1.Сөйлеу кезінде «ыдыстар» деген жалпылауыш сөзді қолдана біледі. 2. Ыдыстар туралы түсінік беру. Сөздік қорларын дамыту.3. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: 1.Сөйлеу кезінде «ыдыстар» деген жалпылауыш сөзді қолдана біледі. 2. Ыдыстар туралы түсінік беру. Сөздік қорларын дамыту. 3. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ыдыс – аяқ, суреттер.
Сабақтың түрі: әңгіме, ойын, сурет салу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері.
Саяхатқа біз барып
Ыдыстармен таныстық
Су екен досы кесе – қасық табақтың
Ыдыстарды жинаймын
Үлкендерді сыйлаймын
Кесе, қасық бәрінде
Өз орнына қоямын.
ІІ. Топқа бөлу: Балалар өздері өз орнына қоямын. Ұнатқан топқа отырады.
Сапты аяқ
Кесе
Шанышқы
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық: «Миға шабуыл» стратегиясы.
Тәрбиеші: Ай бөлменің суреті көрсетемін. Сол сурет бойынша сұрақ қою арқылы сұраймын.
Балалар біз суреттен не көріп тұрмыз (Бөлме, ас бөлме)
Ас бөлмеден қандай заттарды көріп тұрсыңдар? (шкаф, газ, стол, орындықтар, холадильник)
Ал шкафта не бар екен? (Ыдыс – аяқтар)
Ас бөлмесі бойынша қысқаша әңгімелеймін.
Жұмбақ:
Кесе, шыны, пиала
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді
Бәрінің аты не дейді? Ыдыс – аяқтар)
ІV. Жаңа сабақ: «Өзгелерге жанашыр боламыз» ойыны.
Тәрбиеші қуыршақтарға жанашыр болып, оларға котлет беруді ұсынады. Үстелде үш сүрткіш қағаз, оның санына қарай балалар қуыршақ санын анықтайды. Тәрбиеші үстелде сүрткіш қағаз бар екенін, бірақ қуыршақтар үстелге отырмай тұрғанын айтады. Не істеу керек?
Барлық сүрткіштердің үстіне тәрелке қою керек. Бір бала айтылған тапсырманы орындайды.
Сен қанша тәрелке әкелдің?
Тәрелкенің санын санайды. Балалар ыдыстарды қойып жүріп іс – әрекеттерін айтады.
Сергіту сәті:
Кір қожалақ күйінде
Келе бергін үйіме
Бәріңді мен жуамын
Қырғышпенен қырамын
Қайнатамын суға мен
Сендердің бәрін қайтадан
Жарқырайсың күндей боп!
Жаңылтпаш
Шеше, неше
Кесе сынды кеш
Ойын: «Не жасырылғанын тап»
Тақтада ыдыстардың – тәрелке, қасық, кесе, табақ, кастрөлдің суреттері ілулі тұр. Педагогтың белгісінен кейін балалар көздерін жұмады, тез бір сурет алынады, балалар қандай сурет жоқ екенін табады.
V.Қорытынды: Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Мен сендерге бүгін ризамын. Аттарын атап шығамын.