Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу қызметі»
Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сенсорика. Мүсіндеу
Тақырыбы: «Ыдыс – аяқ».
Мақсаты:
Білімділігі: Ыдыс – аяқ түрлерінің атауымен таныстырып, не үшін қажет екендігін айту. Олардың үлкен – кіші екендігін және негізгі түстерін анықтау.
Дамытушылығы: Саусақ жұмысын дамыту.
Тәрбиелілігі: Бір – біріне көмектесу арқылы қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонент: ыдыс - аяқ – посуда, шәйнек – чайник, стақан – стакан, қасық – ложка, шанышқы – вилка.
Көрнекілігі: Суреттер.
Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ – жауап , түсіндіру, дидактикалық ойындар.
Әдіс кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық кезеңі.
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Қайырлы күн достарым!
Міне, менің қолым,
Жылуыма жылу қос!
Жағдаят.
Балаларға әр түрлі ыдыс – аяқтар салынған салынған сәлемдеме келеді.
Шаттық шеңберінде сәлемдеседі.
Ұйымдастырушы-ізденушілік кезеңі.
- Ой, балалар, қараңдаршы?! Мұны кім әкелді? Тамаша екен, ішін ашып көрейін ба?
Балалар таңданады.
Мұнда шәйнек те бар, қасық , шанышқы, стақан. Қандай әдемі ыдыс-аяқтар?! Ендеше, мен сендерді ыдыс – аяқтармен таныстырайын ба?
Ыдыс – аяқтардың өте көп түрлері бар. Қасық, шанышқы, шәйнек, стақан. Шәйнек – шәйді қайнатып ішу үшін қажет.
Ал стақанға сол шәйді құйып ішеміз. Тәрелкеге тамақ саламыз. Ол тамақты қасықпен, шанышқымен алып тамақтанамыз.
Балалар тыңдайды.
Қостілділік компонент: ыдыс - аяқ – посуда, шәйнек – чайник, кесе – чашка, қасық – ложка, шанышқы – вилка.
Балалар қайталайды.
Сергіту сәті.
Ыдыс жуу
Қане, қайда қолымыз?
Анамызға қолғабыс.
Шәйнек, кесе, ыдыстар,
Және үлкен табақ бар.
Барлығын да жуамыз,
Анамызға қамқормыз.
Анамызға қамқормыз.
Сергіту сәтін орындайды.
Ғажайып сәт. Топқа аю кіреді.
- Балалар, сәлеметсіңдер ме?
- Сәлеметсіз бе, аю аға?!
- Сендер мұнда неге жиналып отырсыңдар?
- Аю аға , біз ыдыс – аяқтар туралы танысып жатырмыз.
- Ай , бәрекелді, менің де ыдыс – аяқтар туралы білетінім бар еді. Мен де сендерге ыдыс – аяқтар туралы ойын ойнатайын ба?
- Әрине, Аю аға, біздің балаларымыз оған қарсы емес.
Дидактикалық ойын:
«Бұл қандай ыдыс – аяқ?».
Дидактикалық ойын:
«Түсі қандай?»
Дидактикалық ойын:
«Үлкен – кіші».
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Рефлексивті-түзетушілік кезеңі.
- Рақмет, сізге Аю аға. Сіздің ойындарыңыз балаларға өте қатты ұнады.
- Ендеше, балалар, Аю ағаға арнап тәтті нан дайындаймыз ба?
- Олай болса, менде кенетикалық құм бар. Ол ермексаз секілді.
Ауызға салуға болмайды, онымен тек ойнаймыз. Қане, кенетикалық құмды арнайы пішіндеріне салу арқылы тәтті нан дайындап, тәрелкеге салып Аю ағаға сыйлайықшы.
Кенетикалық құммен ұжымдық жұмыс.
Мүсіндеу жұмысын жасайды.
Аю:
- Рақмет, сендерге, балалар! Маған сендердің сыйлықтарың өте қатты ұнады. Менің де орманға кететін уақытым болды. Сау болыңдар!
Ұйымдастырылған оқу қызметіне жақсы қатынасқан балаларды мақтаймын.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Ыдыс – аяқтардың түсін ажыратуды;
Игерді: Ыдыс – аяқтардың үлкен және кіші екендігін анықтауды;