Просмотр содержимого документа
«Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 2-ші кіші тобы.»
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 04.09.12.
Білім беру саласы:«Қатынас»
Бөлімі:«Тіл дамыту»
Тақырыбы:«Топ бөлмесіне саяхат»
Мақсаты: тәрбиешінің таңдауы бойынша айналадағы заттардың аталатын сөздермен балалардың сөздік қорын молайту
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Балалар. қарандаршы бізге бүгін қонаққа қуыршақ келіпті.Ол сендерге жаи емес көмек сұрай келіпті. Қуыршақ біздің топты көргісі келеді екен. Көрсетеміз бе?
Балалар қуыршаққа қуанып, күлімсіреп қарсы алады. Амандасады.
Топта саяхат жасауға келіседі.
2.
ұйымдастыру,
іздену
балалар сендер қазір орындарынан тұрып қуыршақпен бірге менәң артымнан жүріп отырасыңдар.
Мен сендерге және Айгерімге біздің топпен таныстырам. Өйткені біздің топта жанадан келген балалар бар.
(ұйықтайтын бөлме, ойнайтын бөлме, дәретхана және сыртқы киім қоятын бөлме көрсету)
әр бөлменің өз қажеті бар, балаларға сұрақ қойып отыру- мынау бөлмеде біз не істейміз? Т.б.с.)
Қ/о «Мысық пен тышқандар»
Балалар орындарынан тұрады да тәрбиешінің артынан қуыршақпен бірге саяхат жасайды.
Балалар сұрақтарға жауап беріп отырады.
Балалар бір баланы мысық болсын деп таңдайды, ал қалғандары тышқандар.
3.
Рефлекті түзету
Балалар біздің қандай?
Сендерге ұнай ма?
Бақшаға келгенде біз қалай қуанамыз?
Топтағы заттарды сындыру, лақтыру бола ма?
Балалар шапалақтайды, қуанады, секіреді.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
.
Күтілетін нәтиже:
1. Қабылдайды: тәрбиешінің әңгімесін, сұрақтарын қабылдау
2. Түсінеді: әр бөлменің не үшін қажетін түсін
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 04.09.12
Білім беру саласы:«Шығармашылық»
Бөлімі:«Сурет салу»
Тақырыбы:«Түрлі-түсті қарындаштар»
Мақсаты: бейнелеу өнеріне керек құралдар-мен таныстыру. Түзу сызықтарды әртүрлі бағытта салуға дағдыландыру. Сурет салуға деген қызығушылығын туғызу.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Балалар, бүгін бізге Айгерім сыйлықтар әкеліпті
Қарандаршы, не ол?
Дұрыс, бұл қарындаштар.
Балалар қарындаштарды көреді, сыйлығына рақиет айтады.
2.
ұйымдастыру,
іздену
Балалар, сендер кеше мүсіндеу сабағында не істедіңдер?
Қане, балалар, қарындаштардың түстері қандай екен?
Дұрыс, әртүрлі. Қане түстерді қайталайық.
Бүгін біз де Айгерімге сыйлық жасайық. Біз түрлі-түсті қарындаштардың суретін саламыз
Сурет салуға дайындық. Қане, балалар, қағаздарымызды және қарындаштарды дайындап іске кірісейік.
Балалар тәрбиешіні тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, қарындаштардың түстерін қайталайды.Қарындаштарды дайындайды.
Балалар тұрып сергіту сәтін орындайды қимыл-қозғалыстарды жасап.
Содан кейін іске кіріседі.
3.
Рефлекті түзеу
Балалардың суреттеріне баға беру, мадақтау.
Сабақты қорыту.
Дайын суреттерін тақтаға іліп қояды.
.
Күтілетін нәтиже:
1. Қабылдайды:қарындаштар не үшін қажет екенің
2. Түсінеді: түрлі –түсті қарындаштарды әртүрлі қарындаштармен салу қажет екенің
3.Қолданады: балалар өздері түстерді таңдап суретті салады.
Күні: 06.09.12
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі:«Қоршаған ортамен таныстыру»
Тақырыбы:«Киіз үй»
Мақсаты: заттың қолдану аясын түсіндіру мен қазақ халқының негізгі тұрмыс заты екенін ұғындыру. Киіз үй көшпенді халқына бірден бір қолайлы үй ретінде қолданған
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Балалар, бүгін біз серуен жасаймыз
Бізге қонаққа Айгерім келді. Ол сендерге киіз үй көрсеткісі келеді.
Бірге барамыз ба?
Балалар қуанып Айгерімді қарсы алады, сәлемдеседі.
Және киіз үйге серуен жасауна келіседі.
2.
ұйымдастыру,
іздену
Балалар, тұрамыз киіз үйдің шын көрейік.
Фйгерім киіз үймен таныстырады.(әңгіме-қазақ халқыным негізгі тұрмыс заты екенін және киіз үй көшпенді, бірден бір қолайлы үй ретінде қолданған )
Сергіту сәті: «Үйде нешеу екенбіз?
Кел санайық екеуіміз.Бас бармағым-әкем,
Балан үйрек – апам,Ортан терек- ағам,
Шылдыр шүмек-мен,Кішкене бөбек сен
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз»
Балалар, мен сендерге бір тамаша тақпақ оқып берейін: Қонақтар келгені,
Көңілді үй қандай.
Кілемдер төрдегі,
Күлімдеп тұрғандай.
Тақпақ сендерге ұнады ма?
Балалар тұрады киіз үйдің айналасында отырады. Және Айгерімді тыңдап отырады.
Балалар тұрып сөздерді және қозғалыстарды қайталайды
«Үйде нешеу екенбіз?
Балалар тыңдайды, жаңа сөздерді қайталап отырады
Ұнады.
3.
Рефлекті түзету
Сабақты қорыту, балаларға сұрақтар қою.
Киіз үй деген ол не?
Ал енді тағы бір тақпақ оқып берейін:
Қонақ келсе, тік тұрып,
Қарсы алатын халықпыз.
Ата-анамыз ұқтырып,
Қойған салтқа қанықпыз.
Дұрыс, балалар, қазақ халқы өте қонақжайлы халық.
Балалар сұрақтарға жауап береді, киіз деген не ол және не үшін пайдаланғанын айтып береді.
Тақпақты тыңдап, қандай тамаша сөздер деп жауап береді
.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:киіз үй – қазақ халқының негізгі тұрмыс зат
2. Түсінеді: қазақ халқының бұрыңғы тұрмыс туралы түсініктері болу
3.Қолданады: сөздік қорындана жаңа сөздерді қолдануға тырысады
Күні: 06.09.12
Білім беру саласы:«Денсаулық»
Бөлімі:«Дене шынықтыру»
Тақырыбы:«Екі сызықтың арасынан жүру ж/е жүгіру(20см)
«Жерде жатқан баудан сек.»
Мақсаты: Ойын түрде балаларды жіңішке жолмен жүруге жаттықтыру.
Ән қолданып, ырғақпен екпінді орындау.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.Дәлелдеу,ояту
Балаларды шеңберге тұрғызу.
Алға қарай жүру .
Алға қарай жүгіру. (20сек.)
Балалар шеңберге тұрады.
Алға қарай жүреді.
Алға қарай жүгіреді. (20сек.)
2.
ұйымдастыру,
іздену
1.Жалпы дамыту жаттығулар:«Әуенді ойыншық»
(бір сапқа тұрғызу)
1.«Сылдырмақ»
Б.Қ.: аяқ сәл алшақ,қол төменде. Жұмырдығымыз-ды түлеп,жоғары көтереміз,оларды сілкейміз, арқамызға түсіреміз -5рет
Б.Қ.:аяқ сәл алшақ,қол төменде. Бәшәйдің ұшымен тұрып, қолда ауызға апарып «ду-ду-ду»деп айту. Аяқты түсіріп, қолды жіберу.- 5рет
11.Негізгі қимыл-қозғалыстар:
1).Екі сызықтың арасынан жүру ж/е жүгіру (Ойын түрде б-ды жіңішке жолмен жүру ж/е жүгіру жаттықтыру -көпірден өту, жағалай су)
2)Дөңгелекке секіру.
3)Жерде жатқан дөңгелекті аттау»
4.Қимыл-қозғалыс ойын «Қасқыр мен қойлар»(қайталау)
Содан кейін тоқтап бір сапқа тұрады.
Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуларды орындайды.
Негізгі қимылды ақырындап көпірден өтеді, аяқтарын суға
Тигізбей, көпірден шығып кетпей өту.
Паласта жатқан дөңгелектің ішіне секіреді бірінің артынан бірі.
Жерде жатқан кішкентай дөңгелекті аттап өтеді.
Ойынды еске түсіріп , қайталаймыз
Қ/Қ О «Қасқыр мен қойлар»
Бір бала қасқыр болады, қалғандары қойлар.
Қасқырдан қашып көпірден тез өтіп кету керек
3.
Рефлекті түзету
Шеңберге тұру, жүру, демалу.
Сабақты қорыту.
Ойыннан кейін балалар шең-берге тұрып жүреді,қолдарын көтеріп мұрынмен дем алады, содан кейін еңкейіп қолдарын түсіріп ауыздан демды шығарады.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады: Жалпы дамыту жаттығуларды жаңғырту
2. Түсінеді: «көпірден өтеміз», «желмен жүреміз» деген тапсырмаларды түсіну
3.Қолданады: Аяқ-қолмен бірге алға секіру
Күні: 12.09.12
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі:«ҚМҰҚ»
Тақырыбы:«Әжеге қонаққа»
Мақсаты: «бір» және «көп» түсініктерін бекіту. Оң қолымен солдан оңға қарай заттарды орналыстыруды үйрету. Ойын жаттығу «Әжеге моншақ»
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Ақтабанды қарсы алу.
Бір қоржын ойыншық әкеледі.
Ойыншықтарым көп менің ,
бәрін бірдей көремін.
Жуындырып, тазалап,
Күтіп ұстап жүремін.(Жақсыгүл Қалжанова)
Балалар қуана-қуана Ақтабанды қарсы алады.
Балалар тақпақты тыңдайды.
2.
ұйымдастыру,
іздену
Балаларға тапсырма , қандай ойыншық көп?
Қандай ойыншық аз? Біреу ғана?
Қоржындағы ойыншықтарды бір-бірлеп алу, оларды, атау, түсі, пішіні қандай екенің айту.
Сергіту сәті: «Үйде нешеу екенбіз?
Кел санайық екеуіміз.Бас бармағым-әкем,
Балан үйрек – апам,Ортан терек- ағам,
Шылдыр шүмек-мен,Кішкене бөбек сен
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз»
Магнит тақтада жаттығуларды орындау.
Солға бір алма- оңға көп дөңгелектер;
Солға –бір жапырақ, оңға – көп гүлдер т.б. тапсырмалар
Ойын жаттығу «Әжеге моншақ»
Магнит тақтада әжеге моншақ құрастырамыз.
Сызылып тұрған жіңішке жіптің суретіне әртүрлі моншақ көздерін тағамыз. (бір ақ моншақ,көп қызыл моншақтардыкезектеп жапсырамыз)
Балалар қоржындағы ойыншықтарды атайды және қайсы көп , аз екенің айтады.
Балалар тұрып саусақтарын санап сергіту сәтін өткізеді.
Балалар тақтаның алдына шығып тапсырмаларды орындайды (оң қолымен солдан оңға қарай суреттерді орналастыру.)
Балалар тақтаның алдына шығып кезекпен моншақтарды тағады және ақ нешеу , қызыл нешеу деп айтып отырады.
3.Рефлекті түзету
Сабақты қорыту.
Балалардан сұрастыру-сабақ ұнады ма?
Біздің топта не көп? Не біреу ғана? Т.б.с.
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Топта көп ойыншық бар, көп үстел, орындық. Ал шаңырақ бізде біреу, киіз -1 т.б..
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:ойын жаттығуды жаңғырту
2. Түсінеді: «бір» және «көп» дегенін түсіну
3.Қолданады: балалар топтағы заттарды атап , нешеу екенің айтып береді
Күні: 12.09.12
Білім беру саласы:«Қатынас»
Бөлімі:«Көркем әдебиет»
Тақырыбы:«Кірпі» Ө. Бесекеева (жаттау)
Мақсаты: шағын тақпақты жатқа айтуға үйрету және кірпі – ол орман тұрғыны екенің білу
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Балалар, мен сендерге жұмбақ айтамын, ал сендер маған не екенің айтып беріңдер.
Мұқият тыңдаймыз:
Денесіне ешкім тимесін,
Қадап алыпты инесін
Балалар тыңдайды, ойланып жұмбақты шешеді.
Бұл кірпі.
2.
ұйымдастыру,
іздену
Кірпі суретін және ойыншығын көру. Балалармен кірпі туралы әңгімелесу.
( түрі қандай , қайда тұрады, немен көректенеді т.б.)
«Кірпі» Ә. Байсеркеевтің тақпағын оқып беру:
Кірпі, кірпі, кірпі
Үстің толған ине,
Бірін берсең шіркін,
Қадар едім түйме!
Балалар, тақпақты жатқа үйрену керек.
Бірнеше рет оқып беру.
Балалар қызығып кірпі ойыншығын көреді, сұрақтарға жауап береді.
Арқасында көп ине бар.
Тақпақты тыңдайды, тәрбиешінің артынан қайталайды.
Балалар қайталап отырады.
3.
Рефлекті түзету
Сабақты қорыту. Кірпі қайда тұрады? Кірпіні арқасында не көп?
Кірпіні қалай жақсы көреміз?
Кірпі туралы қандай тақпақ жаттадық? Т.б.с
Балалар жауап береді.
Кірпіге қуанып шапалақтайды, құшақтарын ашып , кірпіні қалай жақсы көретінің көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:кірпі –орман тұрғыны
2. Түсінеді: жұмбақтың мағынасын түсіну
3.Қолданады: тақпақты жатқа қайталап отырады
Күні: 14.09.12
Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»
Бөлімі:«Экология негіздері»
Тақырыбы:«Мен және айналадағы әлем »
Мақсаты:Өзін-өзі танып білуге, табиғаттағы орнын білуге үйрету.Өзін-өзі ұнамды жағынан бағалауын қолдау.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Балалармен ауа райы және жыл мезгілі жайлы әңгімелесу.
Б-р сұрақтарға жауап беріп отырады.(суық, жаңбыр, жылы киінеміз. Күз келді . т.б.)
2.
ұйымдастыру,
іздену
Дұрыс, балалар, біздің айналамызда табиғат.
Даладағы өсімдіктер, ағаштар, өзен, құстар, жануарлар-бұл бәрі табиғат.
Табиғатты біз қорғаумыз керек. Құстарға, жану-арларға көмек жасау керек. Неге? Ағаштардың бұталарын сындыруға болмайды. Неге? Қалай ойлайсыңдар?
Балалар, мен сендерге бір тақпақ айтып берейін:
Орман, көлге, шыңға біз саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз, әрқашанда бәріміз!
Қандай тамаша сөздер! Табиғатты аялау керек, оны бағалау, сүю және құрметтеу керек.
Балалар тыңдайды.
Суреттерді көріп отырады.
Құстарға тамақ беру керек, ұялар істеу керек. Ағаштарды сындырсақ, олар өспей қалады. Табиғаттың сәні бұзылады.
3.
Рефлекті түзету
Сабақты қорыту.
Балалар, айналада не?
Табиғаттқа қандай жақсылық жасауға болады.
Сендер өскесің не істейсіңдер? Қандай жақсы көмектер жасайсыңдар?
Табиғатты қалай жақсы көреміз?
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар құшағымен көрсетеді.
.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:айналадағы қоршаған орта-ол табиғат
2. Түсінеді: табиғатты қорғау, көмек жасау керек.
Күні: 26.09.12
Білім беру саласы:«Таным»
Бөлімі:«Құрастыру»
Тақырыбы:«Екі қабатты үй» (құрылыс материалдары)
Мақсаты:Балаларға үй құрылысы жайлы түсінік беру.Балаларға биік үйлерді құрастыруға үйрету, оған керек құрылыс материалдарын таңдап алуға, үлгіге қарай отырып бөлек бұйымдар қандай заттардан құралғандарын байқауға дағдылау
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Ақтабан есікті тарсылдатып топқа қонаққа келеді. Балаларға үйлер туралы суреттерді әкеліп көрсетеді, әңгімелесу.
Балалар Ақтабанға өте қуанышты болып, амандасып қарсы алады. Суреттерді қызығушылықпен қарап сұрақтарға жауап береді.
2.
ұйымдастыру,
іздену
Балаларға үйді құрастырып көрсету, түсіндіру.
Оларға көрсету қандай бөлшектерді қолдану керек.
Сергіту сәті: «Керілді мысық....»
Балаларға тапсырма беру- үй құрастыру.
Балаларға көмек беру.
Балалар тыңдайды.
Б-р тұрып серг/сәтін орынд.
Әр бала өз орнында үй құрастырады.
3.
Рефлекті түзеу
Сабақты қорыту.
Сұрақтар қою,(сендерге үйлер ұнай ма? ) құрылыстарға баға беру, балаларды мақтау. Қандай тамаша үйлер құрылды! деп сабақты аяқтау.
Балалар кімге қай үй өте ұнады айтып және көрсетіп береді.
.
Күтілетін нәтиже:
1.Жаңғыртады: үлгіге қарай отырып бөлек бұйымдар қандай заттардан құрылғындарынбілу
Дұрыс, балалар,бұл әрине лақ. Қазірбіз жайлауда көп малды көреміз.
Оларды неге үй жануары деп айтады? Үй жануары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Сендер көздеріңді жұмыңдар, көз алдымызға жайлаудағы жанауарларды елестетейік. .(қой, ешкі, сиыр, түйе,жылқы)
Көзімізді ашамыз –жайлауда үй жануарлары.
Сергіту сәті : «Керілді мысық..»
Д/о «Үй жануарлары»
Мақсаты: үй жануарларының дене мүшелерін атауға, ажыратуға үйрету және қандай пайдасы бар екенің білу.
Балалар, үй жануарларын ренжіту бола ма?
Оларға қандай көмек беруіміз керек?
Тыңдайды.
Лақ.
Үй жануарларын.
Балалар көздерін жұмады, не елестеткендерін айтады.(қой, ешкі, сиыр, түйе,жылқы)
Балалар дауысты кітапті көріп, сұрақтарға жауап береді.
Жоқ.
Жем, су, шөп
3.
Рефлекті түзету
Сабақты қорыту.
Балалар,сендер үй жануарларын жақсы көресіңдер ме? Қалай жақсы көресіңдер? Үй жануарларына қандай көмек береміз?
Үй жануарлары бізге не береді?
Қане , балалар, «қошақаным менің» деген өлеңді тыңдайық, билейік
Балалар сұрақтарға жауаптар айтады, қуанып құшағыла-
рын көрсетеді.
өлеңді тыңдап би билейді
.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:үй жануарларына көмек беру, оларды күту, оларды қорғау
2. Түсінеді: үй жануарлары адам баласына көп пайда береді (ет, сүт, жұмыртқа, жүн т.б.)
3.Қолданады: үй жануарларын атап береді, ажыратады
Күні: 27.09.12
Білім беру саласы:«Денсаулық»
Бөлімі:«Дене шынықтыру»
Тақырыбы:«Гимн-ық скамейкамен жүру
(биікт.25см,ені 20см). Бір орыннан секіру (ара қашықтығы 15см).»
Мақсаты: Кеңістікте дененің жағдайын өзгерту. Тізені бүкпей секіріп, аяқтың ұшына қону.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Балаларды шеңберге тұрғызу.
Алға қарай жүру .
Алға қарай жүгіру. (20сек.)
Балалар шеңберге тұрады.
Алға қарай жүреді,жүгіреді. (20сек.) кезекпен
2.
ұйымдастыру,
іздену
1.Жалпы дамыту жаттығулар:
«Қояндар»(бір сапқа тұрғызу)
1.«Қолды ырғау»
Б.Қ.: аяқ сәл алшақ,қол текшемен төменде.
Қолды алға-артқа ырғау -5рет
2.«Текшемен тарсылдату»
Б.Қ.:аяқ иықпен бірдей, қол текшемен төменде. Алға еңкейіп текшемен тізеден ұру «бум-бум»деп айту -5рет
3.«Текшені қоямыз»
Б.Қ.:аяқ сәл алшақ,қол төменде. қол текшемен төмен. Тізені бүгіп отырамыз, аяқтың ортасынан текшені еденге қоямыз, түзелеміз,тізені бүгіп, текшені аламыз.- 5рет
11.Негізгі қимыл-қозғалыстар:
1).Гимн-ық скамейкамен жүру (Ойын түрде б-ды жіңішке жолмен жүруын жаттықтыру -көпірден өту, жағалай су)
2) Бір орыннан секіру
3.Қимыл-қозғалыс ойын «Қасқыр мен қойлар»(қайталау)
Содан кейін тоқтап бір сапқа тұрады.
Балалар тәрбиешімен бірге жаттығуларды орындайды. Негізгі қимылды ақырындап «көпірден» - гимнастикалық скамейдан өтеді
Балалар сапқа тұрып бір орыннан алға қарай секіреді.
«шалшақтан секіру»
Ойынды еске түсіріп , қайталаймыз
Қ/Қ О «Қасқыр мен қойлар»
Бір бала қасқыр болады, қалғандары қойлар.
Қасқырдан қашып көпірден тез өтіп кету керек
3.
Рефлекті түзету
Шеңберге тұру, жүру, демалу.
Сабақты қорыту.
Ойыннан кейін балалар шең-берге тұрып жүреді,қолдарын көтеріп мұрынмен дем алады, содан кейін еңкейіп қолдарын түсіріп ауыздан демды шығарады.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:дене шынықтыру өте пайдалы денсаулыққа
2. Түсінеді: берілген тапсырмаларды дұрыс түсіну
3.Қолданады: текшемен жаттығуларды орындау
Күні: 02.10.12
Білім беру саласы:«Қатынас»
Бөлімі:«Тіл дамыту»
Тақырыбы:«Құммен ойнаймыз» (сурет бойынша)
Мақсаты: Балалардың сөздік қорларын молайту. Суреттерден көріп тұрғандарын толық жеткізу, өз ойларын толық жеткізу.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Күтпеген сәт: Қуыршақ Айгерім келеді.Балалар- мен жаз туралы әңгіме өткізеді.
(қандай жыл мезгілі өтіп кетті, жазда не істеді, қайда барды т. б. с.)
Балалар қуанып Айгерімді қарсы алады, амандасады.
Содан кейін сұрақтарға жауап беріп отырады.(жаз бітті, суға түстік, орманға бардық, жидек тердік,саңырауқұлаққа бардық т.б.)
2.
ұйымдастыру,
іздену
Балалардың назарын суретке аудару.
Балаларға сұрақтар қою:
Не көріп тұрсыңдар?
Балалар не істеп жатыр?
Балалардың қолдарында не бар?
Құмнан не құрстырды? Тағыда не салды?
Жол қандай ұзын ба? әлде қысқа ма?
Сергіту сәті: керілді мысық, бізге көзін қысып..
Балалар сурет бойынша қандай әңгіме құрдық?
Қане, балалар, бәріміз бірге қайталайық?
Балалар ойнайды.
Құммен ойнайды
Күрек, шелек, су құйғыш
Үлкен үй, сарай. Жол салады.
Жол ұзын. Жолмен машина жүреді.Балалар сергіту сәтін орындайды.
Балалар тәрбиешінің көмегі мен «Құммен ойнаймыз» деген шығарманы қайталайды.
3.
Рефлекті түзету
Сабақты қорыту.
Сұрақтар қою: балалар немен ойнайды?
Тағы қанда йзаттар қолданады?
Сендерге сабақ ұнады ма?
.
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:сурет не туралы екенің, балалар немен айналасады
2. Түсінеді: қойылған сұрақтарға жауап беру, сөйлем құрастыру
3.Қолданады: сурет бойынша сөйлемдер 1-2-3 сөзден құрастыру
Күні: 02.10.12
Білім беру саласы:«Шығармашылық»
Бөлімі:«Сурет салу»
Тақырыбы:«Мандарин мен апельсин.»
Мақсаты: Балаларды гуашпен сары түстерін қолданып, дөңгелек көлемдерді салуға үйрету. Шапшаңдылығын дамыту. Эстетикалық сезімін тәрбиелеу.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
1.
Дәлелдеу,ояту
Балаларға жұмбақ жасыру:
Аспай піскен, қайнамай түскен
Балалар, дұрыс бұл жұмбақ жемістер туралы.
Қане, балалар, суреттерді көрейік.
Суреттерді не салынып тұр? Қандай жемістер? Атап бересіңдер ме?
жемістер
балалар тақтадағы суреттерді байқайды.
жемістер
балалар атайды.
2.
ұйымдастыру,
іздену
Бүгін біз жемістердің суретін саламыз. Суретті гуашпен саламыз
Балалар мандарин мен апельсинның түсі қандай? Дұрыс, сары. Қане, ол бояудың қайсы?
Көрсетіңдер.
Сергіту сәті: ал, балалар, тұрайық....
Балаларға сурет салу тәсілін көрсету
Балалардың жұмысы
Сары.
Балалар көрсетеді.
Балалар тұрып сергіту сәтін орындайды.
Балалар байқайды.
Балалар іске кіріседі
3.
Рефлекті түзету
Сабақты қорыту:
Суреттерді тақтаға ілу.
Балалар, не салдық? Бояудың қандай түсімен қолдандық?Балалардың суреттеріне баға беру. Мақтау. Қандай тамаша суреттер болып шықты!
Қалай қуанамыз?
Балалар суретерін тақтаға іледі,тәрбиешіні тыңдайды.
Берілген бағаға қуанады.
Шапалақтайды, секіреді
Күтілетін нәтиже:
1. Жаңғыртады:жемістер әр түрлі болады
2. Түсінеді: гуашпен сары түсті қолдануын түсіну
3.Қолданады: дөңгелектерді салу тәсілін , сары түсті