Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті Қоршаған ортамен таныстыру
Лексикалық тақырып: «Киімдер»
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Киімдер дүкеніне саяхат»
Мақсаты: Киімдер туралы түсініктерін кеңейту, олардың атын атап қандай материалдан жасалғанын және не үшін керек екенін айтып тани білуге үйрету. Киімдердің түстері, пішіндері туралы түсініктерін қалыптастыру. Қарым – қатынас дағдысын жетілдіру, киімді таза, әрі ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Түзете – дамыту мақсаты: Балалардың сөздік қорын толықтыру, сөйлеу тілін дамыту.
Танымдық қабілеттіліктерін жетілдіру, ойлауын, жалпы және ұсақ қол моторикасын дамыту.
Сөздік жұмыс: Киімдер, бас киім, киім дүкені, малақай, күрте, қолғап, етік, бәтеңке т. б
