Іздену - ұйымдастырушы | Сабақ ойынмен басталады. Гүлге ұқсайтын....(көбелек) Ызыңдайтын...(маса) Бал жинайтын ...(ара) Ең күші көп ...балалар жауабы (піл, ат ,т.б.) - Жоқ піл емес, ең күші көп жәндік ол-құмырсқа. - Себебі, ол өз салмағынан он есе артық жүкті көтеріп алып жүре алады. Құмырсқа салмағынан 10 есе артық жүкті көтереді, кішкентай болса да, оның күші көп. Сонымен олар іскер құрылысшы. Салған илеулері қандай әсем! Құмырсқа илеуі- ол көп қабатты үймен тең. Оның бірнеше бөлмелері, балаларға арналған бөлмесі, ас қоймасы бар. Бөлмелері жылы, жайлы, құмырсқалар бөлмелерін таза ұстайды. Есік алдында күзетші құмырсқа болады. Олар илеуінің үстіңгі жағын ағаш бұтақтарымен жауып қояды, олар желден, салқыннан қорғайды. Ас қоймаларында дәндерді, балалар бөлмесіне тұқымдарын сақтайды. Алғашында жәндіктер алдымен тұқым күйінде болады. Сол тұқымнан құмырсқа шығады. Қимылдық ойын: «Құмырсқалар» Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. 1-топ құмырсқалар илеуі болады, 2-топ құмырсқалар.1-топ құмырсқалар илеуі шеңбер құрып тұрады;2-топ құмырсқалар шеңбер ішінде тұрады. Белгі бойынша «таң атты» 1-топ қолдарын жоғары көтереді, 2-топ жұмысқа шығады. «Кеш түсті» 1-топ жаймен қолдарын түсіреді, құмырсқалар илеуіне асығады; шеңберге жиналады. «Түн болды» 1-топ қолдарын тез түсіреді, құмырсқалар илеуіне кіріп үлгеруі керек. Үлгермеген құмырсқалар ойыннан шығады. (2-3рет қайталау). - Илеулерінде құмырсқалар бір үлкен отбасындай тату тұрады. Бір үлкен қалада қанша адам болса, илеуде сонша құмырсқалар тұрады. Құмырсқалардың мұрт қабылдағыштары бар, олар арқылы дәм, иістерді сезіп өздерінің ағайындарына хабарлайды. Құмырсқалар көптеген ұсақ орман зиянкестерін құртып, пайда келтіреді, сондықтан оларды-орман санитары деп атайды. - Балалар сонымен құмырсқа қандай? - Ақылды , еңбекқор, қанағатшыл, орманға пайдалы Саусақ қимыл- қозғалысы Басбармағым тұрады,(кезекпен саусақтарды ашу) Балан үйрек қалмады. Ортан терек соңыннан Кішкене бөбек артыннан. Шылдыр шүмек ізінен, Бір-бірінің соңынан. Еңбектене ереді.(үстелде саусақтарды жүргізу). - Біз қазір саусақпен құмырсқа салып үйренеміз. Қара бояуды жақсылап езіп аламыз. Ең кіші саусақпен құмырсқаның белін, үшінші саусақпен басын, бас бармақпен құйрық бөлігін басып аламыз. Осындай әдіспен бірнеше құмырсқалар саламыз. Еңді құмырсқаның сегіз аяғы және мұртшасын жіңішке қылқаламмен бейнелейміз. | Назары тәрбиешіде. Ойын ойнайды Құмырсқа туралы мәліметтер тыңдайды Ойын ойнайды Саусақ қимыл қозғалысын орындайды Өз бетінше жұмысы. |
Рефлексті - Коррекцялаушы | Қорытындылау: - Балалар құмырсқаларды ең күші көп жәндік деп неге атаймыз? - Құмырсқалардың мұртшасы не үшін қажет? - Қандай бөлмелері бар? - Орман санитары деп неге атаған? Балалардың жұмысын мадақтау. Күннің екінші жартысында сендерге «Құмырсқа қанағаты» деген ертегі айтып беремін. «Ертеде бір адам құмырсқаны көріп, сенің белің неге жіңішке, басың неге үлкен, депті. Сонда құмырсқа, себебі менің ақылым көп, тамақты аз ішемін, қанағаттымын депті. - Аз болғанда қанша? - Жылына бір дән жеймін. Адам бір қораптың ішіне бір дән салып құмырсқаны қамап қояды. Бір жыл өткен соң, адам қорапты ашса жарты дән қалыпты. Сонда адам:- Сен бір дән жеймін деп едің ғой, жартысын неге қалдырдың?- дегенде, құмырсқа. - Сен ұмытып кетсең, мен аштан өлемінғой, деп, жартысын келесі жылға қалдырдым дейді. Адам істеген ісінен қатты өкінеді.» | Сұрақтарға жауап береді. |