kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тоқтамысова Аяжан

Диагнозы:

18.06.2005ж.

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемі

Сабақтың мақсаты:Баланың жануарлар туралы түсінігін кеңейтіп,жануарлардың ерекшелігін көргені мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға,байланыстырып сөйлеуге төселдіру.

Дамытушылық:Өз ойын толық жеткізе білуге үйретіп,сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,жануарларды қорғауға тәрбиелеу.Тыңдауға өзін дұрыс ұстауға,сыпайылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер,слайдтар,жануарлардың бейнесі мен дыбысы жазылған бейне роликтер.

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

1.Ұйымдастыру кезеңі.Анасымен баламен амандасу.Баланың көңіл күйін сұрау.Қолын жуу.Сабын пайдалануға жәрдемдесу.Қол орамалды пайдалану.Жұмыс үстеліне сабаққа байланысты керек құрал жабдықтарды дайындау.Әзірлігін тексеру.

Сабақтың барысы:

Табиғат дегеніміз,бір сөзбен айтқанда,бізді қоршаған орта.Табиғаттың бір бөлшегі жануарлар әлемі.Табиғаттың сұлу сымбат мүсіні,көрікті келбеті бар,тамаша туындыларының бірі-жануарлар.Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап,қамқорлыққа алған.

Жануарларды екі топқа бөліп қарауға болады.

1-ші үй жануарлары,2-ші түз жануарлары.Үй жануарлары: сиыр,түйе,жылқы,қой,ешкі.Сиырдың сүтін,етін,майын кейінірек терісін пайдалана бастады.Сүттен айран,май,ірімшік,құрт жсайды.Жылқының сүтінен қымыз ашытады.Түйенің сүтінен шұбат жасайды.Үй жануарларын адам көлік ретінде пайдаланады.Атты мінеді,арбаға жегеді.Итте адамға көп пайда келтіреді.Ит малды қорып,үйді күзетеді.

Жануарлардың ішіндегі шөлге ең шыдамдысы-түйе.Ол бір апта бойы су ішпей жүре алады.Ал әбден шөлдегенде 50м дейін су ішеді.

Қой арам шөптің 570-ке жуық түрін жейді.Қойдан өзге жануарлар арамшөп жемейді.

Енді түз жануарлары туралы айтып өтсек.Өмір бойы аяғынан тұратын жануар-піл.Африкада пілдің жатқанын ешкім көрмеген екен.Тек шаршағанда ғана олар ұзын тістерімен ағашқа сүйеніп ұйықтайды екен.

Тасбақа ең көп жасайтын жануар.Теңіздерде жүретін тасбақалар алты жыл бойы аштыққа шыдайды.

Жануарлардың ішіндегі ең жүйрігі гепард.Ол сағатына 150 шақырымға дейін жүгіре алады.

Төрт аяқты жануарлар шалқасынан жатса үйелеп қалады екен.Жануарлардың ішіндегі тек борсық қана шалқасынан жата алады.

Сергіту сәті «Балық»

Мөп-мөлдір таза суда

Балық жүзіп ойнауда

Біресе керіледі

Біресе жиырылады

Біресе ініне тығылады.

Жұмбақ шешу

Бұрандаған құйрығы

Бір алдарлық қулығы  (түлкі)

Алшаң-алшаң басады

Құйрығында шашағы

Аң біткен одан қашады. (арыстан)

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырырып киген тоны бар (қой)

Жем-шөп беріп бағасың

Сүтін сауып аласың. (сиыр)

Ойын ойнау. Ұшты-ұшты.

Ұшты-ұшты торғай ұшты

Ұшты-ұшты қалам ұшты

Ұшты-ұшты кептер ұшты

Ұшты-ұшты дәптер ұшты

Тыны алу жаттығуы:

1.«Футбас» (жалпақ тілді астыңғы ерінге қойып мақтаны үрлейміз)

2.«Қар жауып тұр» (қағазды ұсақтап жыртып стол үстінде үрлеу)

3.«Кім жылдам» (қарындаштарды тегіс жазықтыққа қойып үрлеп межеге жеткізу.)

Қол еңбегі. Аппликация жасау (қойдың бейнесін жасау,мақтадан)

Қорытынды:

Бейне роликпен жұмыс «ойлан» ойыны арқылы көрген, естігенін еске түсіріп қайталау.Ой түйіндеу,қайталау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс»

Химиялық термодинамика — физикалық химияның химиядағы термодинамикалық құбылыстарды (химиялық реакция, фазалық ауысулар (еру, булану, кристалдану, т.б.), сонымен қатар заттардың термодинамикалық қасиеттерінің олардың құрамы мен агрегаттық күйіне тәуелділігін қарастыратын саласы. Химиялық термодинамика термохимия, химиялық тепе-теңдік және ерітінділер (олардың ішінде электролиттер) туралы ілімдермен және электродты потенциалдар, беттік құбылыстар термодинамикаларымен тығыз байланысты. Химиялық термодинамика термодинамиканың жалпы заңдары (нөлінші, бірінші, екінші, үшінші) мен ережелерін пайдаланады.



Термодинамиканың бірінші заңы, термохимияның негізін құрайтын, оның маңызды салдары — Гесс заңы. Термохимия әр түрлі заттардың жылу сыйымдылығын, жану жылуын, реакцияның жылу эффектісін, түзілу жылуын, еру жылуын, т.б. зерттейді. Олардың температураға тәуелділігін Кирхгоф теңдеуі анықтайды.

Термодинамиканың екінші заңы тепе-теңдіктерді, оның ішінде химиялық тепе-теңдік жөніндегі ілімнің негізін қалады. Оны химиялық реакцияларды зерттеуге қолдану алғаш Я.Х. Вант-Гофф, А.Л. Ле Шателье, т.б. еңбектерінде айтылған. Екінші заң Химиялық термодинамикада белгілі жағдайда қарастырылып отырған жүйедегі әрекеттесудің өз бетінше жүре алатын бағытын, әрі осы тепе-теңдік күйге сыртқы жағдайдың (температура, қысым, т.б.) қалай әсер ететінін анықтайды. Практикалық тұрғыдан алғанда, аса маңызды тепе-теңдіктің өз бетінше ығысуын тиісті бағытта, тиімді жүргізу үшін сыртқы жағдайды қалай өзгерту жолын көрсетеді. Осы айтылғандардың бәріне термодинамикалық функциялар — энтальпия Н мен энтропия S пайдаланылады. Егер процесс тұрақты температура Т және тұрақты қысымда V жүрсе, тепе-теңдікті изобара-изотермиялық потенциалдың (Гиббс энергиясы) G өзгеруі G=H–TS, егер процесс тұрақты температурада және тұрақты көлемде жүрсе, тепе-теңдікті изохора-изотермяиылқ потенциалдың (Гельмгольц энергиясы) А өзгеруі: A=U–TS арқылы анықтайды. Екі жағдайда да процестің өз бетінше жүруі G және A мәндерінің азаю бағытына сай болады. Химиялық термодинамикада кез келген фазалық өзгерулер (еру, булану, балқу, т.б.) заттың бір фазадан екінші фазаға өтуі белгілі заттың химиялық потенциалдары теңесетін бағытқа сай келеді, яғни потенциалы үлкен фазадан потенциалы кіші фазаға ауысып, олар өзара теңескенде тепе-теңдік туады. Фазалар ережесі жұйедегі барлық тәуелсіз құраушылардың саны фазалардың санымен варианттылық арасындағы қатынасты сипаттайды.

Химиялық тепе-теңдіктерді есептеуде термодинамиканың үшінші заңының маңызы зор. Ол абсолют нөлге жуық температураларда жүргізілген тәжірибе нәтижесінде қажетті функциялар — энтропия мен энтальпияның шамасын табуды қалыптастырды. Осыдан G және A мәндерін тауып, олардың тепе-теңдік константасы мен қатынасын өрнектейтін формулалармен K мәнін табуға болады: G=–RT1nK, мұнда G —стандартты Гиббс энергиясы, R — газ тұрақтысы, K — тепе-теңдік константасы. 20 ғасырдың ортасында тепе-тең емес процестер мен жоғары температурадағы химиялық реакциялар термодинамикасын зерттеу ісі дами бастады. Бүгінде химиялық термодинамиканың екі бағыты — термохимия мен химиялық реакциялардың термодинамикасы кеңінен дамып қолданылады. Мысалы, аммиак синтезі, метанол өндірісі, т.б. маңызды өндірістік процестерде химиялық термодинамиканың есептеулері пайдаланылады.

Электрохимия ғылым ретінде ХVIII және XIX ғасырларда шет елдерде қалыптасты. Тек сол кезде шешімі электрохимия теориясын жаңа дәрежеге көтерген болатын проблемалар туындады. 1799ж итальян физигі А.Вольттің «вольттік бағанасының»- адамзат тарихындағы бірінші тоқ көзінің пайда болуы және итальян физиологы Л.Гальванидің тәжірибелері электрохимияның ғылым ретінде дамуына бастапқы түрткі болды.

Электрохимия жаңа дамып жатқан ғылым. Тек екі ғасыр бұрын электр тогының тұздардың сулы ерітінділері арқылы өткен кезде жаңа заттар пайда болатын химиялық алмасулар жүретіні анықталды.

Тек өткен ғасырдың басында ғана заттардың ерітінділері мен балқымаларында болатын электрохимиялық процестерді зерттеудің ғылымдық бағыты- электрохимия пайда болды.

Электролиздің өндірістік қолданылуы ХІХ ғасырдың 70 жылдарында тұрақта электр токты қуатты генераторлардың пайда болуынан кейін ғана мүмкін болды.

Электрохимияны 70-ші жылдардың соңында ғана екі бөлімге бөле бастады: ионика және электродика. Ионика- электр өрісінің әсерінен зарядталған бөлшектердің жүрісін және электрөткізгіштік құбылысын зерттейтін бөлім, ал электродика электрод ерітінді (балқыма) шегі арқылы өтетін электр тогының электродтар бетінде жүретін құбылыстарды зерттейді.

Егер энциклопедиялық сөздікке көз салатын болсақ, келесі анықтамаға тірелеміз:

« Электролиз ( грек тіліндегі electro және lysis- бөліну, ыдырау)- электрохимиялық тотығу- тотықсыздану процестерінің электрлік тогы өткен кездегі электролитке салынған электродтарға әсері.» электролиз электрохимиядағы ең маңызды бағыт болып табылатыны ескеру қажет, ол өз кезеңінде электрохимия облысында маңызды жаңалықтардың ашылуына негіз болды.

Электродты потенциал құбылысы.

Егер металды суға салатын болсақ, оның катиондары сұйықтыққа өте бастайды. Катион бетінде электр зарядының болуына байланысты метал бетінде өлшемі бойынша тең, таңбасы бойынша қарама қарсы болатын заряд артық электрондар түрінде жүреді, яғни металл беті теріс зарядталған болады. Ол өзіне металдың ерітіндіге өткен оң зарядты иондарын біртіндеп тарта бастайды, сол арқылы ктиондар ерітінді көлеміне еркін өте алмайды. Сондықтан, металл мен ерітінді шекарасында теріс жағы металл беті, ал оң жағы еріген иондардың жанасу қабаты болып келетін жазық конденсатор тәрізді жұп электрлік қабат түзіледі. Иондардың аз мөлшері ерігеннен кейіннен ақ жұп қабаттың заряды соншалықты өседі, металдың балқуы тоқталады.

Егер металл суға емес, өзінің иондарының ерітіндісне салынған болса, (мвсалы, Zn ті ZnSO4 ке салғанда), онда бұл процесс біршама өзгеше болады. Егер ерітінді концентрациясы аз болса, онда жұп электрлік қабаттың түзілуі металдың судағы ерітіндісіндегідей өтеді.

Егер ерітіндіде иондар концентрациясы жоғары болса, онда алдымен металл бетіндегі оң зарядталған катиондардың тұнбаға түсуі байқалады. Енді металл беті өзіне теріс иондарды тарта бастайды және жұп электрлік қабат түзіледі.

Катиондар металдың бір таңбалы заттарының және оның иондарының ары қарай тұнбаға түсуі тоқталатынға дейін катиондар тұнбаға түседі.

Екі теріс таңбалы зарядталған денелер болғанда олардың арасында потенциалдар айырмасының болатыны белгілі. Бұндай потенциалдар айырмасы мұнда да, жұп электрлі қабатта, металл-ерітінді шекарасында байқалады. Иондардың металдан ерітіндіге және қайта өтуі олардың арасында потенциалдар айырмасын тудырады. Металл-ерітнді жұбын электрод деп айту қабылданған. Бұл жағдайда потенциал электродты деп аталады.

Электродты потенциал неге тәуелді болады? Оны өлшеуге бола ма және қалай? Осы сұраққа жауап бере отырып, электрохимиктер бізге Нернст теңдеуін береді:

φ=φο+RT\nF•lg[Men+]

мұндағы φ- электродты потенциал; [Men+]- металл иондарының концентрациясы, моль\л; Т- абсолют температура; n- металл иондарының валенттілігі; φο- стандартты электродты потенциал; F- Фарадей саны (F=96500 Кл).

Осы теңдеудегі ең маңызды өлшем- стандартты электродты потенциал φο. Оның физикалық мәні анық болады, [Men+]=1 моль\л.

Онда теңдеудің екінші мүшесі нөлге тең болады. Яғни, стандартты электродты потенциал дегеніміз, соңғы 1моль\л концентрациясы үшін металл мен ерітінді иондарының шекарасында өтетін потенциалды айтады. Бұл электродтың ең негізгі сипаты болып табылады. Нернсттің теңдеуі әрбір электродтың электродты потенциалы әр түрлі өзгерістерге ұшырай алады. Оны ерітінді концентрациясына тәуелді болатын теңдеудің екінші мұшесі растайды. Енді мынадай сұрақ туындайды, электродты потенциалды қалай өлшеуге болады? Егер екі электродты қосатын болсақ гальваникалық элемент пайда болатыны бізге мәлім. Бұл элементтің кернеуі оның екі құрамдас электродының потенциалдар айырмасына тең болады. Егер бізге бір электродтың электродты потенциалы белгілі болса, біз екіншісінің электродты потенциалын анықтай аламыз. Қиыншылықтың барлығы мынада жатыр: бір электродты потенциалдың мәнін білу қажет. Сутекті стандартты электродтың потенциалы нөлге теі деп қабылданған. Сутекті электрод платинадан жасалған және күкірт қышқылы ерітіндісіне батырылған (концентрация Н +--1 моль\л). Электрон беті кедір бұдырлы, әрі үлкен. Газ тәрізді сутегінің ағымы электродқа бірқалыпты жабысады. Сутегі платиналық электродтың бетімен жанасады, біртіндеп жиналады, Н2 бір бөлігі сутегу атомдарына ыдырайды. Платинада түзілген сутегі атомдары мен ерітіндідегі сутегу иондары арасында тепе теңдік орнайды. Металл-ерітінді шекарасында электрохимиктер нөл деп алатын потенциалдар айырмасы пайда болады. Әрине, шынында бұл потенциал нөлге тең емес, бірақ оның мәні бізге беймәлім. Сондықтан сутектік стандартты электродтың көмегімен электродты потенциалды анықтау сипаты қатынасты болып келеді; біз оны сутектік стандартты потенциалдың шартты алынған нөл мәні етіп анықтаймыз.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс

Автор: Мейрманова Ляззат Бекболатовна

Дата: 15.05.2018

Номер свидетельства: 469731

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "Психолог маманыны? жалпы тіл кемістігі бар балалармен ж?мысы "
    ["seo_title"] => string(68) "psikhologh-mamanynyn-zhalpy-til-kiemistighi-bar-balalarmien-zhu-mysy"
    ["file_id"] => string(6) "156922"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1421506603"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс"
    ["seo_title"] => string(39) "til_kiemistighi_bar_balalarmien_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "468532"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525586977"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(143) "«тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және маңызы"
    ["seo_title"] => string(80) "til_mukistighi_bar_balalarmien_zhurghizilietin_tuzietu_zhu_mys_turlieri_zh_nie_m"
    ["file_id"] => string(6) "468531"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525586543"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "«Тіл мүкістігі бар балалармен »жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және маңызы."
    ["seo_title"] => string(80) "til_mukistighi_bar_balalarmien_zhurghizilietin_tuzietu_zhu_mys_turlieri_zh_nie_1"
    ["file_id"] => string(6) "468537"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525588300"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(63) "Тіл кемістігі бар балалармен ж?мыс"
    ["seo_title"] => string(39) "til-kiemistighi-bar-balalarmien-zhu-mys"
    ["file_id"] => string(6) "278895"
    ["category_seo"] => string(10) "logopediya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1453142042"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства