kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ққ» дыбысымен және әрпімен таныстыру, «Ққ » дыбысының дұрыс және анық айтылуына, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. «Ққ»дыбысын қатыстыра отырып сөз құрау, буынға назар аудару және «қ» дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын (басында, ортасында, соңында) таба білуге, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауды қадағалау. ұсақ қол моторикасын дамыту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары

Күні: 18.11.2021 жыл

Тобы: Қызғалдақ

Білім беру саласы: Қатынас

Оқу қызметі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: Менің айналамды не қоршап тұр? «Ққ» дыбысы және әрпі

Мақсаты: «Ққ» дыбысымен және әрпімен таныстыру, «Ққ » дыбысының дұрыс және анық айтылуына, сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. «Ққ»дыбысын қатыстыра отырып сөз құрау, буынға назар аудару және «қ» дыбысының сөздің қай жерінде кездесіп тұрғанын (басында, ортасында, соңында) таба білуге, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауды қадағалау. ұсақ қол моторикасын дамыту.

Әдіс- тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ - жауап, жұмбақ, ойын, сергіту, қорыту.

Сөздік жұмысы: тақта, қақпа, т.б.

Көрнекіліктер: кеспе әріптер, дидактикалық суреттер, Игровизор (Воскобович бойынша), Воскобович Теремок, Монтессори технологиясы


Кіріспе бөлім

Шаттық шеңбері

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балабақша үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

Сәлеметсіздерме, қонақтар!

Қош келдіңіз, бәріңіз!


Негізгі бөлім

Балалар, сауат ашу оқу қызметін бастамас бұрын, біз сендермен алдыңғы оқу қызметінде өткен дыбыстарды қайталап, еске түсіріп алайықшы? Балалар, алдымен мына сұрақтарға жауап беріңдерші?

- Дыбыс деген не?

- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?

- Әріп деген не?

- Әріптерден не құралады?

- Сөзден не құралады?

Жарайсыңдар, өте тамаша!


Қараңдаршы, мына үстелдің үстінде не жатыр? Иә, әріптер жатыр екен, олар мұнда қайдан келген? Мүмкін адасып кеткен болар?! Олай болса, біз осы әріптерді атап, дыбысталуына қарай түстерін атап, өз ұяшықтарына орналастырайық. Қане балалар, мына әріптерді өз ұяшықтарына орналастыруға көмектесіңдерші?!

«Орнын тап» ойыны

Шарты: адасқан әріптерді балалар атап, дыбысталуына қарай өз ұяшықтарына орналастырады. Арасынан өздеріне таныс емес «Ққ» әріпін көреді.

Ой балалар, қараңдаршы, мына әріп бізге таныс емес қой, солайма? Бұл қандай әріп болды екен? Бұл бізге әріптер әлемінен қонаққа келген жаңа әріп болуы мүмкін?! Ой балалар, мына белгісіз әріптің астында жұмбақ жасырылып тұр екен. Мына жұмбақтың жауабын тапсаңдар, менің қандай дыбыс екенімді білесіңдер! деп жазып қойыпты. Ендеше балалар, жұмбақтың жауабын табуға дайынсыңдарма? Онда мұқият тыңдаңдар:

Қара күшік күзетте,
Ас ішпейді үрмейді.
Ол тұрған есіктен,
Ешкім үйге кірмейді.
Ол не балалар? (Құлып)

Балалар, Құлып сөзі қандай дыбыстан басталып тұр? «Ққ» дыбысынан басталып тұр. Олай болса, біз бүгін осы «Ққ» және дыбысымен және әрпімен танысамыз.

Балалар, алдымен мен сендерге видео-материал көрсеткім келіп тұр.

Видео-материал («Ққ»дыбысына)

Балалар, видеода қандай дыбыс туралы айтылды? Қандай суреттермен таныстыңдар? Дұрыс айтасыңдар, енді қараңдаршы, бұл сөздердің барлығы қандай дыбыстан басталып тұр? Ойланып көріңдерші?

- Иә, «қ» дыбысынан басталып тұр.

Бүгін біз сендермен осы «Ққ» дыбысымен және әрпімен танысамыз. Ендеше оқу қызметімізді бастайық, орнымызға жайғасайық.

Балалар, қане «Ққ» дыбысын бәріміз бірге айтып көрейікші «Ққ», «Ққ»

Балалар, «Ққ» дыбысы дауыссыз дыбыс, көк түспен белгіленеді. Ққ дыбысы айтылғанда ауыз қуысында кедергіге ұшырап, тілімізді сәл артқа тартып айтамыз. «Ққ», «Ққ». «Ққ» дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында да кездеседі. Мысалы: «қатар», «тақта», «ошақ».


Енді балалар, «Ққ» дыбысын есімізге сақтап алу үшін мына өлең жолдарын бірнеше рет қайталайық:


Қ дегенім - қала,

Жан-жағыңа қара.

Қатар, қатар үйдің,

Қабаттарын сана!


Жақсы балалар, қазір сендермен бір ойын ойнайық.

Ойын «Моншақ тізбегі»

Шарты: балалар мына үстелдің үстінде көптеген суреттер жатыр, солардың ішінен «Ққ» дыбысынан басталатын суретті тауып, мына жіпке қыстырғышпен ілеміз.

«Ққ» дыбысынан басталатын сөздерді кім маған жылдам және көбірек тауып айтады? (қоян, қасқыр, қызанақ т.б)

Енді осы сөздерді буынға бөліп айтып көрейікші қо-ян, қас-қыр, қы-за-нақ

Сергіту сәті (орындарынан тұрып, ортаға шығып видеодан сергіту сәтін орындайды)

«Ққ» дыбысын ауада жазу

«Ққ» дыбысын құмда жазу

«Игравизор» (Воскобович бойынша) «Ққ» дыбысын бастырып жазу

«ҚАТАР», «ТАҚТА», «ОШАҚ» сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Қорытынды бөлім

- Балалар, бүгін біз қандай дыбыспен және әріппен таныстық?
- «Ққ» дыбысы қандай дыбысқа жатады?

- Бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнадыма?

Ендеше бүгінгі оқу қызметін бағалайық:

- оқу қызметі қызықты, ұнады десеңдер - күліп тұрған күлегешті көтереміз

- ал тапсырмалар қиындау болды, тағыда қайталағым келеді десеңдер- ойланып тұрған күлегешті көтереміз.

Тамаша, бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін мен сендерді марапттағым келіп тұр, өте белсенді болдыңдар, сендерге көп рахмет!

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Дыбыстарды түсініп, ұғына білді.

Түсінеді: Дыбыстардың дауысты, дауыссыз болатынын түсінеді.

Меңгереді: Дыбыстық талдау жасайды.

Тәрбиеші: Бекбосынова С.М.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі

Автор: Бекбосынова Салтанат Мухтаровна

Дата: 01.12.2021

Номер свидетельства: 593169

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(107) ""Құстар - біздің досымыз" Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі."
    ["seo_title"] => string(62) "k_u_star_bizdin_dosymyz_u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti"
    ["file_id"] => string(6) "402896"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1490337726"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(100) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі "Отбасы-өнеге айнасы""
    ["seo_title"] => string(61) "u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti_otbasy_onieghie_ainasy"
    ["file_id"] => string(6) "457794"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518767811"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(35) "uiymdastyrylgan_ashyk_oku_kyzmeti_1"
    ["file_id"] => string(6) "559991"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1602653328"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(61) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі"
    ["seo_title"] => string(33) "uiymdastyrylgan_ashyk_oku_kyzmeti"
    ["file_id"] => string(6) "479099"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1538110833"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(123) "Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: "Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!""
    ["seo_title"] => string(72) "u_iymdastyrylg_an_ashyk_ok_u_k_yzmieti_t_uielsizdik_tu_g_yry_biik_bolsyn"
    ["file_id"] => string(6) "436280"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1509623113"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
1460 руб.
2440 руб.
1160 руб.
1940 руб.
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства