Балалар көңіл күйлерің қалай? олай болса, осындай керемет көңіл күймен оқу іс әрекетімізді бастайық. Балалар бүгін біз сендермен жайлауға серуенге шығамыз. Жайлауға немен барамыз? Жайлауға ат арбамен барамыз. Балалар жайлауға тез жету үшін «Қошақаным» әнін айтып барайық. Сөзі: О.Сабырхан. Әні: Ә.Бейсеуов. Балалар ,міне жайлауға да келдік. Жайлауда адамдар мал бағады екен. Балалар мына киіз үйде кім бар екен, кәне ішіне кірейікші . Алдарынан әже қарсы алады. Әже: Амансыңдар ма балаларым Қош келдіңіздер, төрлетіңіздер ! Мен сендерге тәттілеп бауырсақ пісіріп әкелейін,бауырсақ піскенше сендер балапан телеарнасынан «Үй жануарларының төлдері» атты мультфильм тамашалаңдар. Әже бауырсақ пісіріп әкеледі, бауырсақ пісіріп әкеледі, балаларға үйлестіреді. әже: Балалар балапан телеарнасынан не тамашаладыңдар? Енді балалар жайлауға шығайық . Муз жет: балалар жайлауда нелер жайылып жүр? Ия балалар біз бұлардың барлығын үй жануарлары дейміз. Енді балалар үй жануарларының төлдеріне арнап «Төлдер» әнін (Б.Ғизатов )айтып берейік. Балалар енді әжемен қоштасайық ,жайлауда өте жақсы демалдық . Әже: Балалар жайлауға келгендеріңе көп көп рахмет мен енді сендерді еркелетіп қошақаным,ботақаным,лағым,құлыншағым еркелететін боламын деп балаларға төлдердің суреттерін ұсынады. Балалар енді атарбамызбен балабақшамызға қайтайық . Балалар бүгінгі Ұ.О.І.Ә. тақырыбы «Төлдер»екен олармен танысу. | Жақсы Балалардың жауабы. Балалар муз жетекшісімен бірге әнді айтады. Балалар әжемен амандасады. мультфильм тамашалайды. бауырсақты алады , әжеге рахмет айтады. балалардың жауабы. үй жануарларының төлдерін атайды. Әнді муз. жетекшісімен бірге айтады. балалар әжемен қоштасады. |