Ұйымдастыру іздену | Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? -Дұрыс айтасыңдар балалар. -Балалар, қыста қандай ерекшеліктер болады? Иә, өте дұрыс айтасыңдар. Біздер, бүгін орманда мекендейтін «Жабайы аңдармен» танысамыз. Балалар, сендер қандай жабайы аңдарды білесіңдер? Ол аңдарды қайдан көрдіңдер? Суретпен жұмыс. Қыста ақ Жазда сұр болады. Бұл қандай аң? -Өте дұрыс. Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады. Қоян немен қоректенеді? Балалар қоянның құлағы қандай? Құйрығы қандай болады? Қоян орманда, далада мекендейді. Өсімдіктермен, шөптермен қоректенеді. Қоянның құлағы ұзын, құйрығы қысқа. Артқы аяқтары алдыңғы аяқтарына қарағанда ұзын. Сондықтан биіктеу жерлерге тез көтеріледі, ал биіктен түсерде қоян қиналады, кейде домалап та кетеді. Қоянның көзі басының ортасында емес, екі жағында орналасқан. Ол артынан,, не жанынан кездесіп қалған аңды тез байқап қалады. Тісі өткір. Қояндар өзіне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. Бұта түбінде, орман жиегінде тіршілік етеді. Түнге қарай азық іздеуге шығады. Қыста қалың қар астына тығылады. Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды, ол кісіні. Бұл қай аң? Қасқыр қандай аң? Қасқыр немен қоректенеді? Өзім айлакер, өзім бір қу, Жүрген жерім айқай да шу. Бұл қай аң балалар? Түлкі қандай аң? Түлкі немен қоректенеді? Жаз бойы қыдырады, Қыста ұйықтап тынығады. Бұл қай аң? Аю қандай аң? Аю немен қоректенеді? Балалар жабайы аңдар орманда, таулы жерлерде, далада өмір сүреді. Өз азықтарын өздері тауып жейді. Олар күннің суығында ад, ыстығында да далада өмір сүреді. Балалар аңдардың да пайдасы бар. Олардың терісінен тон, ішік, жаға жыл киімдер жасайды. Балалар енді бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті. Ай шымшық, ай шымшық, Аю қалай жүреді. Аю былай, былай жүреді, Дәл осылай жүреді. Ай шымшық, ай шымшық, Түлкі қалай жүреді. Түлкі былай, былай жүреді. Дәл осылай жүреді. Ай шымшық, ай шымшық, Қоян қалай жүреді. Қоян былай, былай жүреді. Дәл осылай жүреді. «Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісін айтып берейін. Ерте, ерте, ертеде Қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күніне шақырады. Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендіреді. Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне Түлкіні, қасқырды, Аюды шақырады. -Туған күнің құтты болсын, ақ қоян!-деп Түлкі бірінші келді. Ол қоянға ең сүйікті асы сәбізді алып келді. -Үйің қандай жылы, көйлегің қандай әдемі,-деп Қасқыр келді. -Аю кешігіп келді. Аю кешіккеніне кешірім сұрап, Қоянға бал әкелді. -Туған күнің құтты болсын!-деп Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып, ұзарып кетті. Содан бері Қоянның құлағы ұзын екен. -Балалар Қоянның құлағы не себептен ұзын екен? Қоян достарын неге шақырды? Түлкі Қоянға не сыйлады? Аю қандай сыйлық әкелді? | Қыс мезгілі. Қыста күн суық болады. Қар жауады. Боран соғады, аяз болады. Адамдар жылы киімдерін киеді. -Қасқыр, қоян, түлкі, аю. -Теледидардан, суреттерден көрдік. Қоян. Ең сүйікті тағамы сәбіз. Шөптермен қоректенеді. Ұзін. Үлпілдеген қысқа. Қасқыр. Үлкен, жыртқыш аң. Өзінен кішкентай аңдармен, шөптермен. Түлкі. Азулды, жыртқыш аң. Түсі қызыл. Тышқандармен, шөптермен қоректенеді. Аю Үлкен жыртқыш аң. Түсі қоңыр. Жазда жеміс-жидектермен, балмен, ал, қыста ұйықтайды. Сергіту сәтін балалар қимылмен орындайды. Аю маң-маң басып жүреді. Түлкі бұлаң қағып жүреді. Қоян үркіп жүреді. -Аю құлағынан тартқан соң ұзарып кеткен. -Туған күніне. -Сәбіз -Бал сыйлады. |
Рефлекстивті түзету | -балалар, жарайсыңдар. Сендер бүгін жабайы аңдарды атап беріңдер. Дидактикалық ойын. «Таны да ата» Ойынның шарты: Жабайы аңдардың макеті берілген. Жабайы аңдар немен қоректеніп атап айтып, көрсетіңдер. Жабайы аңдарға нелер жатады? Олар қайда мекендейді? Немен қоректенеді? Сау болыңдар, балалар! | -Қоянның сүйікті асы-сәбіз. -Қасқыр етпен қоректенеді. -Түлкі тауық жейді. Аюдың сүйікті асы –бал. Қоян, қасқыр, түлкі, аю. Орманда, далада. Шөптермен, қоян сәбізбен, аю балмен қоректенеді. |