Еңбекке баулу 3 «а» сынып
Сабақтың тақырыбы: Папье-маше. Ыдыс жасау.
Жалпы мақсаттар: Ыдыс-аяқтардың пайдаланылуы, айырмашылықтары туралы және оның түрлеріне тоқталу. Оқушылардың жан-жақты білімдеріне бағыт беру. Папье-маше тәсілімен ыдыс жасалу жолдарын үйрету.
Сілтеме: Еңбекке баулу 3 сынып оқулығы, «Мектептегі технология» журналы, интернет желісі
Оқу нәтижесі: Ыдыс-аяқтың пайдаланылуы, айырмашылықтары туралы және оның түрлерін біледі. Папье-маше тәсілімен ыдыстардың жасалу жолдарын үйренеді.
Негізгі идеялар: Әр түрлі материалдан ыдыс жасауға болатынын біледі.
Папье – машеде тәсілімен ыдыс жасауды біледі.
Әдісі: Диалогтық оқыту, формативті бағалау, постермен жұмыс, ассоциация, «Серпілмелі сұрақ » әдісі, анықтау кестесін толтыру.
Тапсырма көздері: Жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, деңгейлік тапсырма
Сабақтың көрнекілігі:
Еңбекке баулу 3 сынып оқулығы, ыдыс-аяқ түрлерінің суреттерінен слайд, қауіпсіздік ережелері, интербелсенді тақта;
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
а) Сынып оқушыларының ынтымықтастық атмосферасын қалыптастыру.
ә) Ыдыс-аяқтардың түрлерінің суреттері арқылы топқа бөлу.
Торсық, күбі,тостаған, шәйнек
Үй тапсырмасын сұрау
Үйге берілген тапсырма: Папье – маше.Ыдыс жасау.
«Серпілмелі сұрақтар» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау
1.Папье-маше деген қандай жұмыс?
2.Папье –машенің орындалу тәсілі қандай?
3.Папье –маше тәсілімен ыдыс жасағанда қандай құралдар қажет?
4.Папье-маше дегенді қалай түсінесің?
Жаңа сабақ
Ой қозғау. Бейнефильм «Ұлттық ыдыстар»
- Қолөнермен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз?
- Ұста
- Зергер
- Ісмер
- Шебер
Ұста – қару – жарақ, ер – тұрман, сауыт – сайман жасаумен айналысатын адам.
Зергер – алтын мен күмістен әшекей бұйымдар жасайтын адам
Шебер – ағаштан ойып әр түрлі бұйымдар жасайтын адам
Ісмер – ұлттық киімдер мен бұйымдар тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адам
- Топқа бөлінген кезде құрастырған суретімізде не бейнеленген?
Торсық – су, сусын құятын шағын тері ыдыс
Күбі – талдан, аршадан қиып жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс
Тостаған – ағаш аяқтың шағын түрі.
Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі.
Оқушылар алдарындағы суретте не бейнеленгені жайлы өздерінің ойларын айтады, пікірталасқа қатысады.
«Бағдаршам» әдісі бойынша бағаланады.
Бейнебаян (Алдыңғы сабақтағы оқушылардың сарамандық жұмысы)
Папье - машемен тәсілімен жұмыстың орындалу реті:
1. Ыдыс жасауға қажет болатындай газет парағын қиып аламыз.
2. 50 мл суға 2 ас қасық ұн салып, араластырып, желім дайындап аламыз.
3. Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып, ыдысқа қажет газет қиындылары жабысып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.
4. Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып, ыдысты айналдыра желімдейміз.
5. Осылайша 4-5 рет қабаттап, ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.
6. Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз.
7. Дайын кесеге ою-өрнекті түсті қағаздан қиып алып желімдейміз, акварель бояуымен алуан түрлі гүлдердің суретін салып немесе ою -өрнекпен безендіреміз.
Сергіту сәті.
Жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі.
Қылқалам, желім, қайшымен жұмыс істегенде гигиеналық ережелерді сақтау.
Сарамандық жұмыс:
Жұмыстың орындалу реті: берілген шаблондар арқылы ою өрнекті сызып,қиып алып, ыдысқа жапсырмалайды.
Папье – маше түрінде жасалған кәсе, тарелкені үлгілері бойынша ою-өрнекпен әсемдеу.
1-топ: орыс халқының өрнектері
2 -топ: қазақ халқының өрнектері
3-топ: корей халқының өрнектері
4-топ: өзбек халқының өрнектері
«Ынтымақ-адамдар арасындағы татулық дегенді» қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды.
Топтық тапсырма орындау. Постермен жұмыс
1-топ: Ыдыстар неден жасалғанын анықтап,сәйкестендір
2-топ: Кәсе туралы 5 жолды өлең құрастыру
3- топ: Металдан жасалған ыдыс-аяқтар сәйкестендіру
4- топ: Пластмассадан жасалған ыдыс-аяқтардың пайдасы мен зияны
Бағалау «Екі жұлдыз бір ұсыныс»
Сабақты бекіту Анықтау кестесін толтыру
р/с
Тапсырмалар Оқушы жауабы
1 Ыдыстар неден жасалады?
2 Тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмас үшін қандай ыдыстарды пайлаланған дұрыс?
3 Папье-маше тәсілімен жұмыс жасаудың маңызы неде?
4 Папье-маше тәсілімен тағы қандай бұйымдар жасауға болады?
«Бағдаршам» арқылы бағалау Кері байланыс Үйге тапсырма: ыдыс жасау