kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

ҰОҚ "Бәйшешек"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көктемнің алғашқы гүлі Бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«ҰОҚ "Бәйшешек"»

Білім саласы: Шығармашылық, Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Жапсыру

Тақырыбы: «Бәйшешек»

Мақсаты: Көктемнің алғашқы гүлі бәйшешек туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.Бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдісі – жұлмалап қию әдісін үйрету.

2. Желімдей білу іскерліктерін жетілдіру.

3.Ұқыптылыққа, табиғаттың сұлулығын сезінуге  тәрбиелеу, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, тосын сәт, тақпақ, шаттық шеңбері,сергіту сәті, ойын, сұрақ-жауап.

Керекті құралдар: Интерактивті тақтадан көктем көрінісі, гүлдердің, суреттері , әр балаға бәйшешектің суреті файлда, қызыл, сары, көгілдір, жасыл түсті алдын-ала қиылған, дайындалған қағаз, сулық.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балалармен қағазды жұлмалап қию әдісімен қию, сулау, желімге араластыру. (слайд арқылы көрсету)

Шаттық шеңбері:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы,

Желге ырғалып шайқалған.

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Балалар: Көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктемде қандай табиғат өзгерістері болады?( Интерактивті тақтадан көктем көрінісін тамашалау, табиғат құбылыстарын атау )

Балалар: Күн жылынады,қар ериді, ағаштар бүршік жарады, құстар ұшып келеді.

ТОСЫН СӘТ: Көгершін аузына гүл қыстырып алып, ұшып келеді. Тәрбиеші:  Балалар, қараңдаршы, бізге Көгершін қонаққа келіпті. Өзімен бірге гүл ала келіпті. (Өлең оқу)

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз,

Көрсек гүлін жарғанын.

Тәрбиеші: Өлеңде қандай гүл туралы айтылған ? Балалар: -Бәйшешек туралы.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Басқа қандай гүлдерді білесіңдер?(слайдарқылы гүлдің түрлерін көрсету, атату)


Балалар: Бәйшешек, Қызғалдақ, Өгейшөп, Түймедақ.

Тәрбиеші: Гүлдердің қандай пайдасы бар, не үшін қажет?

Рахман: Гүлдер – туған еліміздің болашағы, олар оттегін бөліп шығарып, айналадағы ортаны жақсартады, ауаны шаң - тозаңнан тазартады.

Динара: Гүл – сұлулық, гүл - әсемдік, гүл – нәзіктік. Олардың кейбіреулерінің емдік, дәрілік қасиеттері де болады.

Тәрбиеші: Міне, балалар, гүлдің түрлері өте көп екен.  Бүгін біздер гүлдің бір түрі бәйшешек гүлін бейнелеу өнерінің дәстүрден тыс әдісі жұлмалап қию жолымен жасаймыз.

(Интерактив тақтадан суретін көрсету)

Бәйшешек — көктемнің алғашқы гүлі. Оның тамыры, сабағы болады, жапырағы – жасыл, сопақша,  күлтесі – әр түрлі болып келеді,күлгін, ақ, қызғылт, көгілдір болады.

Тәрбиеші:  Неше күлтесі бар, санайықшы?

Балалар: 1,2,3,4,5

Тәрбиеші: Неше жапырағы бар?

Балалар: 1 жапырағы бар.

Тәрбиеші: Қағазды жұлмалап қиып, дайындадық, сосын ең әуелі қиылған қағазды суға батырып, суын сығып алғаннан кейін қағазды ПВА желіммен араластырдық . осы дайын қағазды файлдағы суретке ретімен жапсырамыз. Ең әуелі сабағын, жапырағын жасыл түспен жапсырып жасаймыз. Күлтелерін әр түрлі түспен жасауға болады. ашық қызғылт, сары, қызыл, күлгін (слайд арқылы жұмыстың жасалу жолын көрсету


Сергіту сәті: «Көңілді күн» (Бейнетаспа арқылы орындайды)

Балалар бәйшешекті үлгіге қарай отырып,түрлі-түсті дайын қағазбен жапсырып жасайды (жәй муз ойналады)

Тәрбиеші: Балалар, қандай гүл жасадық?

Балалар: Бәйшешек (әр бала өз жұмысын көрсетеді, балалардың жұмысын мадақтау)

Тәрбиеші: Балалар, қандай әдемі гүл жасадыңдар, енді осы гүлдерге байланысты бір қызық ойын бар.

Ойын:  « Гүлді құрастырып, ата» деп аталады. (Интерактивті тақтадан қиылған гүлдерді құрастырып, атауын атайды)

Тәрбиеші: Гүлдер туралы қандай тақпақтар білесіңдер?

Наргиза:

Мен боламын қырларында текеметтің ,

Көктемге алғаш көрік беретін.

Бәйшешекпін көктесем қыр астында,

Қыс ызғарын қаймықпай көтеретін.

Мадина:

Мен қызғалдақ гүлімін

Жапырағы жайылған

Сұлулық бар бойымда

Тамырым кең тараған

Айым:

Өгейшөптің шипалы,

Қасиетін ел білген.

Оны емдік шөптердің,

Қатарына ендірген.

Нұрмұхамед:

Түймедей сары дағы бар,

Далалық жерден табылар.

Балақай, аппақ гүлі көп,

Түймедақты сен танып ал.


Тәрбиеші: Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Барлығың да өте әдемі бәйшешек гүлін жасадыңдар. Осы гүлдеріміз сияқты сендерде жайқалып өсе беріңіздер демекпін!


































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
ҰОҚ "Бәйшешек"

Автор: Саркулова Захот Кеншиликовна

Дата: 29.05.2017

Номер свидетельства: 419298

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) "« Бәйшешек гүлі»"
    ["seo_title"] => string(20) "b_ishieshiek_ghuli_1"
    ["file_id"] => string(6) "450625"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1516202450"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(48) ""Б?йшешек" "Жау?азын"1-сынып "
    ["seo_title"] => string(31) "b-ishieshiek-zhauk-azyn-1-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "197935"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428333112"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(36) "Әдемі бәйшешек гүлі"
    ["seo_title"] => string(24) "diemi_b_ishieshiek_ghuli"
    ["file_id"] => string(6) "459448"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519563868"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(39) "Ашық сабақ "Бәйшешек!""
    ["seo_title"] => string(24) "ashyk_sabak_b_ishieshiek"
    ["file_id"] => string(6) "462388"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1521374123"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(38) "Тақырыбы: «Бәйшешек»"
    ["seo_title"] => string(22) "tak_yryby_b_ishieshiek"
    ["file_id"] => string(6) "469652"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1526364166"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства