| Мотивациялық қозғаушы | Балаларды әліппе-дәптермен, үлестірмелі материалдарымен, оқу құралдарымен таныстыру. | Оқу іс-әрекетіне қажетті құрал-дармен танысады. | 
  | Іздену-ұйымдастырушы |  Әліппе-дәптердегі шартты белгілермен таныстыру.  Әліппе-дәптермен жұмыс. /3-5/-беттер  №1 тапсырма.   Сурет бойынша балаларға сұрақтар қою. -Балалар не істеп жүр? -Неше қыз бала ойнап жүр? -Аспанда не бар? №2 тапсырма. -Балалар, суретші көкөніс пен жемістерді дұрыс бояған ба? -Кім суретшінің қатесін табады? 
 
 -Балалар, көкөніс пен жемістерді өзінің түсіне сәйкес бояймыз. Төмендегі шартты белгімен жұмыс жүргізу. -Жасыл, дөңгелек пішіндес затты табамыз. -Жасыл, сопақша пішіндес затты табамыз.  Сергіту сәті. Қане, шеңбер құрамыз, Қолымызды созамыз. Бір отырып, бір тұрып, Оңға, солға қараймыз. №3 тапсырма.   Геометриялық денелерді түстеріне қарай іріктеу.   №4 тапсырма.   Конструктор бөлшектерін санату.   
 Дәптердегі үлгіге қарап суретті бояту. | Шартты белгілермен танысады. 
 
 
 
 -Балалар ойнап жұр. -5 қыз ойнап жүр. -Аспанда кемпірқосақ бар. 
 -Жоқ, дұрыс емес. 
 -Қарбызды қызыл түспен бояп қойған. Қиярды сарғыш түспен бояған. Т.б. жауаптар айтады. Көкөніс пен жемістерді өзінің түстеріне сәйкестендіріп бояйды. 
 -Қарбыз. -Қияр. 
 Қимыл-қозғалыс жасайды.   
 
 
 
 Геометриялық денелерді түстері-не қарай бөледі. 
 Конструктор бөлшектерін түсте-ріне қарай санайды.   Суретті бояйды. | 
  | Рефлексті коррекциялаушы | Балалар, бүгін қандай жұмыстар орында-дық? | Оқу құралдармен таныстық. Дәптердегі шартты белгілермен таныстық. Көкөніс пен жемістер-дің суретін боядық. Заттарды түстеріне ажыраттық. |