kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Нан-дастархан?а ?алай келеді?

Нажмите, чтобы узнать подробности

П?н: ?орша?ан ортамен танысу

Сынып: дайынды? тобы

Саба?ты? та?ырыбы: Нан – дастархан?а ?алай келеді?
Саба?ты? ма?саты:

  1. Білімділік: Нанды ?астерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанны? адам ?міріндегі е? ма?ызды ас екендігін, оны? о?ай жолмен келмейтіндігін айтып ??ындыру. Нанны? ?алай дастархан?а келетінін айтып о?ан к?птеген адамдар е?бек еткендігін т?сіндіру.
  2. Дамытушылы?: ?мірден ал?ан білімдерін, т?сініктерін жетілдіру,ой ?рісін дамыту.
  3. Т?рбиелік: Е?бек адамдарын сыйлай, нанды ?астерлей білуге т?рбиелеу.
  4. Саба?ты? т?рі: ?айталау.

Саба?ты? ?діс – т?сілі: с?ра?- жауап т?сіндіру
Саба?ты? к?рнекілігі:  дастархан, нан суреттері, п?наралы? байланыс

Саба?ты? барысы:
І.
?йымдастыру кезе?і.

-амандасу

-психологиялы? дайынды?              (1 минут)

?й ж?мысын тексеру                                                  4 минут
(нан туралы ?ле?дер)

Нан анасы бидаймын,,
Елге асты? сыйлаймын.
Д?нім толып піскенде,
?ауызыма сыймаймын.

М??алім: ??рметті ?стаздар, о?ушылар! ?ткен саба?та біз «Нан дастархан?а ?алай келеді?» атты ?орша?ан орта п?ні бойынша ашы? саба? ?кізіп отырмыз отырмыз.

І. ?ызы?ушылы?ты ояту.

Кел балалар, к?лейік

К?лкіменен т?лейік!

К?лкі к??іл ашады,

К?лкі ?мір с?рейік!

?й ж?мысын тексеру                                                  4 минут
(нан туралы ?ле?дер)

II. На?тылай т?су ж?не жа??ырту кезе?і.                       15 минут

?ткен саба? еске т?сіріліп,?айталанылады.

1. Ма?алды жал?астыру.

1.?оныс к?ркі – там,
Дастархан к?ркі –. (нан)
2.Дастарханында наны жо?ты?
Тама?ыны?. жо?.(д?мі)
3.Нан болса,. болады.(?н)
4.Тістесем нанны? ?адірін,
Тары??анда.(білесі?)

5. Д?нді шашпа

Нанды.  (баспа)

6.Нан тама?ты? атасы

 Ынтыма? к?пті? (батасы)

III.Карточкалы? тапсырмалар.

а) Асты? немен жиналады?

?) Нан кайда пісіріледі?

Б) Бидайды немен орады?

В) Нан туралы кандай ?ле? жолдарын білесі??

Д) Нан атасы не??) Нанды кайдан аламыз?

Ж) Нан неден жасалады?

З) «Нан д?кенінде» ?андай нан т?рлері сатылады?

е)  ?андай ?аза?ты? ?лтты? нан ?німдерін білесі?дер?

IY.Сергіту с?ті.

Орнымыздан т?райы?,

?арыл?аш боп ?шайы?

Бір отырып, бір т?рып,

Біз тыны?ып алайы?

Ж?мба?тар:

1.?ызарды, к?ргін барып,

Б?ріні? ?арыны жары?.   (бидай)

2.??р?а? жерде ?нбеген,

Суда т?рып ш?лдеген.     (к?ріш)

3.?сті тас, аты тас.

Ортасында піскен ас        (таба нан)

4.?ырт – мырт.

Бірісін шайнап

Бірісін ж?т.                         (тары)

5. жаз жайлайды,

?ыс ?ыстайды.

Т?я?ымен су ішеді,

М?йізімен ?озылайды        (бидай)

6. ?ос та?ия бол?ан – ай

Ортасында тол?ан ай.      (нан)

7. Тысы - ?амыс

Іші -к?міс                ( бидай)

8. ал?ыр – мал?ыр,

Су ішінде

Сары таба? ?ал?ыр     (бауырса?)

Y.Тыйым с?здер.

2.Нанды т??керіп ?ою?а болмайды.
3.Нанды ая? астына тастама.
4. Д?кенге бар?анда нанны? сапасын ?олы?ызбен аны?тама?ыз. Б?л тазалы??а да, м?дениеттілікке де жатпайды.
5.Нанды ла?тыру?а болмайды.

YI. ?орытынды   (3 минут)

«Нан дастархан?а ?алай келеді» пікір алмасу.

 ?й ж?мысы: Сурет салу (нан туралы)                               1 минут

Ба?алау:                                                                                   1минут

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Нан-дастархан?а ?алай келеді?»

Күні: 20.02.2014 жыл

Пән: Қоршаған ортамен танысу

Сынып: дайындық тобы

Сабақтың тақырыбы: Нан – дастарханға қалай келеді?
Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Нанды қастерлеуге, ас атасы –нан екендігін, нанның адам өміріндегі ең маңызды ас екендігін, оның оңай жолмен келмейтіндігін айтып ұғындыру. Нанның қалай дастарханға келетінін айтып оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру.

  2. Дамытушылық: Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру,ой өрісін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Еңбек адамдарын сыйлай, нанды қастерлей білуге тәрбиелеу.

  4. Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ- жауап түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: дастархан, нан суреттері, пәнаралық байланыс

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

-амандасу

-психологиялық дайындық (1 минут)

Үй жұмысын тексеру 4 минут
(нан туралы өлеңдер)

Нан анасы бидаймын,,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде,
Қауызыма сыймаймын.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Өткен сабақта біз «Нан дастарханға қалай келеді?» атты қоршаған орта пәні бойынша ашық сабақ өкізіп отырмыз отырмыз.

І. Қызығушылықты ояту.

Кел балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күлкі өмір сүрейік!

Үй жұмысын тексеру 4 минут
(нан туралы өлеңдер)


II. Нақтылай түсу және жаңғырту кезеңі. 15 минут

Өткен сабақ еске түсіріліп,қайталанылады.


1. Мақалды жалғастыру.

1.Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – ... (нан)
2.Дастарханында наны жоқтың
Тамағының .... жоқ.(дәмі)
3.Нан болса, ... болады.(ән)
4.Тістесем нанның қадірін,
Тарыққанда ...(білесің)

5. Дәнді шашпа

Нанды ... (баспа)

6.Нан тамақтың атасы

Ынтымақ көптің (батасы)


III.Карточкалық тапсырмалар.

а) Астық немен жиналады?

ә) Нан кайда пісіріледі?

Б) Бидайды немен орады?

В) Нан туралы кандай өлең жолдарын білесің?

Д) Нан атасы не?Ғ) Нанды кайдан аламыз?

Ж) Нан неден жасалады?

З) «Нан дүкенінде» қандай нан түрлері сатылады?

е) қандай қазақтың ұлттық нан өнімдерін білесіңдер?


IY.Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қарылғаш боп ұшайық

Бір отырып, бір тұрып,

Біз тынығып алайық

Жұмбақтар:

1.қызарды, көргін барып,

Бәрінің қарыны жарық. (бидай)


2.құрғақ жерде өнбеген,

Суда тұрып шөлдеген. (күріш)


3.үсті тас, аты тас.

Ортасында піскен ас (таба нан)


4.қырт – мырт.

Бірісін шайнап

Бірісін жұт. (тары)


5. жаз жайлайды,

Қыс қыстайды.

Тұяғымен су ішеді,

Мүйізімен қозылайды (бидай)

6. қос тақия болған – ай

Ортасында толған ай. (нан)

7. Тысы - қамыс

Іші -күміс ( бидай)

8. алқыр – малқыр,

Су ішінде

Сары табақ қалқыр (бауырсақ)


Y.Тыйым сөздер.


2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ астына тастама.
4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
5.Нанды лақтыруға болмайды.



YI. Қорытынды (3 минут)

«Нан дастарханға қалай келеді» пікір алмасу.


Үй жұмысы: Сурет салу (нан туралы) 1 минут


Бағалау: 1минут





























Тыйым сөздері.


1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.


2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.


3.Нанды аяқ астына тастама.


4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.


5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.


















































Нан туралы тақпақтар
1-оқушы: Нан –ардақты адал ас,
Кәрі-жас одан аттамас.
Нандай жоқ қой асыл дән,
Жеп үйреген жасыңнан.
Дастарханнан нан кетсе,
Береке кетер асыңнан.













2-оқушы: Ей, балалар, балалар,
Болмаңдар, сірә, нанға тар.
Өмірдің алтын арқауы,
Бар қасиет нанда бар.

3-оқушы: Даланың арынан,
Даланың таңынан,
Даланың жанынан өседі,
Нан – жемісі ол кешегі.

Нан-өмір,
Жеміспен алып келген кешегі.
Нанға пірім деп,
Жырым деп табынам.

4-оқушы: Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан - өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

5-оқушы: Еліміздің құдіретін асырып тұрған
Менің де,
Сенің де,
Оның да мерейін үстем қып тұрған
Ол - Нан!






































Хормен:
Нанды кім қорлайды,
Аштықтан сол сорлайды.

- Балалар, нан неден алынады?
- Бидайдан
- Бидай астық тұқымдасына жататынын білесіңдер ме? Ендеше сендерді астық тұқымдасына жататын дақылдармен таныстырайын.

Сахналық көрініс:
Бидай: Нан анасы бидаймын,
Елге астық сыйлаймын.
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.

Арпа: Күміс мұртты арпамын,
Ырыс құтты арпамын.
Еңбек етіп баптаған
Еліме сый тартамын.

Тары: Ақ, қарамын, сарымын,
Мен өнімді тарымын.
Халқым еңбек сіңірсе,
Қайтарамын қарымын.

Сұлы: Мен сұлымын, ұланның
Тұлпарына ұнадым.
Баптаған әр диқанға
Басымды иіп тұрамын.

Күріш: Күнді сүйген күрішпін.
Күллі жұртқа ырыспын.
Алсын деп ел мол өнім
Ала жаздай су іштім.
Көрініс: «Қайдан келдің, бауырсақ?»
- Балалар, бауырсақтың қайдан, қалай келгеніне тоқталайық. Қырманнан, диірменнен, наубайханадан, дүкеннен дастарханға келген. Нан – дастарханның көркі. Олай болса, мына суретке назар аударайық. Ауылда той дастарханының сәні – бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді.
- Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.
- Ерте көктем келісімен адамдар трактормен жер жыртып, дән себеді. Оны күтіп, баптайды. Тыңайтқыштар сеуіп, арам шөптерін жұлып, зиянкестерге қарсы дәрі сеуіп жаз бойы егін басында жүреді.

- Егін піскен кезде адамдар оны комбайнмен жинауға кіріседі. Күн демей, түн демей егін алқабында егін жинаумен болады. Жиналған егінді машинаға құйып, диірменге апарады.Диірменде бидайдан ұн тартады. Ұнның үш сорты болады. Ұнды қапқа салып, вагондарға тиеп, қалалар мен ауылдарға жөнелтеді. Қапқа салынған ұн наубайханаларға апарылады. Наубайханада ұнның әр сортынан нан түрлері пісіріледі. Наубайханада ұннан қамыр илеп, қамырдан нанның формасын жасап, пешке салып пісіреді. Наубайханадан дүкендерге жіберіледі. Дүкеннен адамдар сатып алып, дастарханға қояды.

Міне, нанның дастарханға келуі үшін қаншама адамның маңдай тері сіңеді.Тек қана қазіргі заманда ғана емес ел басына қатер төнген ауыр да қасіретті күндерде де адамдар егін басында ерінбей, жан аямай еңбек еткен. Өндірген өнімдерін Ұлы Отан соғысына жіберіп отырған. Соғысқа қатысқан аталарымызға ас-суды соғыс кезінде елде қалған әйел-аналар күні-түні жұмыс істеп жіберіп отырған.Соғыс кезінде елде қалған ер азаматтар мен әйелдер жан аямай еңбек еткен. Сондай азаматтардың бірі – Ыбырай Жақаев. Ол – күріш атасы деген атпен танымал.

Сонымен бірге Шығанақ Берсиев ата тары егуден рекорд жасаған. Соғысқа көп-көп қап астық жіберіп отырған. Соғыс аяқталғанмен ел жағдайы бірден жақсарып кете қойған жоқ. Егін басында ер азаматтармен қатар әйелдерде еңбек етті. Атағы бүкіл елге тараған Кәмшат Дөненбаева сынды апаларымыз да бар. Ол - қазіргі кезде немере тәрбиелеп отырған ардақты әже.

- Біздің елімізде көптеген облыстарда бидай егіліп жиналуда. Атап айтқанда Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Орал облыстарында бидай егіліп, өндіріледі. Біздің еліміз өте бай. Осы байлығымызды Қазақстан Республикасының рәміздерінің бірі Елтаңбада көрсеткен.
- Дастархан көркі нанменен,
Тойдың сәні әнменен - демекші ендігі кезекте нан туралы мақал-мәтел айтайық.
1.Қоныс көркі – там,
Дастархан көркі – ... (нан)
2.Дастарханында наны жоқтың
Тамағының .... жоқ.(дәмі)
3.Нан болса, ... болады.(ән)
4.Тістем нанның қадірін,
Тарыққанда ...(білесің)
5.Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса ... (баспаңдар)

Тыйым сөздер
1.Нанды бір қолмен үзуге болмайды.
2.Нанды төңкеріп қоюға болмайды.
3.Нанды аяқ астына тастама.
4. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.
5.Нанды сатып алғанда таза дорбаға салыңыз.

Ұлағатты сөздер
1.Дүниеде байлықтың түрі көп. Солардың ішіндегі ең негізгісі–осы нан байлығы. (Ғабиден Мұстафин)

2. “Егер менен әлемдегі ең асыл не?”дей қалса, бөгелместен “Нан” деп жауап берер едім. Себебі, нан әлемнің жарығы күннен нұр алады, адамға күннің нұрын құяды.Оның өмірін күндей жарқыратады. (Ыбырай Жақаев)

Сөзжұмбақ шешу.
1. Астық неден алынады?
2. Механизатор әйелді ата.
3. Нан қайда пісіріледі?
4. Ұнның сорты
5. Бидайдан ұн жасайтын жер.
6. Тары атасы кім?
7. Бидайды немен орады?
8. Күріш атасы атанған адам.

Қорытынды.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар! –дей келе бүгінгі «Нан – дастархан байлығы» атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.















































 Мақсаты: 1. Нанды қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек  еткендігін түсіндіру.  3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, нан түрлері, ұннан жасалған тағамдар.

Сабақтың барысы:

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздер «нан – дастархан байлығы» атты тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

І. Қызығушылықты ояту.

Нан дастарханға қалай келеді?

Оқушылардың пікірін тыңдау

ІІ. Мағынаны тану

Нан туралы ақыл – кеңестер.

  1. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.

  2. Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.

Бүгін біз класты 3 топқа бөлдік.

Ендеше, әр топ өз атын, ұранымен таныстырып өтсін.

І топ «Алтын дән»

Ұраны: «Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»

ІІ топ «Береке»

«Ас жүрген жер — береке»

ІІІ топ «Дастархан»

«Дастархан дәмі — киелі»

І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым — тыйымдар»

І топ

1. Ас жүрген жер – береке.

2. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.

3. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.

4.Ас үстінен аттама

Астан үлкен емессің

5. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.

ІІ топ

  1. Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды

  2. Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды

  3. Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.

  4. Ертеңгі асты тастама

Кешкі асқа қарама.

  1. Балаға ми жеуге болмайды.

Ми жемейді жас бала,

Миды ұсын басқаға,

Былжыр болып өсеміз,

Ынжық болу масқара.

ІІІ топ.

  1. Нанды төңкеріп қоюға болмайды.

  2. Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді.

  3. Дастарханнан аттауға болмайды.

  4. Өле жегенше,

Ағайынмен бөле же.

  1. ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.

ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер»

І топ.

1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтыхананың берекесі» деп қасиет тұтады.

2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.

3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану,  қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.

4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.

5. Той дастархан, той үлгі

Бай дастархан жайылды.

Атап –атап ас қойдық

Атаға деп бас қойдық.

6.Су құйдым да құманмен

Қолына мен әкемнің

Содан кейін оған мен

Орамалды әпердім.

ІІ топ.

  1. Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.

  2. Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады.

  3. Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.

  4. Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен  әрі құрметті адам асқа бата береді.

  5. Жамбас қойдық құдаға

Жал мен жая сыбаға

Қалақтай төс жездеге

Қазы қарта өзгеге.

  1. Уыз, қаймақ тағы бар

Уылдырық табылар

Табан , сазан, майшабақ

Табақ тарттық қайталап.

ІІІ топ.

  1. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді.

  2. күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады.

  3. Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы болуы керек.

  4. Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкөніс дастарханның сәні.

  5. Балаларға – тортымыз,

Барлық жұртқа құртымыз

Балмен піскен қауыршақ

Балдай тәтті бауырсақ.

  1. Қауын –қарбыз, көкөніс

Қанша жидек, көп жеміс.

Қане, тойда тойыңдар.

Кәдеден соң ойын бар .

ІІІ бөлім.

І топ.  Нан туралы тақпақ

ІІ топ Жұмбақ

ІІІ топ. Мақал – мәтел.

І топ.

1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.

2. Бір кезде болып нанға зар,

Қадірін білген адамдар.

Әулие тұтып нанды ұстап,

«Нан ұрсын» деп қарғанар

Нан ардақты адал ас

Кәрі – жас одан атталмас.

3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар

Нанды өмір деп санаңдар

Нан болмаса

Қызығың, бақытың

Құр әуре, далбаса.

4. Нандай жоқ қой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарқаннан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар

Болмаңдар сірә нанға зар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар.

ІІ топ.

  1. Алға жайып тұз дәмін

Келтіреді үй сәнін

Ол халқымның ақ жаны

Жақсы дәстүр маржаны

Кең пейілде арайлы

Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)

  1. Беттескен қос табақ

Ортасында бас табақ

Көзбен шоққа ораса,

Дәм піседі тамаша. Бұл не?  (тары)

  1. Келіге түйіп ақтадым не? (тары)

  2. Шеңберлі есігі бар,

Жүздеген тесігі бар

Ішіне кіргендердің

Ұсағы жол табады..

Ірісі тор қабады.   (Елеуіш)

 

 

ІІІ топ.

1. Қырман басы – береке

Көп жүрген жер – мереке.

2.Егін ексең – тыңға.

Шықтым дей бер шыңға.

  1. Қоныс көркі – там.

Дастархан көркі – нан.

  1. Нан – тамақтың атасы.

Ынтымақ – көптің батасы.

  1. Тістем наның қадірін

Тарыққанда білерсің.

VІ бөлім.  «Ас ішу тәртібі»

І топ.

1. Тарта жесең, тай қалар,

Қоя жесең, қой қалар,

Қоймай жесең не қалар.

Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.

2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.

ІІ топ.

  1. Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.

  2. Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек.

ІІІ топ.

  1. Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,

  2. Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады.

V бөлім. «Үй тарсырма»

«Нан – ардақты адал ас» тақырыбында салып келген суреттерін қорғау.

VІ. Ситуациялық сұрақтар, оны шешу жолын айтқызу

VІІ. Бата беру

І топ.

Ас болған жерде бата беріледі.  Ендеше батаға кезек береміз.

Амандық берсін басыңа

Қадір келсін қасыңа

Бар екем деп тасыма

Жоқ екем деп жасыма

Еңбек етсең ерінбей

Дәулет келер қасыңа.

Әумин!

VІІІ бөлім. Ас – адамның арқауы

І топ. Ұннан жасалған тағамдар

ІІ топ. Еттен жасалған тағамдар

ІІІ топ. Сүттен жасалған тағамдар

Ой қорыту:

Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , — демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.

Cабақтың тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді»
Сабақтың мақсаты: Балаларды айналадағы дүниемен таныстыру. Балаларға нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Сондықтан нанды қастерлеу, жерге тастамау керектігін білдіру.
Еңбек адамын құрметтеуге баулу.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, сурет арқылы баяндау, мәнерлеп оқу.
Сөздіктер: Диірменші, қырманшы, элеватор, наубайхана, наубайханашы, алтын астық, алтын дән, диқаншы
Көрнекіліктер: Фото - сурет, «Егін орағы», «Көктемгі егіс алқабы» «Нан өмір тірегі», «Тұқым себу»«Колхоз даласында», «Элеватор», «Наубайхана»

Сабақ барысы: 1. КІРІСПЕ БӨЛІМ. Әңгіме - сұрақтар
а) Бүгін аптаның қай күні, балалар?
- Жұма
ә) Жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі
б) Күзде қандай өзгерістер болады?
- Жапырақтар сарғайып жерге түседі, жеміс пен көкөністер піседі, жауын - шашын басталады, күн салқындайды
в) Нанды қайдан аламыз?
- Дүкеннен
«Дастархан» әні орындайтын Аманат пен Асылай
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы нанның бірнеше түрі бар екенін: ақ бөлке, қызыл күрең тоқаш та, сап - сары бауырсақ та, батон да бар екен. Ал осы нандарды неден пісіреді?
Балалар:- ұннан
Тәрбиеші:- Енді сол ұн қайдан шығады соны білесіңдер ме? Бүгінгі сабақта біз ұнның қайдан шығатынын, нанның дастарханға қалай келетіндігін білетін боламыз.
Айнұр: Нан анасы - бидаймын
Елге астық сыйлаймын
Дәнім толып піскенде
Қауызыма сыймаймын.
Медина: Күміс мұртты арпамын
Ырыс - құтты арпамын
Еңбек етіп, баптаған
Еліме сый тартамын.
Асылай: Ақ, қарамын, сарымын
Мен өнімді тарымын
Халқым еңбек сіңірсе
Қайтарамын қарымын
Мансур: Мен сұлумын ұланның
Тұлпарына ұнадым
Баптаған әр диқанға,
Басымды иіп тұрамын.

«Қамажай» биі – Мадина - Асылай - Назерке
Тәрбиеші: Мынау бидай масағы, мынау бидайдың ұзын сабағы, ал мынау мұртшалары. Егер мына бидайдың сыртындағы қауызын аршитын болсақ ішінен мынадай бидай шығады. Ол дәнді
ұнтақтаса ұн пайда болады. Балалар нан туралы қандай ырымдар білесіңдер.
Манас: Нанды шашуға, жерге тастауға, басуға, рәсуа етуге болмайды. Нан - дәм басы, онсыз өмір жоқ. Сондықтан да дастарханға алдымен нан қойылады. Жерде жатқан нан болса алып, адам баспайтын жерге қою керек.
Мадина: Таңертең нан ауыз тимей үйден шығуға болмайды.”Асығыспын нан ауыз тиейін», «Ең құрыса нан ауыз ти» - деген сөздер бекер айтылмаған.
Аманат: Нанды төңкеріп қоюға болмайды. Нан - қасиетті дәм, онымен ойнауға болмайды. Нанды бір қолымен сындыруға болмайды. Кемтар адам ғана нанды бір қолмен сындырады.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
а) фото - сурет «Көктемгі егіс алқабы»
Тәрбиеші: Бұл суретте не көріп тұрсыңдар. Жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Көктем мезгілі. Көктемгі егіс алқабы.
«Ақ бидай»әні орындайтын Мадина мен Жетіс

Тәрбиеші:- Балалар нанның қалай жасалатын жолын мына суретке қарап айтайықшы. Көктемде диқаншылар егін саласына сепкен тұқымы жаздай өсіп, масақ бастары дәнге толып күзде
сары алтындай жайқалған алқапқа айналады. Сол кезде егіс даласына комбайндар шығады. Комбайн егін орады, жинайды, бастырады. Бастырылған дән комбайнның жанына жүк машинасы келеді. Арнаулы тетік комбайн өңеші арқылы қауызынан аршылған дән машина қорабына құйылады. Машина астықты тиеп алып, қырманға әкетеді, қырманда астықты тазалап, кептіреді. Содан соң барып элеваторға жөнелтеді. Элеватордан астықты қажет кезінде диірменге жібереді, диірменшілер оны тазартып, ұн жасайды. Ұнды нан пісіру үшін наубайханаларға жібереді. Наубайханадан наубайханашылар нан пісіреді де, оны дүкендерге жібереді екен.

Жанетта: Көктемде егін егетін,
Күзде жинап беретін.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.
Жетіс: Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Шыңғыс: Астық - дала сәулетті
Астық - Отан дәулетті
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала«Айгөлек»биі - Мадина - Асылай - Медина
Балалар жаттығу жасайды:
- Жау, жау жаңбыр жау жаңбыр,
Егінге сән жауған нұр.
Тоқаш, бөлке көп болар
Тәттіге жұрт тоқ болар.

3. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ. Пысықтау
- Балалар біз есімізге түсірейікші ақ бауырсақ, тәтті тоқаш, батондар біздің дастарханға келу үшін қандай жолдардан өтеді екен?
- Балалар өз әңгімелерімен өз ойларын айтады.
- Сол үшін қаншама адам жұмыс істеп, тер төкті, қане есімізге түсіріп атап кетейікші
Тракторшылар, комбайншылар, шоферлер, қырманшылар, наубайшы, дүкеншілер
- Сондықтан қаншама адам күні - түні еңбек етіп, тер төккен қасиетті нанды біз қадірлеуіміз, қасиеттеуіміз керек.
Рустем: Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
Айша: Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар
Тәрбиеші: Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы ең бай, ең құдіретті ел.
Онда сан ұлт өмір сүреді. Соның бірі біздің қазақ халқы. Нан бейбітшілік бақытты өмірдің символы. Нан тіршіліктің, өмірдің алтын қызығы. Нан - береке, нан байлық. Бұл - бидай масақтары біздің мемлекеттік елтаңбамызда да бейнеленген.
«Қара жорға»- барлық балалар билейді.
Содан соң «Менің Қазақстаным» әні - хормен.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Дошкольное образование

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Нан-дастархан?а ?алай келеді?

Автор: Кенжебай Сайрагул

Дата: 30.03.2016

Номер свидетельства: 312346


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства