Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы : "Жаңа жылдық ойыншықтар"»
Ортаңғы тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Жаңажылдық ойыншықтар
Мақсаты: балалардың шырша ойыншықтарын қағаздан жасау дағдыларын қалыптастыру.Жаңа жылдық шыршаны безендіруге үйрету.Шырша бейнесін геометриялық фигуралардан құрастыру..Жаңа жыл мерекесіне дайындықтарын бақылау.
Қолданылатын көрнекіліктер,қажетті құрал жабдықтар : жасанда шырша, экран, слайд, шырша суреті, түрлі – түсті қағаз, үлгі – шырша, ойынға қажетті суреттер, алдын – ала дайындалған пішіндер, безендірілген шырша суреті, салфеткалар.
Оқу іс-әрекет кезендері
Тәрбиешінің әрекеттері
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Сәлемдесу. Қонақ күту салтымыз, Оқып біліп жатырмыз. Келген қонақ сіздерге, Сәлем бердік жалпымыз. Ұранымыз! Бір, екі, үш, Отырамыз тып тыныш. Жалқаулықты тастаймыз, Сабақты біз бастаймыз.
Балалар қайталайды.
Ұйымдастырушылық - ізденістік.
Балалар казір жылдың қай мезгілі? -Қыста далада қандай өзгерістер болады? -Қыста қандай мереке бар? -- Сендер жаңа жыл мерекесін жақсы көресіңдер ме? - Ал жаңа жыл мерекесінде не міндетті түрде болу керек? -Шыршаны қайдан алуға болады? -Мерекеге шыршаны дайындау үшін не істейміз? Жұмбақ шешу. Тікен – тікен тік пісте, Қысы – жазы бір түсте. Ол не?( Жақында Жаңа жыл мерекесі болады.Ортада шырша тұрады, әсем етіп безендіріледі.Онда көптеген ойыншықтар болады,сол ойыншықтарды қағаздан киып та жасауға болады екен,балалар. Мултфильм көру «Маша мен аю» -Балалар біз де Маша мен аю секілді шыршаны безендірейікші. Д\о Геометриалық пішіндерден шырша құрастыру. -Балалар, мынау қандай пішіндер? - геометриялық фигуралар - үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек. - әр түрлі, үлкен, кіші, орташа -түсі қандай? Ұжымдық жұмыс. Ендеше осы шыршаны сәндейікші. Қайшымен жұмыс істеу ережесімен таныстыру. Жеке оқушымен жұмыс. Сергіту сәті: Бейнеролик арқылы оқушыларды сергіту. Біраз серігіп алсақ жасаған ойыншықтарымызды шыршамызға ілейікші
Балалар сұрақтарға толық нақты жауап береді.
Жұмбақты шешеді: шырша
Қайшымен жұмыс жасау ережелерін есіне түсіреді.
Рефлексиялық-түзетушілік
Қорытындылау: - Біз сендермен нені безендірдік? - Шыршаның түсі қандай? - Қандай мереке онсыз өтпейді? - Балалар, сендерге бүгінгі күннің тапсырмасы ұнады ма? Қиын болды ма? Қызық болды ма? Сұрақтарға жауап беріп, алған әсерлерімен бөліседі.
Балалар сұрақтарына жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Шырша жаңа жыл мерекесінің символы, және оны қалай дұрыс безендіру керектігін,
Игереді: Сұрақтарға толық, анық жауап беруі қалыптасқан. :