Мотивациялық қозғаушылық: Ұйымдастыру Іздестіру: | Шаттық шеңбері: Тіршілікте не қымбат? Денсаулығың зор қымбат. Бәріненде ыстық қой, Отан-Ана жер қымбат. Тіршілікте не қымбат? Ойнап күлген күн қымбат. Естен кетпес алаңсыз, Бақытты балалық кез қымбат. Психологиялық сәт: Балалардың назарын аудару. -Валеология оқу іс-әрекетінен нені оқып үйренеміз? -Балалар,бізге ақыл-кеңестерді кімдер береді? -Балалар,бізге шақыру қағазы келіпті.Бізді дәрігер Салауат ағайларың «Денсаулық әлеміне» қонаққа шақырыпты.Барамыз ба, балалар? Олай болса, « Білімділер» кемесімен, «Балалық» теңізі арқылы «Денсаулық әлеміне» саяхатқа шығамыз.Бірақ жолымызда көптеген кедергілер бар екен.Су ханшайымы,су патшасы,сегіз аяқтардың берген тапсырмаларын орындамасақ,олар біздің кемеміздің жүзуіне кедергі жасайды екен.Сол үшін де бар білгенімізді айтып,тамсырмаларын орындайық. Жарайды ма, балалар? 1-Тапсырма: Тазалық пен спорт жайлы кім қандай тақпақтар біледі? -Жарайсыңдар, балалар, сендер сұрақтарға жауап беріңдер.Ханшайым риза болып жолымызды бөгемейді.Алға қарай жүземіз.Саяхатымызды жалғастырамыз. (Балалар тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап берген кезде, үстел үстіне дайындалған кеме жылжиды) 2-Тапсырма: Денсаулық жайлы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер? -Жарайсыңдар балалар.Сендер мақал –мәтелдерді жақсы айтады екенсіңдер. Саяхатымызды жалғастырайық. (кемені жылжытамыз) 3-Тапсырма:Тамақты не үшін және қалай ішеміз, дәрумендер түрлерін атап бересіңдер ме? -Менің балаларым сондай ақылды, сендердің жауаптарыңның арқасында «Денсаулық әлеміне» саяхатымыз әрі қарай жалғасын табатын болады. (кемені жылжытамыз) - Қанекей балақайлар сергіп алайық! Таңертеңмен тұрамыз, Жаттығуды жасаймыз. Беті – қолды жуамыз, Әдемілеп киініп, Тамақтанып аламыз, Балабақша есігін Қуанып біз ашамыз. Тақпақ айтып, ән айтып, Дем алып біз, ойнаймыз. Көп білімді үйреніп, Үйімізге қайтамыз. 4-Тапсырма:Күн тәртібі туралы не білесіңдер? (Балалар күн тәртібі туралы слайдтан толық көріп, соны әңгімелеп беріңдер) -Балалар, сендер тамаша әңгімелеп бердіңдер, алға қарай жүземіз. (кемені жылжытамыз) Дидақтикалық ойын: «Кім жылдам дұрыс құрастырады?» қорапшалардағы заттардан дене мүшелерін құрастыру. 5-Тапсырма: Ситуациялық сұрақтар. «Саябақтың ішінде топпен келе жаттыңдар.Жолдың үстінде үлкен шалшық су жатыр.Не істер едіңдер?» «Сендер достарыңмен немесе ата – аналарыңмен келе жатып таза су жоқ жерге тап болдыңдар. Жаныңда ластанған лай суы ағып жатыр.Сен де, қасыңдағы адамдар да қатты шолдеді.Таза суы бар жерге жету үшін біраз уақыт жүруін керек.Сендер қатты шөлдеп, шыдай алмай тұрсыңдар.Күн ыстық не істер едіңдер?» Жарайсыңдар балалар, сендер өз ойларыңды жақсы айтып бердіңдер. Мінекей, балалар, «Денсаулық әлеміне» жетіп қалдық. 6-Тапсырма: «Пайдалысын табыңдар» Мақсаты: балалар пайдалы тағам түрлерін тауып, белгілейді. | Балалар қимылмен көрсетіп, өлеңді бірге айтты. Тазалықты үйренеміз. Ауырмаудың жолдарын. Үлкендер. Салауат аға Тазалық сақшысы, Иіс сабын, орамал. Шөтке мен пастасы, Соларға пара – пар. Айнаға қараймын. Шашымды тараймын. Жасасын тазалық Деп жар саламын. Мен айтайын тақпақ Алғын оны жаттап Тісіңдң жу тазарт, Маржандай болсын аппақ. Уа, халқым назар аудар денсаулыққа, өмірде бақыттысың денің сау да. Денсаулық терең бақыт деген сөзді құр айтпаған ұлы Абай данамыз да Денсаулуқ – зор байлық. Тазалық бар жерлерде, денсаулық бар. Спорт – денсаулық кепілі. -Әр бір адам мықты, күшті болу үшін уақытылы тамақ ішу өте маңызды.Тамақтың құрамында дәрумендер, ағзамызға пайдалы заттар көп болуы қажет.Оның арқасында жақсы өсеміз. -Дәрумендер ерекше заттар.Дәрумендер ерекше заттар. Дәруменсіз біздің өсуіміз мүмкін емес.Біз әлсіреп, дұрыс өспей аурушаң болуымыз мүмкін. Сол үшін дәрумені бар тамақты көпжеу керек.Дәрумендер мал және өсімдік өнімдерінде болады. -Сүт өнімдерінде, ірімшік, сүт, айран, құрт, жеміс – жидектерде, балық, жұмыртқа, еттерде болады. Балалар қимылмен көрсетіп айтады. Таң ертеңмен тұрады. Таңғы жаттығу жасайды. Жуынады. Таңғы ас ішеді. Балабақшаға келеді. Сурет салады,кітап оқиды. Серуенге шығып ойнайды. Түскі ас ішеді. Түскі ұйқы. Бесін ас ішеді. Ертегілер оқып ойын ойнайды Ата –анасымен бірге кешкі ас ішеді. Түнгі ұйқыға жатады. Лай суды айналып өтер едім . Лай судың үстінен аттап өтер едім. Таза суы бар жерге дейін шыдар едім. Қолымызға артық су алып аламыз. Суды тазартып ішер едік. Балалар тапсырманы орындап, пайдалы тағам түрлерін белгілейді. Балалар қуанады. |