«Таным» білім беру саласының құрастыру ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Жасы: (3-4)
Күні: 23.12.2016
Тақырыбы:Жана жылдық безендірулер
Мақсаты:Парақ қағазды умаждап шардың бейнесін жасау іскерліктерін қалыптастыру; шығармашылық қиялын, көркемдік талғамын дамыту.
Алдын-ала жұмыс және оқу іс- әрекетіне дайындық: ауа-райы туралы әңгіме айту
Сөздік жұмыс: Жаңа жыл, безендіру.
Іс –әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің
басқарымдық қызметті
Балалардың іс- әрекеті
І - кезең Мотивациялық-қозғаушы
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған.
Балалар бізде қандай мереке болады?
Жаңа жылда шыршаны не істейміз?
Немен безендіреміз?
Балалар тақпақты тыңдайды.
-Жаңа Жыл мерекесі болады.
-Шыршаны безендіреміз.
-Түрлі-түсті ойыншықтармен
ІІ - кезең Ұйымдастырушылық
ізденушілік
Ғажайып сәт
Балалар, қарандаршы мынау жерде шырша ағашы өсіп тұр.
Ол шырша қөнілсіз тұр екен.
Кәнекі, балалар, шыршанын қөнілін көтеру үшін біз оған ойыншықтар жасап береік.
Ендеше біз қазір ойыншықтарды әр түрлі-түсті қағаздардан жасаймыз.
Сергіту сәтін жасату.
Ойын: «Тоңдырамын»
Балалар назарын шыршаға айналдырады.
-Шырша өсіп тұр.
Балалар шыршаға ойыншық жасайтынын айтады.
Ойыншықтар жасауға тырысты.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Топ-топ басайық,
Қағаздан гүл жасайық.
Жаса-жаса алтын күн,
Жаса-жаса жарқын күн.
ІІІ - кезең
рефлексивтік түзету
-Балалар, айтыңдаршы қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Ал, енді балалар жасаған ойыншықтарына жіп іліп шыршаны безендірейік.
Балаларды мақтап, мадақтау.
-Қыс мезгілінде біз қармен ойнаймыз, сырғанақ тебеміз, аққала жасаймыз.
Өз жасаған ойыншықтарын шыршаға іліп қойды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Шырша туралы біледі.
Түсінеді:Шыршаны безендіру түсініктері болады.
Қолданады: Түрлі-түсті қағаздарды умаждап ойыншықтар жасауды.