kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Құстар - біздің досымыз" Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Құстар - біздің досымыз"  Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі. Екінші кіші топқа арналған.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Құстар - біздің досымыз" Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.»

Тәрбиеші: Ихсанова И.С

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: «Құстар - біздің досымыз»

Мақсаты:

  • Табиғатты сүюге баулу, балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу.

  • Құстар туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтқызып сөздік қорын байыту.Құстар жөнінде жұмбартар жасырып ойлау қабілеттерін дамыту. Байланыстырып сөйлеуге үйрету.

  • Табиғатқа деген мейірімін ояту, адамгершілікке баулу.Құстардың түрлерімен таныстырып, оларды ажырата білуге үйрету.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру, сұрақ-жауап,шаттық шеңбер, ойын, тақпақ.

Көрнекіліктері:Құстардың суреттері, ұялардың суреттері.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс:Құстар туралы тақпақтар үйрету.

Билингвальды компонент: құстар – птицы – birds, дос – друг – friend.


Оқу іс-әрекет

кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері:

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Атап айтыңдаршы.

-Дұрыс-ақ, жарайсыңдар.



Балалар шеңберге тұрып бірге орындайды



-Көктем мезгілі

-Күн жылына бастады, қар еріп суға айналды. Ағаштар бүршік жара бастады, құстар жылы жақтан ұшып келді.

-Үш ай

Наурыз, сәуір, мамыр.


Іздену ұйымдастырушы

-Ал кәне балалар орнымызға отырып, оқу іс-әрекетімізді бастайық.

-Балалар, біздің кең байтақ жеріміздің табиғаты өте сұлу, әрі әдемі. Біздің жерімізге жетер ешбір мекен жоқ.Балалар біз немен демаламыз? Нені басып жүреміз? Ал су не үшін керек?

-Дұрыс, балалар, ауамен дем алып, суды ішеміз. Осының бәрін, бізді қоршаған ортаны бір сөзбен табиғат деп атаймыз.Бүгін біз оқу іс-әрекетімізде осы табиғатымызға әдемі көрік беретін құстар жөнінде әңгімелейміз.

-Балалар, мына суретте ненің суретін көріп тұрсындар?

Осы құстардың атын атап айтыңдаршы.

-Балалар құстар туралы не білесіңдер?

-Дұрыс-ақ, олар адам өміріне, табиғатқа үлкен пайда кетіреді.Сондықтан біз оларды қорғауымыз керек.

Дидактикалық ойын: «Дауысынан ажырат»

Мақсаты: Берілген құстардың дауысынан ажырата білуге үйрету.

Жұмбақ:

Қонып алып жарға,

Қарқылдайды ......(қарға)

(Топқа көңілсіз қарға кіреді)

-Сәлеметсіз бе, қарға! Сен қайдан ұшып келесің? Неге көңілсізсің?

Қарға: -Сәлеметсіз бе, балалар! Қарқ-қарқ-қарқ! Менің қарным аш, қонатын ұямда жоқ, тоңып жем таба алмай ұшып келе жатып, сіздердің топтарыңызға байқамай ұшып кіріп кетіппін, кешіріңдер! Қарқ-қарқ-қарқ! Маған көмектесіңіздерші.

-Ой, қарға, келгенің жақсы болды! Сен мұңайма, қамықпа! Балалар құстар жайлы әңгімелесіп жатыр еді. Олар табиғатты, құстарды жақсы көреді, аялай біледі, қорғай біледі. Саған да көмекткседі. Кел төрлет, бізбен бірге бол!Балалар қарғаның көңілін көтеріп, тақпақ айтады.

Тақпақтар:

Қарға, қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар

Боран соқса қар болар,

Бұтаға қонар қарғалар.


Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

Құс сұлуы аққумын

Табиғат көркін сыйлаған.

Мылтығын кезеп еш мерген

Атуға көзін қимаған.

-Балалар, біз құстар туралы мақал-мәтел білеміз бе? Кәне кім айтады?

Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,

Жоғары ұшса күн жылынады.


Сауысқан шиқылдаса жақсы хабар

естиміз.


Құстар – достар

Қыста құсқа жақсылық жасасаң

Жазда жақсылығыңды өтеп береді.

Сергіту сәті:

Қарлығашқа ұқсайық

Кәне қант жазайық

Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып-ұшып алайық

Бір-екі-үш

Қарлығаш боп ұш

Төрт-бес-алты

Қарлығаш боп қалқы

Жеті-сегіз-тоғыз-он

Қарлығаш боп қон.


-Балалар, орнымызға отырайық -Балалар, суретке қараңдаршы.нені көріп тұрсыңдар?

-Дұрыс-ақ, ұяларды көріп тұрмыз.Ұялар ағаштан, балшықтан, ағаштың бұтақтарынан, шөптен жасалған екен. –Ал балалар, ендеше біз қарғаға ермексаздан ұя жасап, сыртын әдемілеп фасоль жапсырып береміз.

Тапсырма: «Ұя құрастыру»

Мақсаты:балаларды өз бетімен жұмыстануға дағдыландыру.






Балалардың жауабы






Құстардың

Қарға, аққу, үйрек қарлығаш, тоқылдақ, сауысқан, қаз, т.б.

Құстар біздің досымыз, олар ағаштарды құрт- құмырсқалардан қорғайды,ағаштардың жайылып жақсы өсуіне, түрлі жәндіктерден тазаруына көмектеседі.

Балалар қызығушылық танытып ойнайды.






Сәлеметсіз бе?












Балалар тақпақтар айтады.
















Балалардың жауабы.














Балалар серігіп қимылдар жасайды.










Ұялар








Балалар топтасып, бірігіп жұмыстанады




Рефлексивтік коррекциялаушы

-Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетін нелер туралы әңгімеледік?

-Қарғаға не жасап бердік?

-Сендерге бұл оқу іс-әрекеті несімен ұнады?

Балаларды мадақтап оқу қыметін қортындылау.


Балалардың жауабы


Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Табиғат өзгерістерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Табиғатты бағалау, аялау, қорғау қажеттілігін түсінеді.

Меңгерген іскерліктері мен дағдылары: Құстарға қамқорлық көрсетуді, даусын ажыратуды.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Құстар - біздің досымыз" Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі.

Автор: Ихсанова Индира Садыковна

Дата: 24.03.2017

Номер свидетельства: 402896

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "«??стар бізді? досымыз» "
    ["seo_title"] => string(25) "k-u-star-bizdin-dosymyz-4"
    ["file_id"] => string(6) "181312"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425317629"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "Ашық сабақ: "Құстар - біздің досымыз""
    ["seo_title"] => string(35) "ashyk_sabak_k_u_star_bizdin_dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "438743"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1510645841"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(84) "Технологиялық карта. Құстар – біздің досымыз."
    ["seo_title"] => string(47) "tiekhnologhiialyk_karta_k_u_star_bizdin_dosymyz"
    ["file_id"] => string(6) "409550"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1492351015"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Құстар біздің досымыз оқу іс-әрекеті"
    ["seo_title"] => string(40) "k_u_star_bizdin_dosymyz_ok_u_is_riekieti"
    ["file_id"] => string(6) "418549"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1495725255"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(31) "Қыстайтын құстар"
    ["seo_title"] => string(19) "k_ystaityn_k_u_star"
    ["file_id"] => string(6) "379469"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484465573"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства