Күні:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Нан дастарханға қалай келеді?
Мақсаты: Жалпы ұғым беретін «Бидай, диірмен, ұн» сөздерімен таныстыру.2-3 сөзден тұратын қысқаша сөйлем құрауға үйрету.
Міндеттері: Дән тұқымымен танысу,бидайдан нан жасалынатынын айта отырып,дастарханға жеткенге дейінгі істелетін еңбек мазмұнымен,қолданылатын техникалардың аттарымен таныстыру.
Білімділік: Еңбектерің жемісін көрсету.
Дамутышылық: Балалардың ақыл-ой белсенділігін арттыру.Өлең,мақал-мәтелдер арқылы тіл байлығын дамыту,жетілдіру.
Тәрбиелік: Берілген тапсырманы орындауға,еңбекқорлыққа тәрбиелеу,нақыл сөздердің тәрбиелік мәнін түсінуге талпындыру.
Көрнекіліктер: «Нан қайдан келеді?» сериялық суреттер,нан түрлерінің суреттері және піскен нан,ұн,диірмен,масақ,су,жыл мезгілдерінің суреттері. т.б.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,сергіту,ойын,әңгімелеу,сұрақ-жауап, жаңа сөздер мағынасын түсіндіру
