Просмотр содержимого документа
«Ұлттық ыдыстар "торсық"»
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Вариативтік іс-шара жобасы: «Туған ел»
Тақырыбы: «Үлкен кесе»
Білімділік:Ыдыстың шығу тарихымен, ыдысты жасайтын материал түрімен (тас, әйнек, ағаш, металл, қыш, пластик ) таныстыру
Дамытушылық: Балаларды өз бетінше жұмыс істей алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу
Түзетушілік: Саусақтың ұсақ бұлшыкеттерінің қозғалысын
Тәрбиеші балаларға қарап: «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіпті, амандасайық»
Шаттық шеңбер ұйымдастыру.
Балаларға жұмбақ жасыру
Кесе – шыны, пиала,
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейді,
Бәрінің атын не дейді?
Ендеше, біздің бүгінгі тақырыбымыз «Біздің ыдыстарымыз».
Біз қандай ыдыстарды білеміз?
Мына суреттерге қарап ыдыстарды атайық.
Дұрыс, балалар, енді мынаған назар аударыңдар.
Тәрбиеші сиқырлы сандықты ашады. Сиқырлы сандықтың ішінен ыдыс ойыншықтарды алып шығады, аттарын атайтады, сипаттама бергізеді.
Балалар сендер ыдыс түрлерін біледі екенсіңдер. Енді оларды ермексаздан жасап көрейік. Ең бірінші тәрбиеші жасап көрсетеді.
Сергіту сәті
Жеке жұмыстарды ұжымдық композицияға біріктіреді, бағалайды.
Балалар, сендер бүгін не үйрендіңдер?
Балалар, сендер бүгін жақсы еңбектендіңдер.
1. Шәй демдейтін ыдыс не? 2. Қымыз құятын ыдыс не? 3. Қолға су құятын зат не? 4. Ет тамақты салатын ыдыс не? 5. Шәй құйып ішетін ыдыс не? 6. Ертеде ата-бабаларымыз, тамақ салып жейтін ыдыс не? 7. Піскен тамақты құятын ыдыс не? 8. Тамақты пісіретін ыдыс не? 9. Түрлі бұйымдарды илеу арқылы жасайтын зат не?
- Кәне,балалар, кім айтады? - Ермексаз дегеніміз не? - Ермексаз дегеніміз - илеуге,созуға ыңғайлы зат. Ермексаздың жақсы қасиеті ырыққа көнгіш, тез иілгіш, мүсін формасын қалай өзгертем десең де, өз еркіңе көнеді. Бүгін, балалар ермексаздан ыдыстар жасаймыз. Ыдыстар металдан, қыш ыдыс, шыны ыдыс, ағаш ыдыс, пластмасса ыдыстар бар. Енді, ыдыстарды ермексаздан мүсіндеу арқылы жасап үйренеміз. Кәне, балалар, кім айтады? Мүсін дегеніміз не?
Мүсін дегеніміз - кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарманы мүсін деп аталады. Мүсін 2 топқа бөлінеді? 1. Бедер көлемді бейненің жазықтық бетінде, сәл шығыңқы етіп жасалатын түрі. 2. Дөңгелек мүсін бейнеленген затты, көлемді жасауы. Ірі көлемдегі, ауқымды ескерткіштерді момументті мүсін ескерткіштер деп аталады. Адамның кеудеден жоғарғы тұлғасын сомдалған мүсін - бюст деп аталады. Кәне, балалар, ермексаздан кесе, шәйнек ыдыстардың бейнесін, мүсіндеп жасап үйренеміз. Балалар, ермексаздың жартысын бөліп алып, екі алақанға салып, домалақ, шар тәріздес етіп жасаймыз. Бас бармақпен, сұқ саусақтардың қимылдарымен шұңғылдаймыз. Шұңғылды кеңейте түсеміз.
- Міне, кесе шығады. Ермексазды екі алақанға салып, ширатып өрнектер жасаймыз. Мұны ширатылған кесінділер дейді. Кесенің түбін жасаймыз.
Оқулықпен жұмыс:
Қазақтың ұлттық бұйымдарына тоқталамын. Біздің ата – бабаларымыз ертеде білімі болмаса да, ағаштан жасалатын ыдыстардың адам ағзасына зияны жоқ екенін, тамақ ұзақ уақыт сақталатынын, дәмі бұзылмайтынын білген. Адам ыдыстарды, қайың ағашты кептіріп, жасаған. Теріден ыдыс жасаған. Ғалымдардың дәлелдеуі бойынша ағаштан жасалған ыдыстар төзімді, жеңіл, ыңғайлы тамақтардың дәмі бұзылмайды екенін дәлелдеген. Заман ағымына сай, адамдардың ойы, қиялының дамығанының арқасында түрлі ыдыстар шықты. Мысалы, пластмасса ыдыстар, шыны ыдыстар, фарфор ыдыстардың түрлері шықты. Әсіресе, Қытай елдерінің сапасы төмен ыдыстары көбейіп кетті. Экологиялық жағын айту.
IV. «Ғажайып қоржын» ойыны Сұрақ-жауап 1. Еңбек туралы мақал-мәтелдер білесің бе? 2. Оқу білім туралы мақал-мәтелдер білесің бе? 3. Тазалық-гигенасын қалай орындайсың? 4. Қауіпсіздік техникасы ережелерін қалай орындайсың? 5. Еңбек құралдарына байланысты жұмбақ айт? 6. Ыдыс-аяқ не үшін қажет? 7. Ыдыс аяқтар неден жасалған? Сергіту сәті Жалғыз саусақ тіпті де, Ұстай алмай жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине колға ілікті.
Үш саусағым орамды, Жүгіртеді қаламды. Он саусағым өнерлі, Қала салсақ, жол салсақ. Сабақты қорытындылау Балалардың жұмыстарын салыстырып, бағалау.
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлім: Вариативтік іс-шара жобасы: «Туған ел»
Тақырыбы: Торсық. Қымыз құятын ыдыс.
Сабақтың мақсаты: Кесек ермексаздан қымыз құятын торсықты мүсіндеу әдіс-тәсілдерін меңгерту. Торсықты әр түрлі әдіс-тәсілдермен безендіру. Торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді таңдап, талғап әшекейлеу жолдарын түсіндіру. Ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: екі-үш түрлі ермексаз, тақтайшалар, таяқшалар.
Сабақтың барысы: Тәрбиеші қымыз құятын ыдысты көрсетіп, (немесе суретін) оның пішініне, көлеміне, ою-өрнектермен әшекейленуіне назар аударады. Балаларға торсықтың тұрмыста қолданылуы жайында әңгімелейді. Ұзақ жолға шыққан жолаушы (ер жігіт) торсыққа қымызды толтырып алып шығады, жолда ішкен қымыз әрі шөл қандырады, әрі күш береді. Педагог балаларға торсықтың жасалу әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Әліппе - дәптерден орындалу ретін қарап, қандай әдіс-тәсілдер қолдану қажеттігін таңдау ұсынылады.
Балалардың өз бетінше жұмыстары.
Балалар жұмыстарын аяқтай бастағанда тәрбиеші енді оны қалай әшекейлеуге болатынын көрсетіп, түсіндіреді. Ою-өрнек элементтерін еске түсіреді. Олар: құс қанаты, бұғы мүйіз, қызғалдақ, қошқар мүйіз т.б. Оларды есу тәсілі арқылы жасауды, иіп өрнекке келтіру жолдарын және торсықты әшекейлеуде қандай бөлігіне орналастыру қажеттігіне бағыт беріледі. Ою-өрнектің берік, әдемі орналасуын қадағалайды. Дайындалған торсықтардың өрнегі әр түрлі болады, соның ішінен балалардың шығармашылықпен өздігінен қосқан үлестері болса ерекше атап өтіледі.
Балалар жұмыстарын талдау.
Торсықтарды жасау әдістерін көрсету.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алақанды соғайық,
Оң жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Сол жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Жоғары –төмен қарайық,
Орымызды табайық.
Мүсіндеу әдісін көрсету, түсіндіру
Балалар біз бүгін не жасадық?
Торсыққа қандай тағамдарды салуға болады?
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады: Ермексазбен қымыз құятын торсықтың бөліктерін мүсіндеу.