kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Тарих әлеміне саяхат"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы Мақсаты: Білімділік: оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық тәрбие беру Сабақтың түрі: сайыс Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, карта, топпен жұмыс Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, суреттер, бейне материалдар, Қазақстан картасы Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. амандасу 2. сайысқа қатысушы оқушыларды орындарына отырғызу Жүргізуші сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 сыныптары арасында «Тарих әлеміне саяхат» тақырыбында өткелі отырған танымдық сайысына қош келдіңіздер! ІІ. «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысын жүргізу жоспары: 1. Сайыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру. 2. Сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру. Көздеген армандары 3. Әділ қазылар тобымен таныстыру 4. Ойын шартымен таныстыру Сайысымыз негізгі 4 турдан тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өзінің атымен және ұранымен таныстырады, әділқазылар топтардың таныстыруын бағалайды. І турымыз «Зымыран сұрақ » деп аталады Әрбір топқа кезекпен жалпылама Абылай хан және тәуелсіз Қазақстан тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпай. Сұрақтары: 1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды? (1991 жылы 16 желтоқсан) 2. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр) 3. "Қазақстан болашағы - қазақ елінде", "қазақ қазақпен қазақша сөйлессің" деген нақыл сөздердің авторы кім? (Н.Ә.Назарбаев) 4. Қазақстан Республикасы қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан) 5. Абылай ханға Сабалақ деп ат қойған кім? (Төле би) 6. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше? (БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ұйымы) 7. 1729 жылы Аңырақай шайқасында Абылай жекпе-жекте өлтірген жоңғар батырының есімі? (Шарыш) 8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары? (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков) 9. Абылай хан жерленген кесене? (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі) 10. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама (1723 ж) 11. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-1781) 12. Астана қаласының символы? (Бәйтерек) 13. Абылай ханның кеңесшісі болған "көмекей әулие( атанған жырау кім? (Бұхар жырау) 14. Тұңғыш Президент күні қашан? (1 желтоқсан) 15. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап) 16. 1729-1730 ж оқиға (Аңырақай шайқасы) 17. Алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей, Жәнібек) 18. «Диуани лұғат ат-тюрк» еңбегінің авторы кім? (М. Қашғари) 19. Алтын Адам» қайдан табылды? (Есік) 20. Абылай хан қай жылдары өмір сүрді? (1711-1781) 21. Тарихтағы «Қанішер Абылай» деген кім? 22. Бөкей хандығы қашан құрылды? (1801) 23.ХVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып заңдары? (Жеті Жарғы) 24. 1837-1847 жылғы оқиға? (К.Қасымұлы) 25. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Түркістанда кімнің бұйрығымен салынды (Әмір Темір). 26. Е.Пугачев көтерілісі (1773-1775 ) 27 Қазақстан Республикасының қазіргі әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы) 28. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күні қашан? (15 қараша) 29. 1802 ж. Көкшетау обл. Бурабай тау етегінде дүниге келген хан ? (К.Қасымұлы) 30. С.Датұлы көтерілісі (1783-1795 ) ІІ турымыз «Суреттер сөйлейді?» деп аталады Әр топқа кезекпен ұлы тұлғалардың суреттері көрсетіледі, топ осы тұлға туралы мағлұмат беруі керек. Дұрыс жауап 10 ұпай. Көрсетілген тұлғалар: 1. Төле би Әлібекұлы (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған. 2. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі –Жошы хан. Шын есімі Әбілмансұр. 13 жасында Төле бидің жылқысын бағып Сабалақ атанды. Аңырақай шайқасы болған жылдары жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, Абылай атанды. 1771-1781 жылдары үш жүздің ханы болды. 3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. 1397 жылы Орта Азияның билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауи кесенесі салынады. 1399 жылы үлкен тайқазан орнатылады. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. 4. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. 5. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың"Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма") шығармалары бар. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1960) лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. «Жыл адамы» атағын алған (2001). Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. 6. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 жылы 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы). 1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген. 7. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. 1917 жылы желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. 1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә.Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі. 1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды. 2001 жылы 29 тамызда полигон құрбандарын еске алу мақсатында Семейде "Полковничий" аралында “Өлімнен де күшті” монументі қойылды. Жоба авторы Шоты Уәлиханов болып табылады. Жыл сайын бұл жерде тұрақты түрде митинг өткізіліп келеді. 8. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты. 9 Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылы дүниеге келген. 1942 жылы "Абай" романының бірінші кітабы, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрді. Шығармалары: "Қорғансыздың күні", "Жетім", "Жуандық", "Кім кінәлі", "Қараш-қараш оқиғасы", "Қилы заман" повестері, "Еңлік-Кебек", "Қарагөз", "Түнгі сарын", "Қарақыпшақ Қобыланды" пьесалары. ІІІ турымыз «Сырға толы карта» Әр топқа кезекпен Қазақстан қалалары бойынша сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақ бойынша сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар қаланы картадан көрсетуі қажет. Толық дұрыс жауап 10 ұпай, егер картадан көрсете алмаса, 5 ұпай. Сұрақтары: 1. Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз) 2. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа қай жерден аттанды? (Байқоңыр) 3. Алаш автоаномиясының астанасы болған қала? (Семей) 4. Қазақтар қай қаланы Қызылжар деп атайтын? (Петропавл) 5. Негізі 1640 жылы қаланған Гурев қаласының қазіргі аты? (Атырау) 6. Ғалымдар бұл қаланың атауын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала" деп түсіндіреді? (Шымкент) 7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала? (Көкшетау) 8. Мұғалжар тауының оңтүстік батысында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас қала? (Ақтөбе) 9. Үшінші алтын киімді адам табылған аудан? (Зайсан) 10. 1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы) 11. Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған) 12. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталған қала? (Ақтау) 13. 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Қызылорда) 14. 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды) 15. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин дүниеге келген өңір? (Қостанай) 16. 16-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан) 17. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен) 18. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз) 19. Жасыбай көлі, Баянауыл тауы орналасқан өңір? (Павлодар) 20. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана) Ү турымыз «ОнТұңғыш» 1. Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел патша: Томирис б.з.б. 570-520ж. 2. ХІІ-ІХ ғғ (VIII) өмір сүрген, тұңғыш ажалмен арпалысқан кім? Қорқыт VIII ғ. 3. Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы» атты тұңғыш ғылыми еңбек жазған, энцоклопедист ғалым. Әбу Насыр Әл-Фараби 870-950 ж.ж. 4. Египетте жүріп құлдық дәрежеден ел билеуші дәрежесіне дейін жеткен қазақ бабасы: Бейбарыс сұлтан 5. Ел басқарудың жаңа түрі «халық кеңесі» атты тұңғыш халықтық өкімет құрған қазақ батыры. Сырым Датұлы 1783-1797ж.ж. 6. Қазақтың тұңғыш шығыстанушы ғалымы, қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш қағазға түсіруші. Шоқан Уалиханов 1857 жыл 7. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» біріккен қазақ қолын тұңғыш басқарған, монғол қолын ойсырата жеңген. Әбілқайыр хан 1693-1748 ж.ж. 8. Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж. 9. Қазақ тілінде тұңғыш «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған ғалым-ағартушы. Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж. 10. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Мұстафа Шоқай 1890-1941 ж.ж. Ү турымыз «ҰШҚЫР ОЙ» Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра. Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ. Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу. Ту тігілді халқымның бүгін бағына, Жас өрендер желбіретіп нық Ұста. Ғасырларға жалғастырып елдікті, Дақ түсірме ата-баба арына. Үлгі бізге аталардың ерлігі, Ұлағатты, өнегелі еңбегі. Тәуелсіздік туын ұстап жоғары Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі. Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Тарих әлеміне саяхат"»

Тақырыбы: «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту

Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық тәрбие беру

Сабақтың түрі: сайыс

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, карта, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, суреттер, бейне материалдар, Қазақстан картасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. амандасу

2. сайысқа қатысушы оқушыларды орындарына отырғызу

Жүргізуші сөзі:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 8 сыныптары арасында «Тарих әлеміне саяхат» тақырыбында өткелі отырған танымдық сайысына қош келдіңіздер!

ІІ. «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысын жүргізу жоспары:

1. Сайыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру .

2. Сайысқа қатысушы оқушылармен таныстыру . Көздеген армандары

3. Әділ қазылар тобымен таныстыру

4. Ойын шартымен таныстыру

Сайысымыз негізгі 4 турдан тұрады. Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өзінің атымен және ұранымен таныстырады, әділқазылар топтардың таныстыруын бағалайды.


І турымыз «Зымыран сұрақ » деп аталады


Әрбір топқа кезекпен жалпылама Абылай хан және тәуелсіз Қазақстан тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпай.

Сұрақтары:

  1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды?

(1991 жылы 16 желтоқсан)

2. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)

3. "Қазақстан болашағы - қазақ елінде", "қазақ қазақпен қазақша сөйлессің" деген нақыл сөздердің авторы кім? (Н.Ә.Назарбаев)

4. Қазақстан Республикасы қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)

5. Абылай ханға Сабалақ деп ат қойған кім? (Төле би)

6. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше? (БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ұйымы)

7. 1729 жылы Аңырақай шайқасында Абылай жекпе-жекте өлтірген жоңғар батырының есімі? (Шарыш)

8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары? (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)

9. Абылай хан жерленген кесене? (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)

10. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама (1723 ж)

11. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-1781)

12. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)

13. Абылай ханның кеңесшісі болған "көмекей әулие( атанған жырау кім? (Бұхар жырау)

14. Тұңғыш Президент күні қашан? (1 желтоқсан)

15. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

16. 1729-1730 ж оқиға (Аңырақай шайқасы)

17. Алғаш қазақ хандығын құрған кімдер? (Керей, Жәнібек)

18. «Диуани лұғат ат-тюрк» еңбегінің авторы кім? (М. Қашғари)

19. Алтын Адам» қайдан табылды? (Есік)

20. Абылай хан қай жылдары өмір сүрді? (1711-1781)

21. Тарихтағы «Қанішер Абылай» деген кім?

22. Бөкей хандығы қашан құрылды? (1801)

23.ХVIII ғ. қазақтардың әдет-ғұрып заңдары? (Жеті Жарғы)

24. 1837-1847 жылғы оқиға? (К.Қасымұлы)

25. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі Түркістанда кімнің бұйрығымен салынды (Әмір Темір).

26. Е.Пугачев көтерілісі (1773-1775 )

27 Қазақстан Республикасының қазіргі әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы)

28. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күні қашан? (15 қараша)

29. 1802 ж. Көкшетау обл. Бурабай тау етегінде дүниге келген хан ? (К.Қасымұлы)

30. С.Датұлы көтерілісі (1783-1795 )


ІІ турымыз «Суреттер сөйлейді?» деп аталады


Әр топқа кезекпен ұлы тұлғалардың суреттері көрсетіледі, топ осы тұлға туралы мағлұмат беруі керек. Дұрыс жауап 10 ұпай.

Көрсетілген тұлғалар:

1. Төле би Әлібекұлы (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.

Казіргі Жамбыл облысыңдағы Шу өзенінің жағасында, Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Леңгір ауданының Ақбұрхан ордасында қайтыс болған.

2. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі –Жошы хан. Шын есімі Әбілмансұр. 13 жасында Төле бидің жылқысын бағып Сабалақ атанды. Аңырақай шайқасы болған жылдары жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіріп, Абылай атанды. 1771-1781 жылдары үш жүздің ханы болды.

3. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. 1397 жылы Орта Азияның билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен Қожа Ахмет Йассауи кесенесі салынады. 1399 жылы үлкен тайқазан орнатылады. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.

4. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 жылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы - 31 қаңтар, 1964 жылы, Мәскеу) - қазақ және Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.

5. Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері ("Гауһар тас", "Жиырма бес"), Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің "Бұлбұлы", Брусиловскийдің "Қос қарлығашы", Төлебаевтың"Еске алуы", Рахмадиевтің "Тарантелласы", Мұхамеджановтың "Көктем вальсі", Тілендиевтің "Кел еркем, Алатауыма") шығармалары бар. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1960) лауреаты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған. «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. «Жыл адамы» атағын алған (2001). Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.

6. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 жылы 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы).

1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы берілді. Ленин орденімен марапатталды. Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.

7. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

1917 жылы желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә.Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады.

1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә.Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.

2001 жылы 29 тамызда полигон құрбандарын еске алу мақсатында Семейде "Полковничий" аралында “Өлімнен де күшті” монументі қойылды. Жоба авторы Шоты Уәлиханов болып табылады. Жыл сайын бұл жерде тұрақты түрде митинг өткізіліп келеді.

8. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров (27 шілде 1946 жыл, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, Қазақстан) — қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997), Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 сәуірде Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

9 Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылы дүниеге келген. 1942 жылы "Абай" романының бірінші кітабы, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрді.

Шығармалары: "Қорғансыздың күні", "Жетім", "Жуандық", "Кім кінәлі", "Қараш-қараш оқиғасы", "Қилы заман" повестері, "Еңлік-Кебек", "Қарагөз", "Түнгі сарын", "Қарақыпшақ Қобыланды" пьесалары.


ІІІ турымыз «Сырға толы карта»


Әр топқа кезекпен Қазақстан қалалары бойынша сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақ бойынша сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар қаланы картадан көрсетуі қажет. Толық дұрыс жауап 10 ұпай, егер картадан көрсете алмаса, 5 ұпай.

Сұрақтары:

1. Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз)

2. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа қай жерден аттанды? (Байқоңыр)

3. Алаш автоаномиясының астанасы болған қала? (Семей)

4. Қазақтар қай қаланы Қызылжар деп атайтын? (Петропавл)

5. Негізі 1640 жылы қаланған Гурев қаласының қазіргі аты? (Атырау)

6. Ғалымдар бұл қаланың атауын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала" деп түсіндіреді? (Шымкент)

7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала? (Көкшетау)

8. Мұғалжар тауының оңтүстік батысында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас қала? (Ақтөбе)

9. Үшінші алтын киімді адам табылған аудан? (Зайсан)

10. 1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы)

11. Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған)

12. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталған қала? (Ақтау)

13. 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Қызылорда)

14. 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды)

15. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин дүниеге келген өңір? (Қостанай)

16. 16-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан)

17. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен)

18. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз)

19. Жасыбай көлі, Баянауыл тауы орналасқан өңір? (Павлодар)

20. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана)


Ү турымыз «ОнТұңғыш»

1. Парсылар державасының негізін қалаған Камбистің ұлы Кир патшаны өлтірген қолбасшы, тұңғыш әйел патша: Томирис б.з.б. 570-520ж.

2. ХІІ-ІХ ғғ (VIII) өмір сүрген, тұңғыш ажалмен арпалысқан кім? Қорқыт VIII ғ.

3. Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы» атты тұңғыш ғылыми еңбек жазған, энцоклопедист ғалым. Әбу Насыр Әл-Фараби 870-950 ж.ж.

4. Египетте жүріп құлдық дәрежеден ел билеуші дәрежесіне дейін жеткен қазақ бабасы: Бейбарыс сұлтан

5. Ел басқарудың жаңа түрі «халық кеңесі» атты тұңғыш халықтық өкімет құрған қазақ батыры. Сырым Датұлы 1783-1797ж.ж.

6. Қазақтың тұңғыш шығыстанушы ғалымы, қырғыздың «Манас» жырын тұңғыш қағазға түсіруші. Шоқан Уалиханов 1857 жыл

7. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» біріккен қазақ қолын тұңғыш басқарған, монғол қолын ойсырата жеңген. Әбілқайыр хан 1693-1748 ж.ж.

8. Тұңғыш рет дауыс беру арқылы сайланған, қытай елімен тұңғыш сауда қатынасын жолға қойған қазақ ханы. Абылай хан 1771-1781 ж.ж.

9. Қазақ тілінде тұңғыш «Қазақ хрестоматиясы», «Қазақтарға қазақ тілін үйретудің құралы» атты оқулықтар жазған ғалым-ағартушы. Ыбырай Алтынсарин 1841-1889 ж.ж.

10. КСРО құрамындағы қазақ халқының мүддесін шетелде жүріп қорғаған тұңғыш қазақ. Мұстафа Шоқай 1890-1941 ж.ж.


Ү турымыз «ҰШҚЫР ОЙ»


Берілген сөздерді пайдаланып, «Тарихыңды таны, жас ұлан» тақырыбындағы мәтін құра.


Берілген сөздер: Отан, Атамекен, бабалар арманы, көне жазбалар, тарихи тұлғалар, болашақ, Қазақстан, ана тілі, ескерткіштер, ата-баба мұрасы, ұрпақ. Топпен жұмыс, флипчарт қағазға жазу.


Ту тігілді халқымның бүгін бағына,

Жас өрендер желбіретіп нық Ұста.

Ғасырларға жалғастырып елдікті,

Дақ түсірме ата-баба арына.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,

Ұлағатты, өнегелі еңбегі.

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі.


Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
"Тарих әлеміне саяхат"

Автор: Будешова Гульвира Елубаевна

Дата: 03.02.2017

Номер свидетельства: 387358

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(78) ""Тарих - әлеміне саяхат." сыныптан тыс жұмыс"
    ["seo_title"] => string(45) "tarikh_lieminie_saiakhat_synyptan_tys_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "387360"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1486124042"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашық сабақ "Ойыншықтар әлеміне саяхат""
    ["seo_title"] => string(39) "ashyk_sabak_oiynshyktar_lemine_saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "483095"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1541064515"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) ""Тарих ?леміне саяхат" зияткерлік сайыс"
    ["seo_title"] => string(43) "tarikh-lieminie-saiakhat-ziiatkierlik-saiys"
    ["file_id"] => string(6) "290036"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1454916342"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Тарих ?леміне саяхат"
    ["seo_title"] => string(22) "tarikhlieminiesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "310844"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1459101465"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Внеклассная работа по математике: "Туындылар ?леміне саяхат" "
    ["seo_title"] => string(64) "vnieklassnaia-rabota-po-matiematikie-tuyndylar-lieminie-saiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "181454"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1425357947"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства