kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және маңызы

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және Маңызы

Дүние есігін ашқан сәби түрлі дыбыстарды естіп, ажырата бастайды.   Адамдардың әңгімесі, жапырақтардың сыбдыры, құстардың сайрағаны секілді. Уақыт өте сол дыбыстарды ауызекі дыбыстау арқылы сөйлеу дәрежесіне жетеді. Егер бала дұрыс, анық түрде  дыбыстарды айтып сөйлей білсе, ол оның өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, ал керісінше тілінде мүкісі бар бала өзін өзгелерден кем санап, көп сөйлемеуге тырысып, қуыстана бастайды. Ол өз кезегінде баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізетіні анық.

Қазіргі таңдағы  еліміздегі  және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты   мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау,  оқыту, тәрбиелеу,  түзету  жұмыстарын жүргізу.

Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынтуайтында, екі жасқа дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан бала  әлі былдырлап жүрсе, онда ол  логопедтің қарауына қаралғаны жөн.

Тіл мүкістігін түзеуде :

-Тыныс алу жаттығулары;

-Су-Джок терапия;

-Түрлі  дидактикалық,қимылды,мазмұнды,сюжетті, рөлді ойындар  және

шығармашылық жұмыстар;

-АРТ терапия;

-лого-ырғақ жаттығулары ;

-Артикуляциялық жаттығулар;

-Жалпы және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға  арналған жаттығулардың

маңызы зор.

Су-Джок терапия

ХХ ғасырдың аяғында Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды

«Су Джок» терапиясын пайдалана отырып:                                                  бұдыр-бұдыр шарлармен, қыры бар қарындашпен екі алақанның ортасына салып  айналдыру арқылы жұмыс жасаймыз.   Жеке және топпен балалардың өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырамыз. Мәселен, сырты бұдыр кішкене шар немесе жаңғақты алақанға салып айналдыру арқылы баланың ұсақ моторикасын дамытамыз. Яғни, бұл саусақтарға массаждың бір түрі. Сол секілді карандаш, пластилин, мозайкамен жұмыс та, құмды,қиыршық тасты уыстау, тиындарды іріктеу, көз алдына елестету арқылы ауаға белгілі бір бейненің суретін салу- саусақ қимылын жетілдірудің,  ми жұмысын жақсартудың бірден бір жолы.

Арттерапиябұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Арт терапияға құммен ойналатын ойындар мен  дәстүрден тыс сурет салуды жатқызға болады.

Лого-ырғақ жаттығулары бұл -әуен ырғағымен  және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі.Түзету  жұмыстарында  лого –ырғақтың  атқаратын маңызы зор.Себебі  музыка оқу қызметінде  үнемі лого –ырғақтың  элементтерін енгізу  тілді, жалпы моториканы және  үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді. Лого-ырғақ жаттығуларын “денсаулық” білім беру саласында саусақтары жақсы жұмыс жасауы үшін баланың сурет салып үйренуіне, қайшымен жұмыс жасауына,  мозайка, пазлы жинауына, түймелерді тағып, шешуі секілді әрекеттерді атқаруына басымдық беріледі.

Көптеген тәжірибелерге сүйенсек,сөйлеу тілі бұзылған  балалардың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасында  ауытқушылықтар байқалады. Қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары мектепке дейінгі  кезеңде де  мектеп жасында да маңызды болып табылады. Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда  қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың  маңызы бар.

Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын  саусақ жаттығуларының да орны ерекше. Данышпан қазақ халқымызда  бұған да ерекше  назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды  ойнатудың баланың ұсақ  моторикасын, көру-қозғалыс тепе-теңдігін  сақтауда, зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін  дамытуда  маңызы   роль атқарады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және маңызы»

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»КММ














«Тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және Маңыз


















Тексерген:

Бөлім меңгерушісі:________

Байтлеуова Р.К.


Дайындаған:

Әлеуметтік қызметкерлер:

Мейрманова Л.Б

Конакова С.Ж



Семей 2018ж



Өтетін орны: Тәңірбергенова 31

Күні : 16.05.2018ж

Уақыты: 10.30


«Тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және Маңызы


Дүние есігін ашқан сәби түрлі дыбыстарды естіп , ажырата бастайды.   Адамдардың әңгімесі, жапырақтардың сыбдыры, құстардың сайрағаны секілді. Уақыт өте сол дыбыстарды ауызекі дыбыстау арқылы сөйлеу дәрежесіне жетеді. Егер бала дұрыс, анық түрде  дыбыстарды айтып сөйлей білсе, ол оның өз-өзіне деген сенімін күшейтеді, ал керісінше тілінде мүкісі бар бала өзін өзгелерден кем санап, көп сөйлемеуге тырысып, қуыстана бастайды. Ол өз кезегінде баланың тұлға ретінде қалыптасуына кері әсерін тигізетіні анық.

Қазіргі таңдағы  еліміздегі  және шет елдің ғалымдарының зерттеулері бойынша дамуында түрлі кемістігі бар балалардың саны жоғарылап өсуде.Соның ішінде сөйлеу тілі бұзылған балалардың саны жоғары деңгейде екені анықталды. Біздің басты   мақсатымыз-осы балалардың мүмкіндіктерін анықтау,  оқыту, тәрбиелеу,  түзету  жұмыстарын жүргізу.

Тіл мүкістігін түзеуде баламен неғұрлым жиі әрі жеткілікті түрде әңгімелесудің маңызы зор. Өкінішке орай, қара қазан қамымен, нәпақа табу мұратымен жүрген ата-ана балаға көп уақыт жұмсай алмайды. Шыны керек, ертегі айтудың өзі келмеске кетіп бара жатқан жайы бар. Сондықтан бұл ретте негізгі міндет балабақшалардағы топқа жүктеледі. Шынтуайтында, екі жасқа дейін баланың былдырлағаны құлаққа жағымды естілсе, ал екі жастан асқан бала  әлі былдырлап жүрсе, онда ол  логопедтің қарауына қаралғаны жөн..

Тіл мүкістігін түзеуде :

-Тыныс алу жаттығулары;

-Су-Джок терапия;

-Түрлі  дидактикалық,қимылды,мазмұнды,сюжетті, рөлді ойындар  және

шығармашылық жұмыстар;

-АРТ терапия;

-лого-ырғақ жаттығулары ;

-Артикуляциялық жаттығулар;

-Жалпы және қолдың ұсақ моторикасын дамытуға  арналған жаттығулардың

маңызы зор.

Су-Джок терапия

ХХ ғасырдың аяғында Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды

«Су Джок» терапиясын пайдалана отырып:                                                  бұдыр-бұдыр шарлармен, қыры бар қарындашпен екі алақанның ортасына салып  айналдыру арқылы жұмыс жасаймыз.   Жеке және топпен балалардың өз бетімен саусақтарына массаж жасауға дағдыландырамыз. Мәселен, сырты бұдыр кішкене шар немесе жаңғақты алақанға салып айналдыру арқылы баланың ұсақ моторикасын дамытамыз. Яғни, бұл саусақтарға массаждың бір түрі. Сол секілді карандаш, пластилин, мозайкамен жұмыс та, құмды,қиыршық тасты уыстау, тиындарды іріктеу, көз алдына елестету арқылы ауаға белгілі бір бейненің суретін салу- саусақ қимылын жетілдірудің,  ми жұмысын жақсартудың бірден бір жолы.

Арттерапиябұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу) көбiне ағылшын тiлдi халықтар қоныстанған елдерде  кеңiнен тараған. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Арт терапияға құммен ойналатын ойындар мен  дәстүрден тыс сурет салуды жатқызға болады.

Лого-ырғақ жаттығулары бұл -әуен ырғағымен  және сөзбен үйлескен қимылдар жүйесі.Түзету  жұмыстарында  лого –ырғақтың  атқаратын маңызы зор.Себебі  музыка оқу қызметінде  үнемі лого –ырғақтың  элементтерін енгізу  тілді , жалпы моториканы және  үйлесімділікті жедел дамытуға ықпал етеді. Лого-ырғақ жаттығуларын “денсаулық” білім беру саласында саусақтары жақсы жұмыс жасауы үшін баланың сурет салып үйренуіне, қайшымен жұмыс жасауына,  мозайка, пазлы жинауына, түймелерді тағып, шешуі секілді әрекеттерді атқаруына басымдық беріледі.

Көптеген тәжірибелерге сүйенсек,сөйлеу тілі бұзылған  балалардың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер, соның ішінде саусақтың ұсақ моторикасында  ауытқушылықтар байқалады. Қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары мектепке дейінгі  кезеңде де  мектеп жасында да маңызды болып табылады. Тіл кемістігі бар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуда  қолдың саусақ және буындарына массаж қолданудың  маңызы бар.

Балалардың ұсақ моторикасын дамытуда тақпақпен бірге жасалатын  саусақ жаттығуларының да орны ерекше. Данышпан қазақ халқымызда  бұған да ерекше  назар аударған. Мысалы, «Қуырмаш», «Санамақ» т.б. ойындарды  ойнатудың баланың ұсақ  моторикасын , көру-қозғалыс тепе-теңдігін  сақтауда , зейін қою, есте сақтау, санау қабілеттерін  дамытуда  маңызы   роль атқарады.

Ата-аналар мен  тәрбиешілердің ұсақ моторикаға дұрыс көңіл бөлгені жөн. Ойындар, жаттығулар , түрлі тапсырмалар беріліп отыруы керек.

Ұсақ моториканы дамыту  барысында біз осы нәтижеге жетеміз:

1.Сөйлеу тілі жетіледі.

2.Қимыл қозғалыс қабілеті артады.

3.Икемділігі арта түседі.

4.Логикалық ойлау қабілеті дамыйды.

5.Танымдылық деңгейі артады.



Ұсақ моториканы дамытудың  баланың жалпы дамуында  да алатын орны ерекше.В.А. Сухамлинский бала қабілетінің қайнар көзі оның саусақтарының ұшында екенін жазған. Бала қолының қозғалысы  қаншалықты епті болса, соншалықты ойлауы, сөйлеуі жақсы дамиды.

Барлық  жаттығуды баламен бірге жақсы көңіл-күйде орындаймыз, ән айтамыз, жақсы жұмыстарын бағалап, мақтаймыз-бұл өз кезегінде балалардың қызығушылығын оятады. Берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға тырысады. Әрбір баламен жеке-жеке жұмыс жасаймыз.

Баланың кедергілерден өту секілді ойынды  ұйымдастыру барысында оны сөзбен де, қол шапалақтау арқылы да қолдап тұрған жақсы нәтиже береді. Әрбір бала мақтау сүйеді. Жылы сөз, жылы қабақ арқылы баланың сөзін де, тәрбиесін де түзеуге болады.

Қарапайым жаттығулар барысында балаға түрлі жануарларды таныстырып, олардың жүрісін, қандай дыбыс шығаратынын қайталатқан абзал. Бұл бала үшін әрі қызық әрі керемет жаттығу. Мәселен, мысық қалай жүреді?, ол қандай дыбыс шығарады?- деген сауалдарға баладан жауап алып, оның қимылын бағалауға болады. Бұдан басқа бірнеше жан-жануарларды атап шығуға болады. Ол үшін әрине, балаларға сол жануарлар туралы алдын ала мәлімет беру арқылы оқу қызметін өткізіп алған дұрыс. Сондай-ақ, аталған аңдарды көз алдына елестетуді үйреткен жөн. Ол өз кезегінде оның  логикалық ойлау қабілетін дамытады. Ойын арқылы баламен қарым-қатынас нығаяды, сенім артады, баланың өз-өзіне деген көзқарасы жақсы жағына қарай өзгереді, көрсем, білсем деген  ынтасы, қызығушылығы оянады. Ойын  ақыл-ойды дамытатын тәсіл. Сондықтан оны    тиімді пайдалану арқылы көздеген нәтижеге жетуге әбден болады.

Ұлттық құндылығымыз-қолөнерге баулу да осы моториканы дамытуда өзіндік  роль ойнайды.  Жуан жіптен тоқыманың қарапайым түрін тоқу, түйін жасау, оны тарқату. Аппликация, жапсырма жасау, бір уыс бидай мен күрішті араластырып, балаға  оны бөлек ажыратуды тапсыру да әрі қызық әрі пайдалы істің бірі. Бастысы, кез келген тапсырманы баланың қызығушылығын тудыратын ойын түрінде ұсынған дұрыс және тәрбиеші өзінің көңіл күйінің де көтеріңкі  болуын қадағалағаны жөн, жағымды эмоционалдық жағдай жұмыс жасау қабілетінің жақсаруына, психикалық тонусының жоғарылауына әсерін тигізеді.

Баламен неғұрлым көбірек сөйлесіп, оны диалогқа тарта білу қажет.Сол арқылы оның  сөздік қоры қалыптасады. Тек баланың дұрыс сөйлеуін ғана бақыламай, тәрбиеші өзінің де құлаққа жағымды, дыбыстарды анық, мәнді етіп айтуына үлкен маңыз беріледі.Шағын ғана қуыршақ театрын, көлеңке театрын, көңілді эстафета ұйымдастырып, балаларды қызықтырып, көтермелеп отыру-тіл  мүкістігін түзетуде ерекше роль ойнайды. Не десек те, басты нәрсе – ниет пен мүдде. Тәрбиеші мен ата-ана осы ретте мүдделі болса, кез келген кедергіні жоюға, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Тәуелсіз еліміздің ертеңі-балғындардың ақылды, өз-өзіне сенімді, ені сау, зерек болып өсуі-ортақ мүддеміз. Міне осы бағытта біз ең тиімді, ең дамыған, ең керемет тәсілдерді қолданамыз. Өз жұмысымыздың жақсы нәтижесін көргенде, бізден бақытты жан жоқ. Бұл жұмысымызды одан әрі инновациялық тұрғыда дамыта бермекпіз.


































Қорытынды талдау: Бұл семинарымыздың мақсаты әлеуметтік қызметкерлерге

















































«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»КММ














Есту қабілеті нашар және сөйлемейтін мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс

















Тексерген:

Бөлім меңгерушісі:________

Байтлеуова Р.К.


Дайындаған:

Әлеуметтік қызметкерлер:

Сапинова Г.Б.

Чайкова Н.У



Семей 2018ж

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»КММ


























Тексерген:

Бөлім меңгерушісі:________

Байтлеуова Р.К.


Дайындаған:

Әлеуметтік қызметкерлер:

Мейрманова Л.Б

Конакова С.Ж



Семей 2018ж









«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»КММ
















«Менің сүйікті қалам- Семейім»

















Тексерген:

Бөлім меңгерушісі:________

Байтлеуова Р.К.


Дайындаған:

Әлеуметтік қызметкерлер:

Есенчалова Э.М.

Сатиева М.Д.



Семей 2018ж






















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Дошкольникам

Скачать
«тіл мүкістігі бар балалармен» жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және маңызы

Автор: Мейрманова Ляззат Бекболатовна

Дата: 06.05.2018

Номер свидетельства: 468531

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(64) "Тіл кемістігі бар балалармен жұмыс"
    ["seo_title"] => string(39) "til_kiemistighi_bar_balalarmien_zhu_mys"
    ["file_id"] => string(6) "468532"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525586977"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(144) "«Тіл мүкістігі бар балалармен »жүргізілетін түзету жұмыс түрлері және маңызы."
    ["seo_title"] => string(80) "til_mukistighi_bar_balalarmien_zhurghizilietin_tuzietu_zhu_mys_turlieri_zh_nie_1"
    ["file_id"] => string(6) "468537"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1525588300"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(133) "М?мкіндігі шектеулі балалармен ж?ргізілетін психологиялы? ж?мыс т?рлері. "
    ["seo_title"] => string(85) "mumkindighi-shiektieuli-balalarmien-zhurghizilietin-psikhologhiialyk-zhu-mys-turlieri"
    ["file_id"] => string(6) "144580"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1418748021"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) "Балабақшадағы бала тілін дамытудағы маңызы"
    ["seo_title"] => string(47) "balabak_shadag_y_bala_tilin_damytudag_y_man_yzy"
    ["file_id"] => string(6) "384211"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1485449899"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(192) "Интегративті балаба?ша: мектепке дейінгі білім беру ?йымдарында м?мкіндігі шектеулі балалар?а к?мек беру "
    ["seo_title"] => string(121) "intieghrativti-balabak-sha-miektiepkie-dieiinghi-bilim-bieru-u-iymdarynda-mumkindighi-shiektieuli-balalarg-a-komiek-bieru"
    ["file_id"] => string(6) "206198"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1430129061"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства