2. Дәптермен жұмыс: Тәрбиеші «Қайырымды қоян» ертегісін оқып таныстырады (67-68 беттерден қарау). Сұрақтар: - Әке-шешесі баласына қонаққа кімдерді шақыр деді? - Бала қонаққа кімдерді шақырды? - Әкесі баласына не үшін ұрысты? - Бала жылап отырғанда көмекке не келді? - Қоян қандай қайырымдылық жасады? - Біз де қоянға ұқсап қайырымды бола аламыз ба? 3. Сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян, Естіп қалып сыбдырды. Ойлы-қырлы жерлермен Ытқып-ытқып жүгірді. Қарап еді артына, Қиығы сап көзінің, Келе жатқан томпаңдап Көжегі екен өзінің. (Қимылмен көрсетеді) 4. Дидактикалық ойын: «Досым – менің мақтанышым». Ойын шарты: балалар бір-біріне гүл ұсыну арқылы өз достарының бойындағы жақсы қасиеттерін айтады. - Елжан, сен менің мейірімді досымсың. - Жайна, сен ақылды қызсың. Осылайша ойын жалғаса береді. 5. Тыныштық сәті: Көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, терең тыныс аламыз. Көз алдымызға қайырымды қоянды елестетіп көрейік. Қоян балаға қалай көмектесті? Көздерін ашып, қоянның қандай жақсылық жасағанын айтып береді. 6. Мақал жаттау: «Досы көпті жау алмайды Ақылы көпті дау алмайды». |