Балалар мен сендерге мынандай сұрақ қойғым келіп тұр. -Көліктер неше және қандай түрлерге бөлінеді? -Қаланың бір шетінен екінші шетіне қандай көліктер қатынайды? Ол қандай көліктер? -Бүгін тез арада Астанаға жетуің керек, қалай жетесің? - Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай жетесің? (Балаларға біраз түсінік беру) -Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Әрбір бала «Жолда жүру ережесі» білу керек. - Балалар, бір қаладан екінші қалаға қандай көліктер арқылы барамыз? - Қала, ауыл ішінде қандай көліктер қатынайды? -Адамға көлік не үшін керек? Қандай көлік түрлері бар? -Ертеде адамдар алыс жерлерге қандай көлік түрлерімен жеткен? (Слайт арқылы көлік түрлерімен таныстыру) Ойын: «Ұшты, ұшты» 1.«Орнын тап» Бұлттың астына ауада ұшатын көліктерді,судың астына суда жүретінін, жолдың астына жерде жүретін көліктерді ілейік. көлік – траснспорт, самалет – ұшақ. Қайық – лодка, тралейбус, трамвай, машина, катер. Естеріне сақтап алындар. Тест тапсырмалары. 1. Әуе көлік түрін көрсетіңіз. А) пойыз; В) тікұшақ; С) автобус;Д) трамвай; Е) такси. 2. Көлік түріне жатпайтынды белгілеңіз. А) велосипед В) әткеншекС) есекД) мәшина Е) түйе 4. Жолаушы автобуста не төлейді? А) салық; В) жолақы;С) еңбекақы;Д) кітап; Е) сурет 5. Сөйлемді толықтырыңыз. Жүргінші жол жүру ...... білу керек. А) жолын; В) тәртібімен;С) ережесін;Д) оқу; Е) есте сақтау Шағын көрініс көрсету. І . Жүргізуші автобус айдайды. Аялдамаға тоқтағанда әже отырады. Бала оған орын бермейді. Сенің айтар ақылың........ ІІ. Жол үстінде бір топ балалар футбол ойнап жатыр. Сен автобус жүргізушісің, сенің балаларға айтар ақылың...... Жұмбақ шешу. 1.Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялайды. (Автобус) 4. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та , Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам) 7. Қазша қанатын жаяды Үйрекше мойнын созады. Құсша қонады. (Ұшақ) 8. Күндіз - түні күрсінеді, Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз) 10. Бірінің ізін бірі басады, Біріне жеткізбей, бірі қашады. (Дөңгелектер) -Өте жақсы,балалар! | Сұрақтарға толық жауап береді. Мұқият тыңдайды. Сұрақтарға толық жауап береді. Слайттағы суреттерге қарап көлік түрлерімен танысады. Ойынға барлығы белсене қатысып, серігіп алады. Көліктерді дұрыс орналастырады. Жаңа сөздердің аудармасын естерінде сақтап алады. Әуе көлігі тікұшақ. . Көлік түріне жатпайтындар: әткеншек. Жолаушы автобусқа жолақы төлейді. Жүргінші жол жүру ережесін білу керек. Балалар жұмбақ шешімін табады. |