Ұйымдастырушы лық ізденістік | -Балалар,менімен бірге саяхатқа барғыларың келе ме? Олай болса бәріміз паравозға мініп саяхатқа барайық. Мен паравоз боламын, ал сендер менің вагондарым боласыңдар. Барлығымыз тез жету үшін паравозға мініп паравоз әнін айтайық. Кәне, кімнің бойы ұзын? Паравозы пойыздың. Қатар-қатар тұрайық, Пойызды біз құрайық. Ал, паравоз баста алға, Бәрімізді басқар да. Пуп,пш,пш,пш Біз кеттік,біз кеттік Жүрісті тым үдеттік. Пуп,пш,пш,пш Міне,бекетімізге келіп жеттік. -Кенет микрафоннан дыбыс естіледі: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар келесі жолаушылар мінген поезд бекетімізге келіп жетті. -Балалар,бұл қандай бекет екен? -Бізді кім қарсы алады екен? Тосын сәт. Алдарынан Қоян шығады. -Сәлеметсіңдер ме, балалар! «Түстер» бекетіне қош келдіңіздер! -Балалар,сендер қайда бара жатырсыңдар? -Балалар,қараңдаршы қоянның қолында ғажайып дорбасы бар екен,қоянмен бірге ойын ойнап,тапсырмаларды орындасақ, бізге қоян дорбасында не бар екенін айтады. Олай болса,мен сендерге сұрақ қоям сендер менің қойған сұрағыма жауап бересіңдер, келістікпе? Дидактикалық ойын: «Түсін ата». Ойын шарты: балалар көрсетілген суретте не бейнеленгенін айтып оның түсін атау қажет. -Жарайсыңдар,балалар! -Балалар , қоян сендермен ойын ойнағысы келіп тұр. Қоянмен ойын ойнағыларың келеме? Ойын: «Ғажайып дорба». Ойын шарты: қоян балаларға дорбаның ішінен ойыншықтарды алып көрсетеді, балалар қандай ойыншық екенін айтып, оның түсін атау қажет. Жарайсыңдар,балалар менің сендермен ойнаймын деп көңілім көтеріліп қалды, сендер түстердің бәрін біледі екенсіңдер. Сау болыңдар. Сергіту сәті: Тоңса біздің қолымыз, Қолғап киіп аламыз. Сарт,сарт,сар, сарт, Шапалақтап соғамыз. Тоңса біздің аяғымыз, Етік киіп аламыз. Топ,топ,топ,топ, Топылдатып билейміз. Тоңса біздің денеміз, Тонды киіп аламыз. Зу,зу,зу,зу, Шанаменен зулаймыз. -Балалар бойымызды сергітіп алдық, енді саяхатымызды әрі қарай жалғастырайық. Балалар,бұл «Жалаушалар» бекеті екен. Біз бұл түрлі түсті жалаушалармен ойнауымыз қажет. Ойын: «Түрлі- түсті жалаушалар». Ойын шарты: балалар қызыл түсті жалаушаны көтергенде секіреді,жасыл түсті көтергенде шапалақтайды, көк түсті көтергенде орында тұрып жүреді. -Балалар,қараңдаршы мына жерде қуыршақ отыр екен. Балалар,мен қуыршақтан неге көңілсіз отыр екен сұрайын. -Қуыршақ сен неге көңілсіз отырсың? -Балалар, бұл қуыршақтың қолғабы жыртылып қалып қолы тоңып отыр екен. -Балалар, қуыршақтың қолы неліктен тоңып отыр деп ойлайсыңдар? Өйткені қазір жылдың қай мезгілі? -Дұрыс, қыс мезгілінде біз қолымызға не киеміз? -Қолғабын жамауға көмектесеміз бе? Келіңдер, олай болса үстелге отырып қолғапты жамап берейік. Дидактикалық ойын: «Қолғапты жамау». Ойын шарты: балалар алдарындағы әртүрлі пішіндерді алып, сәйкес бос орындарға орналастырады. -Балалар,қуыршақ қуанып қалды .Рахмет айтып жатыр. Қуыршаққа сау болыңыз айтайық.
Балалар, кәне паравозымызға мініп тобымызға қайтайық. | Барғымыз келеді.
Балалар паравозбен әндетіп саяхатқа аттанады.
Балалар қоянға таңдана қарайды.
-Саяхатқа бара жатырмыз. -Ия,келісеміз деп жауап береді.
Балалар қойылған сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді. -Ия,ойнағымыз келеді,- деп жауап береді.
-Балалар,ойыншықтар дың аттарын атап, түстерін айтады.
-Балалар қоянмен қоштасады.
Өлең жолдарына сай қимылдар жасайды.
Балалар ойынға қызығушылықпен қатысады.
-Қыс мезгілі. -Қолғап киеміз. -Ия ,көмектесеміз.
-Балалар әртүрлі пішіндерді алып қолғапты жамайды. -Қуыршақпен қоштасады. -Балалар паравозға мініп топтарына қайтады. |
Рефлексифті түзетушілік | -Балалар біздер бүгін паравозбен саяхатқа қайда бардық? -Ия, біздер «Түстер» бекетінен кімді кездестірдік? -Дұрыс, қоянды кездестірдік. -Қоянмен қандай ойын ойнадыңдар? -Содан кейін біз қандай бекетке бардық? -Ия ,дұрыс онда кімді кездестірдіңдер? -Қуыршаққа қандай көмек көрсеттіңдер? Сендер бүгін оқу қызметіне жақсы қатыстыңдар,жарайсыңдар,деп мадақтап, аяқтау. Балалар қонақтарымызбен қоштасайық. | -«Түстер» бекетіне. -Қоянды кездестірдік. -Ойыншықтардың атын,түсін атадық. -«Жалаушалар» бекетіне бардық. -Қуыршақты кездестірдік. -Қолғабын жамап бердік. Балалар қонақтармен екі тілде қоштасады. -Сау болыңыздар –Досвидания. |