Балалар айтыңдаршы түлкі нелерді алдап еді?Мен сендерге ертегілерден үзінді көрсетемін,ал сендер қандай ертегі екенін естеріңе түсіріп айтып беріңдер.
Балалар біз орыс тілінде түлкіні-лиса дейміз, ал ағылшын тілінде фокс деп атаймыз.Балалар ертегілерде түлкіні қалай атайды? Түлкі: -Кешіріңдерші балалар, мен енді ешкімді алдамаймын. Маған бір мүмкіндік беріңдерші. -Балалар түлкіге бір мүмкіндік беремізбе? Түлкі: Мен сендерге«Қасқыр мен егінші» ертегісінде адамды қалай қасқырдан құтқарғандығымды көрсетейін. Олай болса балалар мен сендерге бірінші ертегіні оқып берейін.Сендер мұқият тыңдап алыңдар(Теледидардан суретін қөрсету). Түлкі : Балалар осы ертегіні сендермен бірге сахналап бергім келіп тұр.Санамақ арқылы мен сендерді таңдап аламын балаларды қойылымға шығарады. Бота, түйе, Құлын,бие,Торай,шошқа Қозы, қошқар,Қодық,құлан,Көжек, қоян,Бақа,шаян,Торғай,шымшық... Сен, қал! Сен, шық! Балалар «Қасқыр мен егінші» ертегісінің қойылымын тамашалайық. -Рахмет балалар. -Балалар сендерге ертегі қойылымы ұнады ма? -Ертегіде қандай кейіпкерлер бар? ‑Қасқырды аңшыдан кім құтқарды? ‑Ал егіншіні не құтқарды? - Түлкі сен бүгін үлкен жақсылық істедің. Енді біз саған өзің туралы бір тақпақ оқып берейік. Түлкі: -Сендер жануарлар туралы қандай жұмбақ-жаңылтпаштар, санамақтар білесіңдер? Д/о: «Кім тапқыр» (Балаларға слайд арқылы жұмбақ бойынша шешілген жануарларды тауып, орысша-қазақша атаулары мен дыбыстарын қайталауға бағыт беру) Түлкі: жарайсыңдар балалар енді қандай жаңылтпаштар білесіңдер?Кім айтып бере алады? Ал енді санамақты кім айта алады? Түлкі: жарайсыңдар,балалар енді менің тапсырмаларымды орындап көріңдерші? Д/о: «Жануарларға көмектес!» (Шарты:Аңдармен олардың азығын сызық арқылы қосу,атап беру.) Балалар тапсырмада қандай аңдар бар? Аю нені жақсы көреді екен? Түлкі мен қоян ше? -Ендеше балалар осы аңдардың жүрісін салайық. Бой сергіту. «Жануар былай жүреді»қимылын салу орындалады. Көлбең,көлбең көлеңкем Көлбеңдеген көлеңкем Аю,қоян,түлкі қалай жүреді Кім көрсете біледі? -Балалар, енді сендер түлкіге тұзды қамырдан печенье мүсіндеп беріңдерші. Тұздық қамырды илейміз, алақанға салып, домалақтаймыз, жалпақтаймыз, әртүрлі пішіндермен кесеміз. Жасалған печеньелерін түлкіге береді. -Түлкіге не жасап бердіңдер? -Неден жасап бердіңдер? -Түлкі сен балалардың қамырдан мүсіндегеніне тағы бір айлаңды қолданып, жылдамдатып, печеньелер пісіріп әкелсең. |