміне» саяхатымыз аяқталды, енді өзіміздің тобымызға оралайық.

Қорытындылау: Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік?

Өте жақсы балалар, енді қол ұстасып, бір- біріміздің жүрек жылуымызды сезініп, бүгінгі саяхатымызды аяқтай отырып қонақтар мен қоштасайық

Қол ұстасып тұрайық

Шеңберді біз құрайық,

Көріскенше күн жақсы

Сау- саламат болайық.

Сау болыңыздар!

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ақ қоян" ашық сабақ»

Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Құқық пен міндет және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтау – бәрінен де маңызды» тақырыбындағы акцияның сценарийі


Байзақ ауданы, 12 шілде 2018 жыл

Сарыкемер ауылы сағ 10.00

Сарыкемер мектеп-гимназиясы


Әуен ойнап тұрады. Проектордан слайд көрсетіліп тұрады.


1-жүргізуші:Армысыздар құрметті қонақтар, ауыл тұрғындары!

2-жүргізуші: Байзақ ауданы Сарыкемер мектеп-гимназиясында «Құқық пен міндет және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтау – бәрінен де маңызды» тақырыбындағы акцияға қош келдіңіздер!


1-жүргізуші: Бүгінгі акциямыздың мақсаты-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркісіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдаған Жолдаудың міндеттерін орындауға ауылдың саяси және экономикалық мәдениетін, елдің бірлігін, ұлт денсаулығын, жастардың біліктілігін, білім мен әлеуметтік және құқықтық ақпараттық қызметін дамытуға азаматтарды жұмылдыру және халық бірлігін нығайту мен қоғамдық келісімді сақтау үшін медиация институтының мүмкіндіктерін қолдану арқылы әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтау, алдын алу және реттеудің түрлі жолдарын табумен қатар, мемлекет пен үкімет емес ұйымдар арасындағы маңызды серіктестік тетігі мен диалог аумағын дамыту болып табылады.


Aim: State of the Nation Address By the President of the Republic Nursultan Nazarbaev called “New opportunities under the fourth industrial Revolution”. To fulfill the tasks set in the address , to develop mobilization of citizens for realization of their political and economic culture unity of the country, health of nation, to enlarge competence and education of youth, social and legal information services.


Цель нашей акции: это ведение совместной деятельности, государственных органов, не правительственных, общественных организации, судебных, правоохранительных, местных исполнительных и других административных органов. Выявление, предупреждение и определение вариантов решения актуальных социальных проблем посредством использования возможностей института медиации и развития диалоговых площадок и механизмов эффективного партнерства государства и неправительственного сектора, основанного на конструктивном позитивном общении для укрепления единства народа и сохранения общественного согласия в рамках Послания Президента страны Н.А.Назарбаева "Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции"

2-жүргізуші:Бүгінгі іс-шараға қатысып отырғандар:

Округтердің әкімдері мен кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының жетекшілері.

Орта және кіші бизнес өкілдері.

Ауыл тұрғындары.

Аудан жастары.

Медиаторлар Ассоциациясының мүшелері.

Облыстан және ауданнан келген қонақтар.

Қонақтармен танысып өтсек:

Жамбыл облысының мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «Қоғамдық келісім» аппарат басшысының орынбасары Тәжиева Гүлмира Маханбетқызы;

Жамбыл облысы бойынша медиация және құқықтық бітімгерінің медиаторы-Сафонова Лариса Владимировна;

Жамбыл облысының азаматтық альянстың заңгері-Зайнуддинов Абдурахман Юлдашевич;

Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жанынан құрылған ақсақалдар кеңесінің төрағасы Джанабаев Рахметжан Еркешұлы;

Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халықтарының Ассамблеясы жанынан құрылған медиаторлар кеңесінің менеджері-Досыбиева Валентина Николаевна;

Жамбыл облысы бойынша азаматтық альянстың директоры-Рысқұлбекова Раиса Беделбайқызы;

«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары-Байтақова Шолпан Қайратқызы;

Бәйтерек ауылдық округінің ақсақалдар кеңесніңі төрағасы Айтбаев Сабит Айтбайұлы;

Байзақ ауданы сотының төрағасы- Тлеубеков Ерғазы Утенұлы.

Байзақ ауданының прокуроры- Тілеу Бағлан Байтабайұлы.

Байзақ аудандық ІІБ полиция полковнигі Зауырбеков Асылхан Әзімханұлы.

Байзақ аудандық Әділет басқармасының басшысы Тойшыбеков Шақмаран Абдикадірұлы.

Байзақ аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім бсшысы Бошай Қанат Дәлібайұлы.

Байзақ аудандық жергілікті полиция қызметкерінің бастығы Дәуренбеков Арман Бейсенбайұлы.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Асқар Қадырқұлов.

Байзақ ауданы білім бөлімінің басшысы Абдимомынов Әбдікерім Әбдіқалиұлы.

Байзақ ауданы білім бөлімінің бас маманы Коленбаева Балнұр Абашқызы.

«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Сәрсенов Рабат Болатұлы.

Байзақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы Омаров Әділхан Сыздықбайұлы.

Байзақ ауданының ардагерлер кеңесінің орынбасары Ермеков Серік;

Байзақ аудандық кеңеснің төрағасы Құрманбаев Жұманғали Серікбайұлы.

Байзақ ауданы психологтары мен медиаторларының Ассоциациасының төрайымы Көшекбаева Ғаини Ақылбекқызы.

Байзақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры Әсет Құрманалиев Ерболұлы.

Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермеков Елнұрбек Сайлаубекұлы.


2-жүргізуші: Бүгінгі акциямызға тағы да қош келдіңіздер! Келесі кезекте «Шаттық» биі.


1-жүргізуші: 2018 жылдың 10 қаңтарында Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кезекті “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауын жариялады. Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.

2-жүргізуші: Елбасы Төртінші өнеркәсіптік революцияны жүзеге асыруға бағытталған 10 міндетті нақтылап берді.

БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.

ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.

ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.

БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.

АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».

ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.

СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.

ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.

ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.


2-жүргізуші: Елбасы Жолдауындағы тоғызыншы бағыты – еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған күресті күшейту мен мемлекеттік органдардағы процестерді, соның ішінде олардың халықпен және бизнеспен қарым қатынасын цифрландырудың маңызды жақтары мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын автоматтандыру мәселелері айтылды.

Жолдауда Елбасы азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдік беру, заң үстемдігін күшейту, құқық қор­ғау қызметін ізгілендіруді тапсырды.


1-жүргізуші: Құқық дегеніміз - мәжбүрлеу жазалау емес, бәріміздің өзара түсіністікпен тыныштықта өмір сүруімізді талап ету.
Құқық - әділеттілік, теңдік, ізгілік, еркіндік қағидаттарына негізделген тәртіп ережелері. Сонымен қатар мемлекет арқылы қамтамасыз етіледі, жалпыға бірдей нормалар жиынтығы болып белгіленген. 

Біздің елімізде адамның және азаматтық құқықтары мен бостандықтары Ата Заңымыздың толық, жан – жақты көрініс тапқан. Өйткені ҚР Конституциясы еліміздегі барлық заңдардың қайнар көзі болып табылады.


2-жүргізуші: Конституция-Қазақстан мемлекетінің негізгі заң, ол халықтың еркін білдіреді, мемлекеттің құқықтық негізін, азаматтардың құқықтық жағдайын анықтайды және мемлекеттің халықты басқару қызметін айқындап береді


Азаматтың конституциялық міндеті республиканың заңын сақтау болып табылады. Бірінші жағынан, заң талаптарын бұзбау, қылмыс істемеу, әкімшілік жүктелген міндетті орындау. Екінші жағынан-өзіне жүктелген міндетті орындау деген сөз.

  1. Азаматтың басқа бір конституциялық міндеті-басқа адамдардың да құқығын, бостандығын, қадір-қасиетін құрметтеу.

  2. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға,басқа адамдардың құқықтарын,бостандықтарын,абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.


1-жүргізуші:  Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен және міндеттерінен тұрады.


Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.



2-жүргізуші: Елімізде 18 қараша 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаны да баршаға мәлім.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет.


1-жүргізуші: Қазақстанға әлемнің неғұрлым бәсекеге қабілетті 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік берген азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру, ұлттық экономиканың өсуі, бизнесті жүргізу жағдайларын, халықтың құқықтық сауаттылығы мен әлеуметтік белсенділігін жақсарту, электрондық үкіметті енгізу жөніндегі қолданылып жатқан шаралар да заңға бағыну мәдениетін және жүріс-тұрыстың жалпы қабылданған сыбайлас жемқорлыққа қарсы модельдерін қалыптастыру үшін алғышарттар жасайды.

Бұл Жолдау-қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ.


2-жүргізуші: Ол көпір Заңның үстемділігі болмақ. Заңның сол бір түрі -«Медиация», яғни халық бірлігін нығайту мен қоғамдық келісімді сақтау үшін медиация институтының мүмкіндіктерін қолдану арқылы әлеуметтік өзекті мәселелерді анықтау, алдын алу және реттеудің түрлі жолдарын табумен қатар, мемлекет пен Үкімет емес ұйымдар арасындағы маңызды серіктестік тетігі мен диалог аумағын дамыту болып табылады.


1-жүргізуші: -Медиация және құқық орталықтарда қоғамның әлеуметтік тұрғыдағы тобына жататын тұлғаларға-дау-дамайлар мен келіспеушіліктер туындағанда ақысыз құқықтық көмек көрсету және оларды тегін медация жолымен реттеу.

-Қоғамдағы кейбір өзекті мәселелерді, даулар мен келіспеушіліктерді медиация мүмкіндіктерін қолдану арқылы реттеу мен азаматтық қоғамды дамыту барысында кездесетін сұрақтарды шешуде үкімет емес ұйымдардың құрмет пен беделге ие қоғамдық көшбасшыларының қатарынан медиаторлар тобын қалыптастыру.


2-жүргізуші: Ендеше акциямыздың ресми бөліміне кезек берейік.

Кіріспе сөз аудан әкімі Рахманбердиев Рахметілдә Сегізбайұлына беріледі.

(аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Мұратұлы Ақбаев мырзаға)


1-жүргізуші: Келесі «Даулы мәселелерді шешудегі заңнаманың тиімділігі» атты өз баяндамасын жасау үшін сөз М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Асқар Қадырқұловқа беріледі.


2-жүргізуші: Келесі баяндама жасау үшін сөз Бұрыл ауылдық округінің әкімі Әліқұлов Ерік Елубайұлына беріледі. Баяндама тақырыбы: «Бұрыл ауылдық округінің бүгінгі әлеуеттік, экономикалық және құқықтық ақпараттық қызметін дамыту жоспары»


1-жүргізуші: Келесі «Медиация қызметінің даму үрдістері» тақырыбындағы баяндамасымен сөз Бәйтерек ауылдық окуругінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы, медиатор Айтбаев Сабит Айтбайұлына және медиатор Серік Балабековке беріледі.


2-жүргізуші: Келесі баяндаманы жасау үшін сөз Байзақ ауданы прокурорының аға прокуроры Молдашев Есболат Арыстанбекұлына беріледі. Баяндама тақырыбы: «Адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау жолдары».


2-жүргізуші: Келесі баяндаманы жасау үшін сөз Абланов орта мектебінің директоры: Есжанова Айгүл Сабыржанқызына беріледі. Баяндама тақырыбы: «Мектеп, отбасы, қоғам-игілікке болашақ үшін бірге».


1-жүргізуші: Баяндама жасау үшін сөз «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Сәрсенов Рабат Болатұлына беріледі. Баяндама тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің атқырылған іс-шаралары».


2-жүргізуші: Ән: «______________». Орындайтын:_________________________



1-жүргізушісі: Бүгінгі «Құқық пен міндет және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтау – бәрінен де маңызды» тақырыбында ой алмассақ.


  1. Сөз Байзақ ауданы сотының төрағасы Тлеубеков Ерғазы Утенұлына беріледі.

  2. Келесі сөз Байзақ ауданының прокуроры Тілеу Бағлан Байтабайұлына беріледі.

  3. Байзақ аудандық жергілікті полиция қызметкерінің бастығы Дәуренбеков Арман Бейсенбайұлына беріледі.

  4. Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіподақ комитетінің төрағасы Ермеков Елнұрбек Сайлаубекұлына беріледі.

  5. Жамбыл облысының азаматтық альянстың заңгері-Зайнуддинов Абдурахман Юлдашевичке беріледі;

  6. Жамбыл облысы бойынша азаматтық альянстың директоры-Рысқұлбекова Раиса Беделбайқызына беріледі;

  7. Жамбыл облысы бойынша медиация және құқықтық бітімгерінің медиаторының төрайымы Сафонова Лариса Владимировнаға беріледі.

  8. «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары-Байтақова Шолпан Қайратқызына беріледі;


1-жүргізуші: Қазақстан жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек. Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!


2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ауыл азаматтары! Құқық пен міндет – бәрінен де маңызды» атты акциямыз өз мәресіне жетті. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет. Енді келесі кезекте азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қоғамдық қабылдау басталады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Презентации

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
"Ақ қоян" ашық сабақ

Автор: Абдраимова Асем Абджалиловна

Дата: 16.07.2018

Номер свидетельства: 475024

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Ақ қоян" тақырыбында ашық сабақ"
    ["seo_title"] => string(32) "ak_koian_takyrybynda_ashyk_sabak"
    ["file_id"] => string(6) "508039"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1555926695"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(116) "ашы? саба?ты? жоспары "Жабайы а?дар" мектепке дейінгі даярлы? топ "
    ["seo_title"] => string(74) "ashyk-sabak-tyn-zhospary-zhabaiy-an-dar-miektiepkie-dieiinghi-daiarlyk-top"
    ["file_id"] => string(6) "150732"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420550327"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(47) "Ашы? саба? "Си?ырлы сандар" "
    ["seo_title"] => string(27) "ashyk-sabak-sik-yrly-sandar"
    ["file_id"] => string(6) "158575"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421764124"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Б?гінгі білім- ерте?гі болаша?ым ашы? саба? "
    ["seo_title"] => string(51) "bughinghi-bilim-iertien-ghi-bolashag-ym-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "202466"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1429260311"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Сауат ашу. Та?ырыбы : х дыбысы ашы? саба?"
    ["seo_title"] => string(42) "sauat-ashu-tak-yryby-kh-dybysy-ashyk-sabak"
    ["file_id"] => string(6) "301923"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457012748"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства