Ұйымдастыру-іздену | -Балалар, енді біз жайлауға қонаққа барамыз. Қонаққа біз жаяу барамыз. Себебі жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы.Жолымыз қысқару үшін балалар, сендер үй жануарларды атаңдар. Оларға нелер жатады? -Балалар, малдар жылдың қай мезгілінде төлдей бастайды? Олардың төлдерін білесіңдер ме? Дұрыс.Өте жақсы жауап бердіңдер. Слайд №1 Біз жылқышылар ауылына жеттік. Кәне, сендер жылқы туралы не білесіңдер? Слайд №2 Енді түйешілер ауылына келдік. Слайд №3 Ал, енді балалар біз сиыршылар ауылына жеттік. Сиыр туралы не білесіңдер? Өте жақсы балалар, енді сергіту сәтін жасап демалайық. Сергіту сәті: Тіктеп титтей құлағың Ботам былай жүреді Сыртылдатып тұяғын Бұзау былай жүреді Алға созып мойынын Ойнақтайды ботақан Көкке қарай мұрынын Шүйіреді бұзауқан Слайд №4 Енді сиыршылар ауылынан өтіп шопандар ауылына келеміз.Шопандар ауылында қойлар, ешкілер бар екен. Олар туралы сендер не білесіңдер? Балалар, енді бақшамызға қайтайық. Қайтып келе жатып мынадай тапсырмаларды орындайық. Слайд №5 Д/ойын: «Ненің дауысы?» Слайд №6 Ауылдың шетіндегі үйді көрдіңдер ме?.Бұл үйде жұмбақтар шешу керек екен. Жұмбақ шешу: 1) Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. 2) Қос мүйізді, төрт сирақты, Ағызады сүт-бұлақты. 3) Жарға шығып ойнайды, ойынға бір тоймайды Болса-дағы сақалы, секеңдеуді қоймайды. 4) Кішкене ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар. Балалар, кім үй жануарлар туралы тақрақтар біледі? Міне, балалар, біз жайлауға шығып, саяхаттан келдік. Енді 2 топқа бөлініп І топ карточкамен жұмыс «Төлін тап» , ІІ топ «Жайлымдағы жануарлар» трафаретпен бейнелеп көрсетеді. Ал, енді алмасамыз І топ «Жайлымдағы жануарлар» таяқшамен шөптің суретін салады, ІІ топ карточкамен жұмыс «Төлін тап» | Түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Малдар жылдың көктем мезгілінде төлдей бастайды. Түйенің төлі-бота, ботақан Жылқының төлі-құлын, құлыншақ Сиырдың төлі-бұзау Қойдың төлі-қозы, қошақан Ешкінің төлі-лақ Диара: Жылқы суыққа төзімді, сезімтал, талғампаз жануар. Қазы, карта, жал-жая, сүр ет Шұжық, балдай ә? Қақтыратын таңдайды Қуырдағы қандай-ды! Ал, қымызы ше? Тамаша! Ата-бабамыз бие байлап, бие сауады. Жылқы мінсең көлік, жесең тамақ, ішсең қымыз, сусын екен. Ұлжан: Түйе-төрт түліктің төресі. Түйе таптырмас көлік. Оның еті тамақ, шұбаты-сусын, жүні киім. Түйе шөлге өте төзімді. Ол қос және сыңар өркешті болады. Алтынай: Ыстық-ыстық сүт ішсең, Дәмі кетпес таңдайдан Бой жадырап кенеттен Буы шығар маңдайдан Сиырдың терісі, еті, сүті бар. Айран, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт жасайды. Қолың басына қойып қимылдату Аяғымен кішкентай қадамдар жасау Аяқтың ұшымен қимыл көрсету Аяғымен үлкен қадамдар жасау Алға мойынын созады Жүругу қимыл көрсету Мұрынын шүйіріп көрсету Диас: Қой-аша тұяқты, жүні тығыз мал. Ол төрт түлік малдың мойыны. Оның еті, терісі, жүні пайдалы. Жүнінен киім тоқылады, киіз басылады, алаша, кілемдер жасалады. Арнат: Ешкі суыққа төзімсіз, тоңғақ келеді. Ешкінің еті, терісі, сүті, түбіті бар. Ешкінің сүтін емге пайдаланады. Түбітінен киім тоқылады. Еті-тамақ, терісінен киімдер тігіледі. Жылқы-Лошадь-horse Сиыр-Корова-Cow Ешкі-коза-qoat Қой-баран- sheep Диара: Brown horse, brown horse is galloping around Eating oats and hay Lying on the ground Шадияр: Ест траву, жует молчит А потом полдня мычит Мне погладите бока Дам парного молока. Аружан: Black cow, black cow is walking around, Eating green grass on the ground Назым: Қой баласы қоңырым, Қойдан жуас момыным. Шопан ата түлегі Қошақаным қайдасың Дастан: Жауын жауса бақырған, Ешкі атасын шақырған. Өріске өскен жануар, Шекетайым қайдасың. Айлун: Не спеша шагает с речки, В шубе ей тепло, как в печке. Подойдёт она к избе И зовёт меня: БЕ-БЕ! |