Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметі.»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «н», «ң» дыбыстарымен танысу.
Мақсаты: «н», «ң» дыбыстарымен, оның ерекшеліктерімен таныстыру, сөздердегі «н» және «ң» дыбыстарын ажырата білу және дыбыстай алу, сөздегі дыбыстың орнын анықтау ептілігін қалыптастыру.
Міндеттері:
[н] және [ң] дыбыстарының айтылу және дыбысталуымен таныстыру, жазылымдағы (Нн, Ңң) әріптерінің ерекшеліктерін көрсету. Сөздегі [н] [ң] дыбыстарын табу, ұсынылған дыбысқа сөздер құрастыру,сөздегі дыбыстың орнын анықтауға, үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету. Жазу кезінде парақтың орнын, дұрыс отыру, қолдарын дұрыс қою дағдыларын қалыптастыру. Тігінен ұзын және көлденең қысқа таяқшалар жазу, қарапайым шектеулер салу дағдыларын бекіту. Көрсетілім бойынша таяқшалар жазу және геометриялық фигураларды қоршау ептілігін дамытуды жалғастыру.
Есте сақтау, зейін, артикуляциялық аппаратын, ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады, балалар жауабын тауып, кітаптан суреттерді көрсетеді.
Өзі үлкен жануар,
Үстінде үлкен тауы бар. (нар)
Балалар, жауаптың алғашқы дыбысына мән беріңдер және оны дұрыс айтуда мұқият болыңдар.
Дыбыстың айтылуы және ерекшелеу.
Н дыбысы қалай айтылып тұр?
Н дыбысы қысқа, тез айтылып тұр.
Олай болса бұл қандай дыбыс?
Дауыссыз дыбыс.
Қандай түспен белгілейміз?
Көк түспен белгілейміз.
Дұрыс балалар.
Сөздерге дыбыстық талдау.
Тәрбиеші мысал ретінде «нар» сөзін бірге талдап көрсетеді.
-Әр дыбысқа мән бере отырып, ақырын айтыңдар. Алғашқы дыбыс қандай?
( «н») . Екінші? ( «а»). Үшінші? («р»). «н» дыбысы – дауыссыз дыбыс (үнді), сондықтан көк түсті орналастырамыз. «а» дыбысы – дауысты дыбыс, сондықтан қызыл түсті орналастырамыз. «р» дыбысы – дауыссыз дыбыс (үнді), сондықтан көк түсті орналастырамыз. Шаршыларымызды ретімен орналастырып болдық: көк, қызыл, көк.
Жаңа дыбысқа арналған тапсырмалар.
Тапсырма: «н» және «ң» дыбысы бар сөзді ата.
Балалар «н» және «ң» дыбысы түрлі орында кездесетін сөздерді атап шығады.
Буын, сөз, сөйлем.
Тапсырма: «сөздің шешуін тап, буындардың санын анықта» (көпше түрге өзгерту).
Д\О: «Дыбыс қайда тұрады?»
Мақсаты: дыбысталуы бойынша сөздегі дыбыстың орнын анықтау ептілігін дамыту. Тәрбиеші тақырыптық суреттерді тақтаға қояды: налы, анар, қарындаш, қан, тана, ін.
Тәрбиеші сөздерді атап бастайды, ал балалар шапшаңдықпен егер дыбыс сөздің басында болса – бір шапалақ, ортасында болса – екі шапалақ, соңында кездессе – үш шапалақтайды.
Қорытынды бөлім (5-7 минут)
1.Қолды жазуға дайындау.
д\о: «Қалам». (қайталау)
орындау әдісі ҰОҚ №14 тақырыпта көрсетілген.
2. Дәптердегі жұмыс.
«Сауат ашу негіздері» жұмыс дәптері. 19 бет, 1-2 тапсырма.
3. Графикалық жұмыс. 3 тапсырма.
Үлгі бойынша сызбаларды жазу.
ІІІ. Қорытынды – рефлексивті кезең.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды:
«н» және «ң» дыбыстары және оларға сипаттайды.
«н», «ң» әріптерін таниды.
Түсінеді:
-қол шапалағы арқылы сөздегі буындардың санын анықтауды, екпінді буынды естиді және ажыратады.
-дыбыстарға қалай сипаттама беру керектігін біледі.
Қолданады:
-үш дыбыстан тұратын сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
-сөздегі «н» және «ң» дыбыстарын ажыратады, сөздегі дыбыстың орнын анықтайды (басында, ортасында, соңында)
-көрсетілім бойынша графикалық жаттығуларды орындайды.