kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ұшақ" Открытый урок.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Открытый урок для средней группы. С использованием игры.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ұшақ" Открытый урок.»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы



Тобы: «Қызғалдақ» ортаңғы тобы

Уақыты: 01.02.2017

Білім беру саласы: «Таным»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Құрастыру»

Тақырыбы: «Ұшақ»

Мақсаты:

  • Көлік және оның түрлері туралы терең мағлұмат беру. Ойын арқылы балалардың

көлік туралы білімдерін тексеру;

  • Өз беттерінше құрастырудың жеке жолдарын ойлап табу дағдыларын қалыптастыру;

Құрастырғыш арқылы құрастырудың жолдарын үйрету. Ұшақты құрастыруда

материалдарды оның бөліктеріне сәйкес таңдап, жасалу ретіне қарай дұрыс құрастыра

білуге үйрету.

  • Көлікте жол ережесін, ұшақта сақтық шараларын сақтауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, суретпен жұмыс, сұрақ-жауап, ойын, құрастыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Көліктер туралы әңгімелесу

Қажетті көрнекі құралдар: Көлік түрлерінің суреттері (банер), ұшақ, слайд, әр балаға жеткілікті құрастырғыштар, әуежай

Билингвалдық компонент: Көліктер-транспорты, көліктер-transports, ұшақ-самолет,

ұшақ-aircraft

Оқу қызметінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Балалардың іс-әрекеті





Мотивациялық-қозғаушы




Жылулық шеңбері

  • Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық,

Жүрекке жылу сыйлайық.

Жиналған жылы шуақты

Тобымызға шашайық!

Ойын: «Көліктер»

Шарты: Үстел үстінде тұрған көліктерді қозғалысына қарай топтастыру қажет.





Балалар жылулық шеңберін көтеріңкі көңіл- күймен орындайды.











Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды.




Іздену-ұйымдастырушы


Суретпен жұмыс: банер ілінеді

- Қане балалар мына суреттерге назар аударайықшы, нелердің суреттерін көріп тұрсыңдар?

- Көліктердің қандай түрлерін білеміз?

- Машиналар қандай жолмен жүреді?

- Ал қайық ше?

- Енді балалар ұшақтар қайда ұшады?

- Ұшаққа мініп көрдіңдер ме?

- Ол қандай көлік түріне жатады деп ойлайсыңдар?

(Слайд арқылы көрсетіледі).

- Балалар, кәне, экранға назар аударайықшы.

- Ертеде адамдар алыс жерлерге

жануарлар арқылы және оларға жегілген екі дөңгелегі бар арбалармен қатынасқан. Кейінірек адамдар двигательді ойлап тапты.Уақыт өте келе көліктің сырт көрінісі өзгеріп, двигателінің қуаты арта түсті.

- Қалай ойлайсыңдар көлік қозғалысына

қарай неше түрге бөлінеді? Қандай?

  • Адамға көлік не үшін керек?

-Өте - Дұрыс. Көліктер әрқалай қозғалады. Кеме, қайық жүзеді. Жерде жедел жәрдем, өрт сөндіруші көлігі, экскаватор, автобус, қар күрейтін машина, бульдозер т.б көліктер жүреді.Темір жолмен-трамвай,пойыз жүреді.

Ауамен  ұшақ, тікұшақ, әуе шары, зымыран ұшады. Көлік түрлері әртүрлі мақсатта қолданылады. Бірі жүк тасыса, екіншісі-адам тасиды.

  • Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын дұрыс табуға тырысыңдар, жарай ма?

Жұмбақ жасыру.

Қанаты бар, жаны жоқ,
Табаны бар, аяғы жоқ.
Өзі ұшады, аспанда жүреді,
Теңізден де, таудан да өтеді.

Ұшақтарды тамашалау: слайд
Балаларға ұшақтардың суретін көрсетіп, құрылысымен таныстыру.
- Ұшақтар не үшін қажет?
- Ұшақты кім жүргізеді?
- Ұшақтың ішінде кімдер болады?
Ұшқыштар туралы әңгімелеу.

  • Ұшқыштар ұшақпен ұшады. Аспанды қорғайды. Ұшқыштар өте ақылды және мықты. Олар ұшақты басқару үшін білімді болуы керек, сол үшін олар көп оқиды.

Ғажайып сәт: Ұшқыш кіреді.

Ұшақтың дыбысы естіледі. Балалардың назарын терезеге аудару. Ұшақ ұшады.

  • Балалар, ұшақтың дауысы естілетін сияқты. Кәне, барлығымыз терезеге қарайықшы.

Ұшқыш:

  • Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сіздердің көлік түрлері сонын ішінде ұшақ туралы айтып жатқандарынызды естіп келдім. Мен кішкентай кезімнен ұшқыш болуды армандадым. Менің әуежайдағы ұшақтарым жетіспейді, сіздер маған ұшақ жасап беруге көмектесесіздер ме?

  • Балалар, ұшқыш ағайларыңызға көмектескілеріңіз келе ме?

  • Олай болса ұшқыш ағай сіз балалардың жанына отырыңыз. Ал балалар, сізге ұшақ жасап берсін.

Шығармашылық жұмыс:

  • Балалар, алдарыңызда тұрған құрастырғыштарды пайдалана отырып, ұшақ бөлшектерін құрастырамыз.

Бөлшектерді атап, құрастыруын көрсетемін.

Слайдтан жасалу жолы көрсетіледі.

Балалардың өз бетімен жұмысы.

  • Балалар, кәне ұшқыш ағамызбен бірге бойымызды сергітіп алайық. Ортаға шеңберге келіп тұрамыз.

Сергіту сәті:

Аспан, аспан, арайлым,

Саған жиі қараймын.

Сені көзбен шоламын,

Мен ұшқыш боламын.

Балалардың жұмысын аяқтау.

Ұщқышпен қоштасу.

  • Жарайсыңдар, балалалр, олай болса жасаған ұшақтарымызды ұшақтар тұрағына апарып қояйық?

Ұшқыш:

  • Рахмет, балалар сендер маған көп көмек көрсеттіндер. Сендердің арқаларыңда мен ұшақтарымды көбейтіп алдым. Маған құрастырып берген ұшақтарына рахмет. Енді алаңсыз ұшақпен аспанға ұшатын болдым. Сау болыңдар!

Ұшақтар тұрағына орналастыру.



Балалардың жауабы

- Көліктердің суреттері.

  • Машина, автобус, кеме, ұшақ

  • Тас жолмен жүреді.

  • Суда

  • Аспанда

Балалар жауабы


  • Әуе көлігі




Мұқият тыңдайды слайд тамашалайды.




Балалар мұқият зер салып тыңдайды.

  • Көп түрге

  • Су, ауа, жер көлігі

  • Алыс жерлерге бару үшін



















Балалар жұмбақтың шешуін табуға тырысады





  • Ұшақ








  • Аспанға ұшу үшін

- Ұшқыш

- Адамдар болады.













Балалар назарын терезеге аударады.



Таң қалысады.









Балалар амандасады.









  • Әрине, көмектесеміз.

















Балалар тапсырманы орындауға кіріседі.

Алдарындағы бөлшектерден ұшақты құрастырып шығады.







Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.







Балалар қуанады.







Ұшқышпен қоштасады.





Жасаған ұшақтарын әуежайға орналастырады



Рефлексивтік-коррекциялаушы

Қорытындылау:

  • Ал балалар, тапсырманы өте жақсы орындадыңдар, ұшқыш ағайда сіздерге риза болып кетті. Олай болса мен бүгінгі оқу қызметімді тағы бір ойынмен қорытындылағым келеді.

  • Әр көлік түрінде әр түрлі мамандар жұмыс істейді.

Дидактикалық ойын:

«Кім қай көлікке мінеді?»

Шарты: мамандығына байланысты көлікке сызық арқылы қосып сызады.

- Біздер бүгін не туралы әңгімеледік?

- Балалар, бізге қонаққа кім келді?

- Ұшқышқа не құрастырып бердік?

- Ал, сендер ұшақпен қайда ұшқыларың келеді?

- Ал, ұшаққа кімдерді мінгізер едіңдер?

- Олай болса, балалар, ұшақ сөзін үш тілде бірге айтайықшы.

Билингвалдық компонент:

ұшақ-самолет, ұшақ-aircraft

ҰОІҚ қатысқан балаларды мадақтау.







Балалар жауабы.











Балалар ойынды өте көңілді ойнайды



  • Ұшақ

  • Ұшқыш



  • Әуе көліктеріне









Қайталайды.


  

Күтілген нәтиже:

Нені біледі: Көлік және оның  түрлерін тани біледі;

Қандай түсініктерді игереді: Құрастырғышты пайдаланып өз беттерінше құрастыруды игереді;

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Сақтық шараларды сақтауды меңгереді.



Тәрбиеші: Серикова Гүлсара Дулатқызы


50 «Заңғар» бөбекжайы МКҚК








Тақырыбы: «Ұшақ»


«Қызғалдақ» ортаңғы тобы







Топ тәрбиешісі: Серикова Г.Д.







2016-2017 оқу жылы


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ұшақ" Открытый урок.

Автор: Серикова Гулсара Дулатовна

Дата: 02.02.2017

Номер свидетельства: 386853

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "«?аза?стан к?п ?лтты мемлекет» (Открытый урок) "
    ["seo_title"] => string(48) "k-azak-stan-kop-u-ltty-miemliekiet-otkrytyi-urok"
    ["file_id"] => string(6) "166430"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422960819"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "Открытый урок на тему "Шал?ан""
    ["seo_title"] => string(26) "otkrytyiuroknatiemushalkan"
    ["file_id"] => string(6) "313682"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459522117"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(67) "Открытый урок К?п жасушалы балдырлар"
    ["seo_title"] => string(34) "otkrytyiurokkopzhasushalybaldyrlar"
    ["file_id"] => string(6) "327570"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1463462789"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(74) "Открытый урок на тему: "Өткенді пысықтау""
    ["seo_title"] => string(41) "otkrytyi_urok_na_tiemu_otkiendi_pysyk_tau"
    ["file_id"] => string(6) "390033"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486662040"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(207) "Открытый урок по русской грамоте 1 класс на тему: "В гостях у алфавита. Как Буратино купил билет в кукольный театр" "
    ["seo_title"] => string(119) "otkrytyi-urok-po-russkoi-ghramotie-1-klass-na-tiemu-v-ghostiakh-u-alfavita-kak-buratino-kupil-biliet-v-kukol-nyi-tieatr"
    ["file_id"] => string(6) "122190"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414165730"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства