Ұйымдастыру –ізденушілік. | –Балалар орнымызға отырайық, бұл не қылған жұмыртқа екенін білейік. Жұмыртқа жарылып, ішінен балапан шықты. –Балалар көрші атайдың құстар қорасынан жұмыртқа жоғалыпты, бізге келген ненің жұмыртқасы екенін білу үшін, үй құстарымен жақсылып танысайық. Негізінен құстар екіге бөлінеді. Құстар Үй құстары Дала құстары -Дала құстары; торғай, қарлығаш, сауысқан, қарға . - Үй құстарына нелер жатады екен атайықшы; Тауық, қаз, үйрек , күркетауық. -Бұл құстардың айырмашылығы, балалар, дала құстары өз бетінше өмір сүре алады, өз қоректерін өздері табады, өте биікке ұша алады. -Үй құстары үйде бағылады, адамның көмегін қажет етеді. Адамдар үй құстарының етін азық жасайды, қауырсындарын төсек, жастық жасауға пайдаға асырады, жұмыртқасын алады. - Балалар бәріміздің де отбасымыз бар, сол сияқты үй құстарының өз отбасы болады.Мен сендерге «Құстар отбасы» видео сюжетін көрсетейін. -Балалар көрдіңдер ме, әр кімнің өз отбасы бар екен, әр үй құсының балапанын көрдік.Бізге қонаққа келген балапан қай құстың балапаны екенін қарайықшы. Бұл көрші атайдың тауық қорасынан келген балапан болып тұр ғой, ендеше өз отбасына балапанды қайырайық. Үй құстарының ішінен біздер көбіне асырайтынымыз қандай құс? -Тауықты біз жақсы танимыз. Сондықтан мен сендерге ақын Ұлықбек Есдаулетовтың «Шұбар тауық» өлеңін оқып беремін. Сендер мұқият тыңдап, өлеңде не туралы айтылғанын әңгімелеп бересіңдер. Шубар тауық мүлдем, Жолатпайды барса, Ұясында жүрген Балапаны қанша? Балапанын тауық, Қызғанады жаман. Қанатымен жауып, Санатпайды маған. өлең бойынша сұрақ- жауап; -Шұбар тауық қайда жолатпайды? -Ұясында жүрген не? -Тауық кімнен қызғанады? -Тауық балапандарын қалай қорғапты? Сергіту сәті: Қазым, қазым қаңқылда Суда жүзіп салқында Жем шашайынжейсің бе Кәмпит берші дейсіңбе Жоқ, жоқ, жоқ Кәмпит тәтті ас болмас Арпа менен бидай шаш. Жақсы балалар, орнымызға отырайық.Құстардың атауларын қос тілде айтайық: Тауық – курица, балапан – цыпленок, үйрек– утка, қаз– гусь, индюк –күркетауық. Үй құстарымен жақсылап таныстық, енді мен сендерге тапсырмалар берейін, ол үшін екі топқа бөлінейік. Бірінші топқа тапсырма: «Үй құстарын көрсет, оларды неліктен солай атаған?» Екінші топқа тапсырма: «Балапандардың енелеріне жетуіне көмектес» | Балалар жұмыртқадан балапан шыққанда қатты қуанды. Балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдап құстардың екіге бөлінетінін білді. Торғай, қарлығаш, сауысқан, қарға Тауық, қаз, үйрек , күркетауық Балалар үй құстарының қажеттілігін түсінді. Балаларға видео сюжет ұнады. Балапан өз енесіне оралатынына қуанды. Тауық. Балаларға өлең қызықты болды,олар тауықтардың осы қылығын көргендерін айтты. ұяға жолатпайды -балапандар -аладан қызғанады -тауық қанатымен қорғапты Балалар сергіту сәтін қимылмен көрсетті. Балаларды екі топқа бөліп отырғызу. Балалар суреттен үй құстарын көрсетті. Әр балапанды өз енесіне жеткізуге көмектесті. |
Жетекші – жөндеуші. | Балалар, сонымен біз бүгін қандай тақырыпта танысып әңгімеледік? - Үй құстарына қандай құстар жатады? -Неліктен үй құстары деп аталады? Құстардың пайдасы барма? Үй құстарының өздерінің ерекше дыбыстаулары бар. Балалар сендер білесіңдер ме, қаз қалай дыбыстайды? - Тауық қалай дыбыстайды? - Ал әтеш қалай дыбыстайды? Балалар барлығыңызда оқу іс әрекетіне жақсы қатыстыңдар, тапсырмаларды жақсы орындадыңдар .Соңынан «Үй құстары» мульттоптамасын көрсетемін. Енді қоштасу шеңберіне тұрайық. Қол ұстасып тұрайық Жарты шеңбер құрайық Көріскенше күн жақсы Сау- саламат болайық! | Үй құстарымен таныстық Қаз ,үйрек, тауық Үйде бағылады,адамдардың көмегін қажет етеді Бізге жұмыртқа береді,етін сорпа жасаймыз Ға-,ға ,ға, қыт-қыт, ку-ка-ре-ку Балалар қоштасу шеңберіне тұрды. |